Саясаттану



Pdf көрінісі
бет30/128
Дата27.09.2023
өлшемі15,5 Mb.
#182715
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   128
Байланысты:
otemisov karabala saisat

олигархия.
Олигархия дегеніміз 
-
билік ең бай адамдардың шағын тобының қолында 
болатын мемлекеттік басқару түрі. Олигархия көбінесе қоғамның ауыспалы 
кезеңдерінде пайда болып, революциядан, әртүрлі соғыстардан кейін
мемлекеттегі саяси режимінің алмасуына байланысты шығады. Осы кезеңдерде 
қоғамдағы экономикалық қиыншылықтар күшейеді. Бұл жағдай билікке 
таласты шиеленістіреді, себебі билік әрбір адам үшін өз тұрмысын 
жақсартудың көзі болып есептеледі. Осы таласта жеңіске жетіп билікке 
келетіндер бай адамдар тобы (олигархтар) болады. 
Қоғамды олигархиядан тазарту жолы 

мемлекеттің экономикалық 
жағдайын жақсартып, кедейшілікті азайту. Олигархиядан құтылудың ең басты 
шарты 

орташа тапты қалыптастыру. Осы мәселе жөнінде Елбасы Н.Назарбаев 
былай деп ескерткен болатын: “Менің орташа тапты дамыту керек дей 


40
беретінім неліктен? Кез келген демократиялық қоғамда бай адамдардың үлес 
салмағы 10 пайыздай, орташа тап 
– 70-
80 пайыздай, кедейлер 
– 10-
15 пайыздай
болады. Орташа тап деп кімдерді айтамыз? Жалақысы отбасын асырауға
баспанасын ұстауға, балаларын оқытуға, көлік сатып алуға және ақша жинап 
қоюға жететіндей адамдарды айтамыз. Біз осындай қоғамға ұмтыламыз. Соған 
қол жеткізген кезде 80 пайыздық дәулетті орташа буын қоғамды оңды
-
солды 
бұлталақтатып қоя алмайды” (Н.Назарбаев: “Ең бастысы 

ел тыныштығы”. 
“Егемен Қазақстан”. 2002 жыл, 7 ақпан).
Демократияның даму жолындағы үшінші проблема 

партократия. 
Партократия
дегеніміз 

демократияға негізделмеген бір партияның билігі 
орнатылған мемлекеттік басқару түрі. Партократияның негізгі белгісі бір 
партия мемлекет билігіне қолы жеткеннен кейін басқа партиялардың билікке 
келуіне тыйым салады. Тіпті кейбір жағдайда қоғамда көппартиялылыққа 
тыйым салынады. Партократияның демократияға тигізетін зияндылығы 
-
қоғамда әртүрлі саяси қозғалыстарға, саяси бірлестіктерге, қоғамдық 
ұйымдардың билікке араласуына жол бермейді. Қоғам билікте тұрған тек бір 
партияның ғана бағдарламасымен өмір сүруге мәжбүр болады. Ол партияның 
бағдарламасы жүзеге аспаған жағдайда мемлекет тоқырауға ұшырайды. 
Партократия бұрынғы Кеңес Одағында, барлық социалистік елдерде орын 
алды. Қазіргі уақытта Солтүстік Кореяда, Заирде, Ливияда және т.б. елдерде 
сақталып келеді. 
Демократияның төртінші проблемасы 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет