41
шектеу, мүліктік ценз кеңінен орын алды. Қазіргі кезеңде бұндай мемлекет
демократиялық мемлекеттің қатарына мүлде жатпайды.
Сондықтан демократия мәселелері барлық кезде саяси ғылымдардың
назарынан тыс қалған жоқ, Олар қазіргі кезеңде де демократияның даму
жолдарын, оның болашағын жан
–
жақты зерттеу үстінде.
Мысалы, демократияның қазіргі кезеңдегі негізгі принципі
–
көпшілік
қалауы. Бірақ кейбір ғалымдар бұл принципті көпшіліктің үстемдігі, тіпті
диктаты деген пікір білдіріп, азшылықтың да еркін, құқын ойластыру керектігі
жөнінде үлкен зерттеу жұмыстармен айналысуда.Сондықтан демократия
проблемаларының қазіргі мәселелері болашақта да дамып, жетіліп отыруына
толық сенім білдіруге болады.
Демократияның проблемалары да, кемшіліктері де көп, олар
демократияның даму барысында әлі де бола бермек. Бірақ солай бола тұрса да,
бұл саяси процесс адамзат дамуының бірден
-
бір қажетті жолы. Ағылшынның
көп жылдар премьер
-
министрі болған Уинстон Черчильдің айтқанындай:
«Демократияның көп кемшіліктері бар, бірақ оның ең құндылығы сонда
–
бұдан артықты бүгінге дейін ешкім ойлап тапқан жоқ»
Сонымен, қорыта келгенде, демократия алғашқыда түсінуге жеңіл,
қарапайым мәселе сияқты болып көрінеді. Бірақ оның даму жолы өте күрделі,
шытырман, себебі
–
демократия билікпен тікелей байланысты. Ал елдегі билік
–
ол әрбір адамның тағдырына әсер ететін құбылыс.Билік болған жерде,
өкінішке орай, талас та болады. Американың әйгілі саясаттанушысы Талкотт
Парсонстың айтқанындай: “экономикалық жүйеде ақша қандай орын алса,
саяси жүйеде билік те сондай орын алады”.
Халық осы билікті толығымен, шын мәнінде өз қолына алса, міне сонда
ғана демократия ең жоғарғы даму деңгейіне, шыңына жетті деп айтуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: