Саясаттану пәнінен дәрістердің тезистері



бет15/16
Дата08.01.2023
өлшемі0,53 Mb.
#165131
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Саясаттану д рістері



Автоматтық сараптау теория сы

Ақпарат теориясы

Кибернетика

Экономика

Политика



Басқару мен өнерді сөз етіп отырғанымыздың мәнісі кез келеген қоғамдағы, мемлекеттегі, мемлекеттік бірлестіктер мен бүкіл әлемдегі саяси үрдістер басқаруды қажет етеді, басқару болғанда да өнермен басқаруды қажет етеді. Ал бұл үшін жоғарыдағы кестеде көрсетілгендей ондаған ғылымдардың сан – алуан теориялық және әдістемелік тәсілдерінің кешенін меңгеру қажет болады.
Саяси үрдіс дегеніміз саясаттың сан-алуан субъектілерінің саяси билікті жаулап алу мен ұстап тұру және де жүзеге асыру барысындағы өзара қарым-қатынастары мен өзара әрекеттерінің жиынтығы болып табылады. Ғылыми әдебиетте саяси үрдіс төмендегі ұстанымдардың бірлігі тұрғысынан қаралады:

  • Саяси үрдіс – қоғамның саяси жүйесінің уақыт пен кеңістіктегі қызметі мен дамуының формасы;

  • Саяси үрдіс – қоғамдық үрдістің құрамдас бір бөлігі болып табылады;

  • Саяси үрдіс - белгілі бір көлемдегі нақты бір мақсатты көздеген үрдісті білдіреді (белгілі бір партияны құру, сайлауды өткізу т.б.).

Саяси үрдіс саяси өмірдің қызметтік (функционалдық) сипаты болып та көрінеді. Үйткені саясаттың субъектілері қоғамның саяси өмірінде белгілі бір қызметті атқарып, осы қызметтің арқасында қоғамның саяси жүйесіндегі сан алуан элементтердің күйреуіне яки олардың көктеп, көркейуіне әсер етіп, олардың бір деңгейден екінші деңгейге өткізіп отырады. Яғни саяси үрдіс, саяси жүйенің әлеуметтік динамикасының мәнін ашып, оның кеңістік пен уақыт шеңберіндегі өзгермелігін айқындап отырады. Осы ұстаным тұрғысынан қарағанымызда саяси үрдіс саясаттың институтандырылған және институттандырылмаған субъектілерінің билік аясындағы өздерінің айрықша қызметтерін атқаруының жиынтығы болып табылады. Саяси үрдістің мазмұны сан алуандылығымен ерекшеленеді. Соның ішінде қарапайым идеяларды ұсыну мен бірге қоғамдық пікірді қалыптастырудың күрделі іс-әрекеттері де бар. Саяси үрдіс өз аясына қоғамның қарапайым мүшелерінің іс-әрекеттері мен бір қатарда саяси элитаны да тартып олардың іс-әрекеттерін қалыптасқан биліктік қатынастарды қолдауға яки оны күйретуге жұмсауы да мүмкін. Кез келген саяси үрдіс түптеп келгенде, қоғамның белгілі бір табының немесе тобының, тіпті бүкіл қоғамның мүддесін қолдайтын саяси шешімнің немесе қаулының қабылдануына келіп тіреледі. Бұл арада әңгіме түрлі пікірлерді бейресми тіркеу жайында емес, бәлкім билік көздерінің баршаны қанағаттандыратын идеяларды сұрыптап, азаматтық қоғамның түрлі топтарының қолдауына ие болып, олардың іс-әрекеттерін үйлестіруі туралы болуда. Бұл күрделі мәселені шешуде жетекші роль биліктің мемлекеттік институттарына жүктеліп, олардан шешімді қабылдау мен жүзеге асырудың басты тетіктерін (механизмдерін) қалыптастыру талап етіледі. Мұның жарқын мысалы ретінде демократиялық елдердегі саяси үрдістердің “жоғарыда” қалыптастырылып және бағытталып отыратындығы бола алады. Бұқараның саяси белсенділігінің шырқау шегі мемлекеттік биліктің заң шығарушы және атқарушы органдарына сайлау науқандары барысында тіпкеретіндігі де дәлел бола алады.
Саяси үрдістің құрылымын үрдістің субъектісі (нақты билік яки билік тапсырылған тұлға); саяси үрдіс барысында қол жетілуге тиіс яки құрылуы қажет объекті; құралдар, әдістер, ресурстар, үрдісті орындаушылар, субекъті мен объектіні байланыстыратын мақсат құрайды.Ресурстар ретінде материалдық және идеялық негіздер: техника, қаржы, бұқара халық, ғылым, білім және т.б. саналады.
Кез – келген қоғам, кез келген жүйе кемшіліктен кенде емес, кемшілік бар жерде, наразылық бар, ал наразылық бар жерде қоғамдық катаклизмалардың орын алуы табиғи жәйт болып табылады. Бұл катаклизмаларды саясаттанушы ғалымдар саяси дау – жанжалдар деп атайды.
Саяси дау-жанжал деп – екі немесе одан да көп, өзара күштері тең топтардың өздерінің мүдделерін жарыққа шығару барысындағы бір-біріне қарама-қайшы әрекет етуін айтамыз. “Саяси дау-жанжал” түсінігін көптеген ғылымдар зертейді. Бұл ғылымдардың ішінде айрықша орынды “Конфликтология” ғылымы алады. Ол саяси дау-жанжалдардың пайда болуының алғы шартарын, оның алдын алудың жолдарын, дамуының бағдарлары мен болашақта тығырыққа тіреліп, қоғамның жіктелуіне , сондай-ақ қан-төгістерді болдырмаудың мүмкіндіктерін зерттеп қарастырады. Конфликтологияның ең бір маңызды міндеттерінің бірі ғана емес бірегейі дау-жанжалдарды болжау мен олардың алдын алудың іс-шараларын қарастыру болып табылады. Қазіргі заманғы әлеуметтік және саяси конфликтология ғылымы дау-жанжалдардың алдын алу және қоғамдығы саяси қарым-қатынастарды жетілдіре түсуді ұсыну арқылы қоғамның демократиялануы концепциясын толықтыруға үлес қосып келеді. Дау-жанжалдар тек қана қоғамды күйретуші фактор ретінде қарастырылып қана қоймай кейде оның қоғамның кей салаларындығы ескішілдікті жоюға, дамудың жаңа парадигмаларын өнгізуге әсер ететін жасампаздылығы да ғылымда мойындалып отырады. Бұл теория тап теориясының жаңа жетілдірілген бір түрі болып, қоғамның әлеуметтік – саяси, экономикалық, идеологиялық және т.б. тұрақтылығын қамтамасыз етудің тетіктерін қалыптастыруды талап етеді.
Саяси кеңістекте орын алған саяси дау –жанжалдарды қарастырғанда олардың пайда болуы мен дамуының алғы шарттарын, қозғаушы күштерін, әрекет етуші топтардың мүдделерін, ол мүдделердің өзара қайшылықтары мен ұштасу мүмкіншіліктерін қарастырып барып қана оларды реттеуге кіріседі. Бұл заңдылықтар орындалмаған жағдайды оқиғаның өріс алуы басқа арнаға ауысып, үлкен зардаптарға әкеліп соғу мүмкін екендігі де жоқ емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет