Саясаттың субъектісі



бет4/4
Дата04.02.2022
өлшемі474,44 Kb.
#130704
1   2   3   4
Байланысты:
570975.pptx

Саясат объектісі
Саясат объектісі көп түрлі саясат дүниесі болып табылады, бұған мемлекетті, саяси институттарды, билік нысандарын және олардың қоғамдық жүйедегі рөлін зерттеуді жатқызуға болады, бүл оның саяси қозғалыстардың, партиялардың, сайлау жүйелерінің маңызы мен рөлін талдау, сайлаушылардың саяси мінез-құлқының әртүрлі нысандарын және олардың мотивациясын, бұқаралық ақпарат құралдарының рөлін және олардың қоғамдық пікір қалыптастыруға тигізетін әсерін зертте
Тұлға саяси субъект те, объект те бола алады. Адамдардың өз бойында мұндай қасиеттерді орнықтыруы үшін қоғамның құрылымында да қажетті өзгерістер жүзеге асуы тиіс. Адамның өзін еркін сезінуі, бостандығы тікелей заң жүзінде бекітілген құқығымен қорғалады. Адамның бостандыққа деген құқы іс жүзінде адамның жеке меншік құқымен өлшенеді. Адамның өмір сүруін қамтамасыз ететін жеке меншігі болмайынша, өзін емін-еркін сезіне алмайды. Қазір бізде меншікке деген көзқарастың өзгеруі, меншіктің түрлі формаларының өмір сүруіне еркіндік алуы азаматтық қоғамды қалыптастыруға қолайлы алғышарттар жасауда.
Саясат субъектісі ретінде мемлекет (сыртқы саясат шеңберінде, сондай-ақ әлеуметтік өмірдің қандай да болмасын түбірлі бағдарламаларын шешуде және іске асыруда); өздерінің жеке және аймақтық мүдделерін қорғайтын мемлекеттің құрамдас бөліктері; мемлекеттік биліктің құрамы мен саясатын өзгерту мақсатында оған ықпал ететін саяси партиялар және бірінші кезекке қандай да болмасын өзекті, өмірлік маңызды мәселені қойып, билікке бұқаралық қысым жасауды ұйымдастыратын қоғамдық-саяси қозғалыстар да көрінеді. Соңдықтан да саясат — көп түрлі субъектілер әлемі.
Саясаттың осындай ерекшеліктерін ескере отырып, М. Вебер былай деп жазады: "...саясат ұғымы кең мағыналы және дербес басшылық әрекеттердің барлық түрлерін қамтиды". Бұл фразадағы "...дербес басшылық әрекеттердің барлық түрлерін қамтиды" деген соңғы сөйлемге аса назар аударар болсақ, М. Вебердің пікірі бойынша саясаттың мәні дербес басшылық, дербес басқару дегенге саяды. Осы "дербестік" саясат субъектісіне тән ерекшелік, себебі субъект өз саясатын өзі жасақтайды және оны жүзеге асыру мақсатында басшылық жасайды.
Саяси идея — шоғырланған (концентрацияланған) саяси ой. Ол, сонымен қатар практикада базалық саяси элемент ретінде іске асуыменде мәнді. Идея ұғымнан жоғары, өйткені идеяда ұғым нақтылықпен бірлікте көрініс табады деп Гегель жайдан-жай айтпаса керек. Міне, осы саяси нақтылықпен байланыс саяси идеяны саяси тәжірибенің шығармашылық элементі ететіндіктен саяси ойды саясаттың шығармашылық элементі деп есептеуге болады.
Саяси идеяның саясат субъектілерінің өте кажетті мүдделерімен байланысы, сондай-ақ осы процесте идеяларды саяси іске асыру және реттеу процесі саяси идеяға күш, өміршеңдік, динамика береді.
Саяси идеяларды жүйелі түрде жасақтау саяси практиканың концептуалды негізін анықтауға мүмкіндік беретін, стратегиялық мақсатын анықтайтын, стратегияның тактикасын түйістіретін, бағындыратын саяси теориялар есебінен жүргізіледі. Саяси идеялар, теориялар, концепциялар саясат субъектілері ретіндегі адамдар санасын жандандырады және жеткілікті деңгейде олардың саяси жүріс-тұрысқа ықпал етуші саяси көзқарастарының мәнді компоненттері ретінде көрінеді. К. Маркс айтқандай: "...теория бұқараны билеп ала салысымен-ақ, материалдық күшке айналады".

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет