Саясаттану



Pdf көрінісі
бет15/128
Дата27.09.2023
өлшемі15,5 Mb.
#182715
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   128
Байланысты:
otemisov karabala saisat

Абай Құнанбаевтың
(1845-
1904) басты философиялық, этикалық 
шығармасы «Қара сөздерінің» идеялық мазмұнын талдау арқылы ойшылдың 
саяси көзқарастарына айқын баға беруге болады. Ол қазақ қоғамындағы 
мәдени
-
әлеуметтік құндылықтарға, атап айтқанда, білімге, сенімге және 
адамгершілік қасиеттеріне айырықша көңіл бөлді. Осы құндылықтардың 
жоғары дамуы үшін қазақ халқы өзге елдердің ең жоғарғы, пайдалы 
құндылықтарын үйреніп, қабылдауы қерек деп есептеді. Бұл мақсатқа жету 
күшті биліктің көмегінсіз жүзеге аспайды, себебі тұрақты саяси билік ғана 
халықтың өзіндік санасын көтеріп бірлікке, татулыққа бастай алады.
Абай билік иелерінің өктемшіл, әміршіл психологиясы мен билікқұмар 
білімсіз, ақылсыз байлар тобын өз өлендерінде:
«Бас
-
басына би болған өңкей қиқым,
Мінеки, бұзған жоқ па елдің сиқын».
-
деп қатты сынға алады.


19
Абайдың ойынша, қазақ қоғамында күшті билік қалыптастырудың 
өзіндік кедергілері мен қиындықтарды бар, олар: қазақ халқының еркіндігінің, 
тәуелсіздігінің болмауы; қазақтың салт дәстүріне сәйкес қалыптасқан 
мемлекеттік басқарудың жойылуы. Ойшыл қазақтың кемеңгер хандары Қасым, 
Есім және Тәуке қалаған ата
-
баба заңдарының құндылығына, өзіндік 
артықшылығына жоғары баға береді. Абайдың ойынша, қазақ халқы үшін жаңа 
әлеуметтік жағдайларды ескере отырып дәстүрлі билер сотын сақтап қалу 
қажет. 
Ол үшін қорғаушылар институтын қалыптастыру 

билердің әділ, таза 
сайлау арқылы сайлануы немесе халық ішіндегі әділ, беделді азаматтардың 
тағайындалуы тиісті. 
Абай творчествосында басқа да көптеген ерекше саяси, әлеуметтік 
ойлар кездеседі, олар: адам дүниетанымы, тұлғаның әлеуметтенуі, өз халқының 
ерекше қасиеттері және т. б. мәселелер.
Ойшыл тұлғаның әлеуметтік мәнін анықтайтын негізгі екі қасиетті 
көрсетеді: адамның ақыл
-
ойы және еңбек қызметі. Осы екі қасиет адамның 
басқа тіршілік иелерінен өзгешілігін, артықшылығын айқындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет