Байланысты: «Саясаттану» п ні бойынша д рістер жина ы
6. Қоғамның саяси жүйесі 1. Саяси жүйе ұғымы, мәні, құрылымы
2. Саяси жүйелердің қызметтері және типологиясы
3. Саяси тәртіп билікті жүзеге асыру әдісі ретінде
4. Саяси жүйе ұғымы, мәні, құрылымы.
Саяси жүйелер теориясы ХХ ғасырдың 50-60-шы жылдарында пайда болды. Осы теорияның негізін қалағандар болып американдық саясаттанушылаар Д. Истон мен Г. Алмонд табылады. Д. Истон. «Саяси жүйелер» (1953), «Саяси өмірді жүйелік талдау» (1965) еңбектерінде саяси жүйелер теориясының негізін қалады. Оның түсіндіруінше, саяси жүйе сырттан келетін әсерге жауап беретін, дамушы және өзін өзі реттеп отыратын ағзаға ұқсас. Бұл жүйе бір бүтінді түзетін көптеген бөлшектерден тұрады, оны қоршаған ортадан бөліп тұратын белгілі бір шекаралары болады. Г. Алмонд «Салыстырмалы саяси жүйелер» атты мақаласында (1956) саяси жүйе мемлекеттікпен қатар мемлекеттік емес саяси мінез-құлықтың алуан түрлілігін білдіреді, оларды талдау негізінде екі деңгей – институционалды және бағдарлаушы - бөлініп шығады. Институционалды қоғамның саяси институттарын зерттеуге, ал бағдарлаушы шынайы саяси құрылымды, саяси мәдениетті зерттеуге баса назар аударады. Қазіргі заманғы саясаттануда саяси жүйе ұғымы екі мәнге ие: а) саяси жүйе түрлі саяси феномендердің қасиеттерін анықтауға, сипаттауға көмектесетін теориялық, ойлау құралы ретінде түсіндіріледі. Осы тұрғыда бұл категория саясишынайылықтың өзін көрсетпейді, саясатты жүйелік талдау құралы болып табылады (партиялар, мемлекет, саяси мәдениет және т.б.); б) саяси жүйе — ол қоғамдағы биліктің қалыптасуы менқызмет етуінің шынайы күрделі механизмі. Бұл механизм мемлекеттен, партиялардан, саяси бірлестіктерден, БАҚ, электораттан және т.б. тұрады. Осылайша, қоғамның саяси жүйесі - ол нақты қоғамдағы саяси тәртіптің тарихи дәстүрлері мен ұстанымдарына, саяси, әлеуметтік, құқықтық, идеологиялық, мәдени нормалардың ережелеріне бағынатын, қоғамның саяси ұйымдарының қағидаларының, процестерінің, саяси институттардың, саяси рөлдердің, қатынастардың бүтін, ретке келтірілген жиынтығы. «Саяси ұйым» және «саяси жүйе» ұғымдарының арақатынасы туралы. Кейбір әдебиеттерде аталған ұғымдар синонимдер ретінде қарастырылады. Бірақ айырмашылықтары бар. Қоғамның саяси ұйымы дегеніміз саяси институттар мен саяси құқықтық нормалардың жиынтығы. Саяси ұйым жетекші, биліктік ұйымдастырушы құрылым ретінде түсіндіріледі. «Саяси жүйе» категориясы «саяси ұйым» ұғымынан кеңірек, себебі саяси жүйе саяси ұйыммен қатар өзіне саяси сана, мәдениет, коммуникация, саясатқа қатысу сияқты құрылымдық элементтерді қосады. Қоғамның жүйешелері (ішкі жүйелері). Саяси жүйе қоғамдық жүйе жиынтығының бір жүйешесі болып табылады. Ол басқа жүйешелермен, атап айтқанда әлеуметтік, мәдени, экономикалық, идеологиялық, этикалық, құқықтық жүйешелермен өзара әрекетте болады. Олар табиғи орта мен табиғи ресурстармен (демографиялық, кеңістіктік территориялық), сонымен бірге сыртқы саяси ортамен қатар оның қоғамдық ортасын, қоғамдық ресурстарын түзеді. Нақты қоғамның саяси жүйесін анықтайтын факторлар қандай? а) қоғамның кластық табиғаты, әлеуметтік қатар; б) басқару түрі (парламенттік, президенттік және т.б.); в) мемлекет түрі (монархия, республика); г) саяси тәртіп сипаты (тоталитарлық, демократиялық); д) саяси-идеологиялық және мәдени қатынастардың сипаты; е) саяси өмір барысының тарихи және ұлттық дәстүрі (саяси белсенді немесе белсенді емес халық). Саяси жүйе жалпы қоғамның жүйешелерінің бірі бола тұра, өзіне тән ерекшеліктерімен сипатталады: а) саяси жүйе басқа жүйелерден басым тұрады. Дәл соның көмегімен қоғамдағы саяси билік жүзеге асады. Ол қабылдаған шешімдер барлық жүйелер үшін міндетті. б) қоғамның әлеуметтік кластық құрылымы мен қоғамдық ортаның сипатынан бөліну; в) салыстырмалы түрдегі жеке даралығымен. Сонымен қатар белгілі бір дәрежеде оның шеңберіндегі қарым-қатынастар құқықтық және саяси нормалармен реттеліп, қадағаланып отырады. Саяси жүйе қоғамның саяси кеңістігінде өмір сүреді, ол территориялық (мемлекет шекарасы) және қоғамның саяси ұйымдарының түрлі деңгейлеріндегі саяси жүйенің құраушы бөліктері мен оның әрекет саласымен анықталатын функционалдық өлшемдерге ие. Саяси жүйе қоғамдық феномен ретінде уақыттағы белгілі бір өзгерістерге төзеді. Бұл процесс саяси қатынастар мен институттардың дамуы немесе деградациясы ретінде сипатталады. Саяси жүйенің тарихи эволюциясы бірқатар заңдылықтарға тәуелді: а) билікті концентрациялау және деконцентрациялау, орталықтандыру және орталықсыздандыру; б) осы тенденциялардың күресіне. Концентрация мен деконцентрацияның, орталықтандыру мен орталықсыздандыру арасындағы күрес формацияның орталықтандырудың дағдарысымен, орталықсыздандырумен және осы екі бастамалардың қарамақайшылықтарының жаңа тізбегімен ауысқан (антикалық империядан бастапқы феодалдық бөлінуге, феодалдық монархиядан буржуаздық мемлекетке, XIX ғасырдың соңындағы империализмнен XX ғасырдың алғашқы жартысындағы демократизация процесіне өту кезеңінде) кезеңдер аралығында аяқталады. в) жүйені және оның жүйешелерін күрделендірудің жалпы процесіне (партияның пайда болуы мен көбеюі, ассоциациялардың дамуы және т.б.); г) жүйенің қалыптасуына, оның заңды рәсімделуіне; д) демократиялық институттардың қалыптасуына, жалпыға бірдей сайлауға, өзін өзі басқаруға; е) билік пен халықтың қарым-қатынасының қайта ұйымдастырылуына (жоғарыдан төменге бұйрықтық, деспоттық және қақтығыстық қарымқатынастан келісімдік конституциялық және консенсустыққа көшу); ж) басқару аппаратының, мәжбүрлеу органдарының артуына. Саяси жүйенің деңгейлері. Қоғамның саяси жүйесі саяси қатынастар мен биліктің үш деңгейінің жүйешелерінен құралады: екі институционалдық — жоғарғы (мегадеңгей), орта немесе аралық (мезадеңгей) және институционалдық емес-төменгі, бұқаралық (микродеңгей). Макродеңгейде (институционалды, жоғарғы) саяси жүйеге мемлекеттік биліктің орталық аппараты кіреді. Осында макробиліктің көлеңкелі, жасырын саяси қүрылымдары мен қызметтері орналасқан: жоғарғы органдардың (мемлекеттік, партиялық) легальді (заңды) жасырын әрекеттері, құпия құжаттар, бұйрықтар, өкімдер; түрлі ресми көшбасшылардың жарияланбайтын қызметтері мен рөлдері. Орта құрылым (мезадеңгей) өзінің құрылымы бойынша ұқсас келеді. Ол басқару аппаратымен, перифериядағы сайлау органдарымен және тағайындалатын билікпен түзіледі. Саяси жүйенің мезадеңгейі мемлекеттік биліктің жоғарғы эшелондары мен қоғам арасындағы саяси кеңістікте орналасқан. Бұған аймақтық және жергілікті әкімшілік, ірі кәсіпорындар, экономика көшбасшылары және т.б. жатады. Мезадеңгей саяси жүйе мен қоғам арасындағы байланыстырушы звено ретінде қызмет атқаратындықтан, олардың қарымқатынастарын ұйымдастыратындықтан, биліктің мемлекеттік орталықтарынан қоғамға дүмпу беретіндіктен, басты рөлді атқарады. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, дәл осы кезеңде басқарудың неғұрлым ықпалды бюрократиялық аппараттары мен ең бұқаралық қатар (көлеңкелі) құрылымдар қалыптасады. Осы саяси кеңістікте аппараттар мен олардың көшбасшыларының қақтығыстары, рушылдық, жершілдік, қандық туыстық байланыстар, құқыққа қарсы белсенділік пен ресми тұлғалар мен биліктегі жемқорлық ерекше таралған. Осы деңгейде саяси сипаттағы заңсыз құрылымдар қалыптасады: қатар экономика, қара базар, қылмыстық әлемді ұйымдастыру, мафиялар мен мафиялық корпорациялар. Саяси жүйенің микродеңгейі - саяси өмірдегі қоғамға азаматтардың, кластардың, қабаттардың, қоғамдық топтардың бұқаралық қатысуы. Бұл деңгейде халықтық қозғалыстар қалыптасады, саяси топтар мен партиялар туындайды, қоғамдық пікір қалыптасады, қоғамның саяси жүйесінің құраушы бөлігі ретінде қоғамның саяси мәдениеті құралады. Бірқатар ғалымдар саяси жүйенің құрылымын келесі жүйешелердің жиынтығы ретінде түсіндіреді: саяси қатысудың институционалдық, нормативті реттеу, коммуникативті, идеологиялық, саяси-мәдени жүйешелері. Бұл позиция жоғарыдағы көзқарасқа қарама қайшы келмейді, саяси жүйенің құрылымын функционалдық тәсілдің призмасы арқылы түсіндіреді. Функционалдық тәсіл. Саяси жүйенің құрылымы мыналардан тұрады: а) барлық саяси жүйенің қаңқасын, материалдық негізін, оның биліктік басқару құрылымын түзетін саяси институттардан; б) қоғамдағы саяси қатынастарды реттейтін саяси нормалардан; в) саяси жүйенің элементтерінің арасындағы тік және көлденең байланыстардың негізі болатын саяси қатынастардан; г) саяси жүйенің қалған бөліктерін жасау мен өндіру процесін орталықтандыратын саяси санаға; д) жүйенің дамуындағы құндылықты басымдықтарды анықтайтын және жүзеге асыратын саяси мәдениеттен; е) сәйкес ақпаратты тарататын саяси коммуникациядан; ж) саяси жүйені қолдау немесе оппозицияның белгілі бір дәрежесін көрсететін саясатқа қатысу; Саяси нормалардың рөлі. Формальді нормативті жүйелердің ішінде жетекші орынды мемлекеттің нормативті жүйесі-құқық иеленеді. Құқық саяси партиялар мен басқа да саяси ұйымдар, кәсіби одақтар, жастар ұйымдары және т.б. жасаған саяси нормативтік жүйемен бірге қызметін жүзеге асырады. Бұл жерде ерекше рөлді басқарушы партиялардың саяси нормативтік жүйелері атқарады. Себебі оларға нормативті актілер формасында қабылданған мемлекеттік органдардың шешімдері сүйенеді. Саяси нормалар жоғарыда аталған ұйымдардың жарғыларында, олардың бағдарламаларында, декларацияларында және т.б. көрінеді. Демократиялық мемлекеттерде саяси нормативтік жүйе заң шығарушы биліктің жоғарғы органдарының депутаттарының мінезқұлықтарының негізінде жататындықтан, конституциялық нормаларға қажетті толықтырулар ретінде көрінеді. Саяси жүйені құрылымдық құраушыларын зерттеудегі барлық келтірілген тәсілдер негізінде мынадай қорытындыға келеміз: қоғамның саяси жүйесі - ол бүтін, күрделі, ықтимал және ашық жүйе. Саяси жүйелердің қызметтері және типологиясы. Саяси жүйенің міндеттері: а) әлеуметтік қызығушылықтар мен үстемдік ететін институттардың өзара әрекетін орталықтандыру; б) қоғам мүшелерінің қызығушылықтарын тасымалдау және оларды қоғамдастық қызығушылықтарымен келістіру; в) саяси жетекшілік; г) қоғамның бүтіндігін сақтау үшін қоғамның саяси күштерін біріктіру; д) қоғамда қабылданған және басым идеалдарға бағытталған саяси қатынастардың белсенді қатысушыларының әлеуметтік базаларын кеңейту; Саяси жүйенің басты қызметтері: а) қоғамның даму бағдарламасын, мақсатын анықтау; б) алға қойған мақсаттарға жету үшін ресурстарды мобилизациялау; в) ортақ мақсаттар мен құндылықтарды насихаттау арқылы қоғамның барлық элементтерін біріктіру; г) индивидтерді саяси әлеуметтендіру; қоғамның барлық мүшелерін қатысуға тарту; д) олардың қызығушылықтарын артикуляциялау; е) нормаларды (заңдарды) дайындау; оларды орындау мен сақтауды қадағалау; Саяси жүйелердің жіктелуі. Түріне қарай қоғам дәстүрлі, модернизацияланған және тоталитарлық болып бөлінеді (Р. Арон, У. Ростоу және т.б.). Ортамен өзара әрекеті бойынша - ашық және жабық болып бөлінеді. Саяси мәдениеті бойынша және оның билікті ұйымдастыру формаларында көрінуіне орай - ағылшын-американдық, континенталдыевропалық, индустрияға дейінгі және жартылай индустриалды, тоталитарлық болып бөлінеді (Г. Алмонд). Саяси тәртіп бойынша - тоталитарлық, авторитарлық, демократиялық (тәжірибеде бірде бір тәртіп таза күйінде болмайды). Саяси жүйенің демократиялық түрі мыналармен сипатталады: а) саяси әрекетке қатысушылардың әлеуметтік базаларын кеңейтумен, олардың құқығы мен еркін қамтамасыз етумен, жоғарғы өмір сүру деңгейімен, орта кластың басым рөлімен; б) саяси бәсекелестікпен, саясатқа қатысудың жарыстық түрімен және басқарудың көп партиялық түрімен, билікті жүзеге асыруда биліктің институттарының және көптеген адамдардың қатысуымен; в) халық еркін парламент арқылы білдірумен, заң шығару органдарының сайлануымен және олардың төмен жақтан жоғарыға дейін есеп беруімен; г) азшылықтың құқығы мен қызығушылықтарын сыйлай отырып, саяси шешімдерді көпшіліктің қабылдауымен; д) дамыған азаматтық қоғаммен, бұқаралық қоғамдық бірлестіктер мен одақтардың құрылуымен; е) демократиялық саяси мәдениетімен, пікірлердің, көзқарастардың алуан түрлілігімен, ашықтығымен. Саяси жүйенің тоталитарлы («totalis» - лат. «толық, барлық, бүтін») түрі былайша сипатталады: а) бір көшбасшының немесе адамдардың шағын тобының (хунта) қолында биліктің гиперорталықтануы; б) билік басында бір ғана көшбасшысы болатын, қатаң тәртібі бар бірпартиялы негіздегі билік құрылымының механизмі; в) барлық саяси институттар мен билік құрылымының басқарушы партия мен оның көшбасшысына міндетті бағынуы; г) барлық қоғамдық өмірді (экономика, мэдениет, білім, медицина және т.б.) бір орталықтан тотальді бақылау, реттеу, плюрализмнің, оппозицияның барлық түрлерін жою, азаматтардың жеке өміріне қол сүғу; д) қоғамға бір ғана ресми идеологияны мойындату, басқаша ойлауды жаншу, тотальді саяси бақылау, бұқаралық ақпарат құралдарындағы цензура; е) әлеуметтік-саяси демагогия; Саяси жүйенің авторитарлық түрі: а) саяси шешімдерді қабылдаудың бірегей орталығында саяси биліктің толықтығының концентрациясы; б) орындаушы биліктің құзырының неғұрлым кеңеюі; в) үкіметтік емес партиялар мен қозғалыстардың шектелген саяси қатысуы; г) билікті бақылаусыз қолдану және халықтың барлық қабатының мінезқұлқын бақылау; д) номенклатуралық қағиданы тарату, яғни жоғарғы билік еркі бойынша барлық деңгейдегі басқарушы, жетекші мамандарды орналастыру және ауыстыру. Жалпы алып қарастырғанда, саяси жүйенің авторитарлық түрінде атрибут ретінде биліктің орталықтануы, оппозициялық партиялар мен ұйымдардың ісәрекетін шектеу, азаматтардың құқығы мен еркін шектеу болады.
№