Саясаттану


Саяси жүйенің қызметін бақылау



Pdf көрінісі
бет81/128
Дата27.09.2023
өлшемі15,5 Mb.
#182715
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   128
Байланысты:
otemisov karabala saisat

Саяси жүйенің қызметін бақылау.
Саяси жүйенің іс
-
әрекетін бақылау 
екі жолмен жүргізіледі. Біріншісінде, мемлекеттік мекемелер, қоғамдық 
ұйымдар мен қозғалыстардың белгілі бір құрылымдары арқылы жүзеге асады. 
Бұған мемлекет аппаратына қарасты тексеру, қадағалау, ресми баспасөз 
органдары жатады. Бұл саяси жүйедегі бақылау органдарының қызмет 
бабындағы атқаратын міндетті жұмысы, яғни өзін
-
өзі бақылауы. Екіншісінде, 
саяси жүйенің жұмысына бақылау жасауға қоғамдағы барлық азаматтардың 
қатысу мүмкіндігі жасалуы, бұны “төменнен бақылау” десе де болады. Бұл 
үшін қоғам демократиялық жолмен дамығанда ғана жағдай туады, 
тоталитарлық тәртіпте оған жол берілмейді. 
Қандай қоғамның болмасын саяси өмірі қайсыбір жеке адамдардың, 
топтардың, таптардың, бірлестіктердің тұтас әлеуметтік тілектеріне қарама
-
қайшы (келіспеушілік, көзқарастың бірдей болмауы, антагонистік қайшылық, 
пікірдің орын алуы) жағдайындағы өзара күресінен қалыптасатыны белгілі. 
Осындай келіспеушіліктерді уақытында ретке келтіріп, ақылға сиымды, 
көпшіліктің көңілінен шығатын шешімдер қабылдап, қоғамның тыныш, бейбіт 
өмір сүруіне жағдай жасау 
-
ең қажетті саяси процесс. 
Тоталитаризмнен демократияға өту жолы туралы теориясында екі түрлі 
саяси процесс бар, олар либерализм және демократияландыру. “Либерализм 
жеке адамдардың, қоғамдық институттардың құқықтарын кеңейтуге мүдделі. 
Демократияландыру 
-
өте күрделі процесс, ол мемлекетте қабылданатын 
шешімдерге барлық азаматтардың қатысу теңдігін бекітеді, сондықтан 
осындай шешімдерді қабылдау өкіметтің азаматтар алдындағы жауапкершілігін 


125
күшейтеді”. (Б.Рубл. (АҚШ) Совет одағындағы тыныш революция. Вестник 
МГУ. Серия 12, 1, 1992, 68
-
бет). 
Қазіргі уақыттағы саяси мақсат 
-
барлық әлеуметтік қозғалыстарды тұтас 
біріктіріп, қоғамдағы еркін әлеуметтік процестің негізгі идеяларын жүзеге 
асыру болып отыр. 
Қоғамдағы саяси процестің тұрақты әсері саяси қызмет пен саяси 
шешімдер деңгейімен тікелей байланысты болады. Саяси қызмет пен саяси 
шешімдер саясатты жүзеге асырудың басты шарттары, осылар арқылы ғана 
мемлекеттің, партиялардың, қоғамдық
-
саяси ұйымдардың, жеке адамдардың, 
әлеуметтік таптар мен топтардың, ұлттар мен халықтардың мүдделері мен 
мақсаттары, алдарына қойған міндеттері жүзеге асады. Қорыта келгенде, 
саясаттың жүзеге асуы және нәтижелі болуы саяси қызмет пен шешімдерге 
тікелей байланысты. 
Сондықтан саяси қызметтің және саяси шешімдердің мәнін, мазмұнын, 
сипатын, түрлерін, типтерін және жүзеге асу жолдарын жүйелі талдаудың 
маңызы өте үлкен. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет