90
Оның үстіне Кеңес үкіметі азаматтарды өз мемлекетінің саяси мәдениеті
шеңберінен шығармай қойды. Соның салдарынан кеңестік азаматтар
демократиялық ұстанымдардан, нарықтық экономикалық қарым
-
қатынастан
бейхабар болды. Нәтижесінде, мемлекеттің өзі дүниежүзілік саяси мәдениет
тәжірибесінен тыс қалып, тоқырауға ұшырап ақыры ыдырап кетті.
Әлемдік саяси мәдениеттің дамуы барысында қазіргі кезеңде екі деңгей
қалыптасқан. Бірінші деңгей
-
әрбір мемлекеттің өз саяси мәдениеті. Екінші
деңгей
–
саяси мәдениеттің халықаралық, дүниежүзілік өркениетті
мемлекеттерінде танылған құндылықтар. Олар: демократия, нарықтық
экономикалық қарым
-
қатынас, көппартиялық, либерализм, реформизм,
әлеуметтік қорғау жүйесі және тағы басқалары.
Достарыңызбен бөлісу: