10
Сақтардың әлеуметтік құрылысының осындай деңгейге көтерілуіне екі
себеп әсерін тигізді: біріншіден, мүлік теңсіздігінің пайда болуы қоғамның
әлеуметтік жіктелуін күшейтсе, екіншіден, тайпалардың арасындағы
қақтығыстар, соғыстар жиіленді. Бірнеше тайпалар бірігіп, жауынгерлер
қауымына айналды. Ел басқаруға қабілетті басшылар қажет болды. Енді
көсемдер жауынгерлердің арасынан таңдалып алынатын болды. Әртүрлі
сайыстардағы ең мерген жауынгер өзгелерге билік жүргізуге құқық алды. Бірақ
тек ғана мергендік патша болу үшін жеткілікті болған жоқ, оған басқа да
қабілеттілік қажет болды. Мінеки, сондықтан да Есік қорғанына жерленген
адам («Алтын адам») әрі жауынгер (бұған қару
-
жарақ, оның ішінде алтын садақ
куә), әрі абыз (басына кигізілген ерекше шошақ бөркі), әрі мал иесі (қабір ішіне
бақташының ұзын өрме қамшысы қойылған) болып есептеледі.
Сонымен, бүкіл тайпа мүшелері сайлаған тайпа көсемі
–
бас қолбасшы
болды. Сақ тайпаларында патшалар сайланатын, яғни, билікті мұра ретінде
алған жоқ. Бірақ олар жауынгерлердің арасынан ғана сайланатын еді. Осы
себептен бұл кезең
Достарыңызбен бөлісу: