Саясаттану



Pdf көрінісі
бет83/128
Дата27.09.2023
өлшемі15,5 Mb.
#182715
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   128
Байланысты:
otemisov karabala saisat

Саяси қызмет

саясатты жүзеге асыруға және жүргізуге қатысу; әлеуметтік топтардың, 
таптардың, бірліктердің, ұлттардың және т.б., ұйымдардың және жеке 
адамдардың белгілі бір саяси мүдделерді жүзеге асырудағы іс
-
әрекеті. Бұл іс
-
әрекет қоғам өмірінің барлық салаларына пәрменді ықпал етеді. 


129
3. Саяси шешімдер және олардың жүзеге асу жолдары
Саяси қызметке негіз болушы 
-
саяси шешім саяси қызметтің бағытын 
айқындайды. Шын мәнінде саяси қызмет шешімнен туындайды, сол арқылы 
қызметтің әртүрлі жолының бірі таңдалады. Саяси шешім арқылы саяси 
қызметтің мақсаты мен міндеттері, әдістері және түрлері белгіленеді. Саяси 
шешімдердің оң немесе теріс болуы саяси қызметтің нәтижесіне әсер етеді. 
Саяси шешім ресми нұсқау, бағдарлама, мәлімдемелер арқылы жүзеге 
асырылады. Мемлекет құжаттары, саяси партиялар, ұйымдар, жеке саяси 
басшылар, халықаралық бірлестіктер, қоғамдық ұйымдар арқылы жүргізіліп, 
олардың қызметі саяси сипат алады. 
Саяси шешімдердің сан алуан түрлері болады. Олардың негізгілері: 
нұсқау, саяси жарлық, бағдарлама.
Нұсқау 

жоғарғы мемлекеттік органдардың төменгі органдарға 
басшылыққа алуы үшін шешім ретінде берілетін тапсырма. Парламент, 
атқарушы билік, сот билігі және басқа да үкіметтің нұсқаулары төменгі 
органдар үшін орындалуы міндетті болып табылады. 
Саяси жарлық

саяси қызметтің мақсаттары мен бағыттарын айқындау. 
Айқын, нақтылы жарлықтарсыз дұрыс саяси шешім де шығарылмайды. Онсыз 
мемлекеттің, партиялардың және басшылардың дұрыс саяси қызметі де 
болмайды. Мысалы, кейбір мемлекеттердегі кіші бизнестегі қазіргі орын алып 
отырған қиындықтары 
-
жүйелі саяси бағыттың болмауымен байланысты, 
шешімдердің терең ой елегінен өткізілмей, үстірт қабылдануынан және 
олардың орындалуына дұрыс басшылықтың жүргізілмеуі салдарынан болып 
отыр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет