Саясаттану



Pdf көрінісі
бет4/128
Дата27.09.2023
өлшемі15,5 Mb.
#182715
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   128
Байланысты:
otemisov karabala saisat

Көне заманда
саяси ілімдердің қалыптасуы жалпы адамзат тарихының 
алғашқы діни
-
мифологиялық түрінен рационалдық
-
логикалық деңгейімен 
ұштасады.
1
Осы о
қу құралына теориялық негіз болған ойшылдар мен ғалымдар туралы мәліметтер кітаптың 
соңында алфавит бойынша берілген.


6
Көне египеттіктердің, қытайлықтардың, үнділердің, вавилондықтардың, 
еврейлердің, парсылардың, гректердің және римдіктердің әлеуметтік
-
саяси 
алғашқы түсініктері діни сипатқа көше бастады. Бұнда орын алып отырған 
билік пен тәртіп құдайдан туындайды деген түсінік басым болды. Сөйтіп, біздің 
заманға дейінгі І мыңжылдықта мифологиялық идеологияда өзгеше бетбұрыс 
басталды. Бұл 
діни 
кезеңнің басталуы болды. Мысалы, буддизм діні бақытқа 
сегіз тарапты жол апарады, атап айтқанда: шынайы сезім, дұрыс шешім, дұрыс 
сөз, дұрыс іс, дұрыс өмір, дұрыс күш жұмсау, дұрыс ой, дұрыс зейін қою деп 
есептеді (Чаттопадхай Х.Индийский атеизм. М., 1973). Осы жолдар арқылы 
жалпыға бірдей азаптан арылып, жан рахатына жетуге болады деген ойлар 
орнықты. 
Біздің заманымызға дейінгі дәуірдің өзінде
-
ақ Қытайда, Парсыда, 
Грекияда саяси білімдердің дамуындағы мифологиялық
-
діни көзқарас 
ғылыми
көзқараспен ұштаса бастады. Мысалы, ежелгі Қытайдың саяси ойларында 
рационалдық тенденцияның көрінісі ретінде легистерді атауға болады (б.з.д. 
УІІ
-
ІУ ғғ.). Олар өндіріс пен сауданың бірқатар салаларында мемлекеттік
монополияны негіздеу қажеттігін айтты. Легизм өкілдері қоғам өмірі мен жеке 
адам 
тіршілігінің 
барлық 
жақтарын 
реттеуге 
мүмкіндік 
беретін 
орталықтандырылған қатаң, авторитарлық мемлекет құру қажет деп санады. 
Ежелгі Парсыда ақсүйек Мегабиз және патша Дарий қоғамдағы 
еркіндіктің артықшылықтарын көрсетіп, барлық билік бір қолға шоғырланған 
монархияны сынайды. 
Ежелгі Грекиядағы кең көлемдегі саяси
-
құқықтық түсініктердің 
қалыптасуы Перикл, Пифагор, Гераклит, Демокрит және софистердің 
есімдерімен байланысты. Құқық, саясат, мемлекет туралы ілімдер Сократтың, 
Платонның, Ксенофонттың еңбектерінен айқын көрінеді. 
Орта ғасырларда басқа аймақтарда, әсіресе Еуропада саяси білімдердің 
дамуы біраз қиындықтар кешті. Еуропада бұл кезеңнің саяси тұжырымдары 
діни сипатта болды. Бұның басты себебі:христиан шіркеуі билік үшін кұресте 
үстемдік көрсетіп, зорлық
-
зомбылық жасап, халықты діни соғыстарға 
ұшыратты. Ғылым христиан, кейін католик дінінің қызметшісіне айналып 
қарқынды дами алмады. Қоғамның осындай саяси жүйесін насихаттаушылар 
Ұлы Василий, Иоан Златоуст, Григорий Нисский,Ориген христиандық 
әлеуметтік
-
саяси идеяларының «әкелері» және «ұстаздары» деп аталды. «Билік 
жүйесінен басқа барлық адамдар өмірдің бишаралары»деген көзқарас 
қалыптасты.
Орта ғасырдағы ойшылдардың ішінде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет