65
Біріншіден, еліміздің 1995 жылғы Конституциясы Қазақстанда нарықтық
экономика мен жеке адамның бостандығын қамтамасыз етуге мүмкіндік
жасады. Осы Конституциядағы қойылған талаптарға сәйкес елдегі азаматтық
қоғам мен оның институттарын белгілі бір дәрежеде
дамытуға мемлекеттің
атқарған тиісті саяси, құқықтық және өзге де қызметтері үлкен жәрдем етті.
Қазақстанда мемлекеттік емес ұйымдардың дамуына да зор көңіл бөлінді.
Мысалы, 2001 жылы «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заң қабылданды.
2003 жылдың қазан айында еліміздің алғашқы Азаматтық форумы өтті, 2005
жылы «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» Заң қабылданды. 2006
жылдан бастап Үкіметтік емес Ұйымдары (ҮЕҰ) қызметін қолдау үшін
мемлекет тарапынан қаржы бөлінетін болды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 шілдедегі
Жарлығымен бекітілген Қазақстанда азаматтық қоғам дамытудың 2006
-2011
жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданды. Осыған орай, 2003
-2005
жылдары бірін
-
бірі жалғастыра отырып, қоғамды демократияландыру одан әрі
азаматтық қоғам орнату жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін Кеңес пен Қазақстан
Республикасы Президенті жанындағы Демократия мен азаматтық қоғам
мәселелері жөніндегі ұлттық комиссия қызмет атқарды.
Мемлекет тарапынан жағдай туғызылуы нәтижесінде Қазақстанда
азаматтық
қоғам институттары
-
саяси партиялар, мемлекеттік емес ұйымдар,
ұлттық
-
мәдени бірлестіктер, мемлекеттік емес БАҚ мейлінше тез дами бастады.
Қазақстанда азаматтық қоғамды дамытуға арналған заңдар,тұжырымдамалар
негізінде азаматтық қоғамның белгілері бүгінгі күннің өзінде қоғам өмірінің
әртүрлі салаларынан көрніс тапты. Мысалы, экономикадағы
-
меншіктің
әртүрлілігі, әлеуметтік саладағы
–
орта таптың қалыптасуы,
саяси саладағы
демократиялық институттардың дамуы, құқықтық саладағы
-
азаматтардың
бостандықтары мен құқықтарын қорғайтын жүйенің қалыптасуы, басқару
саласындағы
- «
үшінші сектор» деп аталатын үкіметтік емес ұйымдардың
орнығуы, идеология саласындағы
-
либералды құндылықтар, әлеуметтік
экономика мен толеранттық теориясының жасалуы. Сонымен, Қазақстанда
азаматтық қоғам қалыптастыруға зор мүмкіндік туып отыр.Мемлекет бірте
-
бірте білім беру, тұрғын үйлер,қалалық көлік және зейнет ақы төлеу
саласындағы ұйымдастыру мәселелерін азаматтардың өз қолына бере бастады.
Сайып келгенде, «азаматтық қоғам дегеніміз не?»
-
деген сұраққажауап
беретін болсақ
-
мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік
-
экономиялық және мәдени
-
рухани қоғамдық қатынастар жүйесі.
Азаматтық
қоғам демократиялық, саяси
-
мәдени, экономикалық деңгейі жоғары дамыған
кезде, ол құқықтық мемлектке айналады.
Достарыңызбен бөлісу: