Саяси биліктің мазмұны мемлекеттік биліктен де кеңірек


Саяси билік ерекшеліктері



бет3/3
Дата04.01.2022
өлшемі19,47 Kb.
#108998
1   2   3
Байланысты:
саяси билік

Саяси билік ерекшеліктері:

1. Ол адамдардың үлкен тобының мүддесін қорғайды, ол топтың қоғам экономикасындағы рөлі басым болады, әр қоғам сол топ мүддесі тұрғысынан басқарылады;

2.Қоғамдағы басшылық көбінесе сол топ өкілдерінің қатысуымен мемлекет арқылы қоғамдық-саяси жетекшілер арқылы жүргізіледі;

3. Арнайы басқару ісімен шұғылданатын ерекше маман топтардың болуы;

4.Жариялылығы, жаппай болуы.

Мемлекеттік билік ерекшеліктері:

1. Ол белгілі бір аумақта ерекше аппарат арқылы жүргізіледі;

2. Мемлекеттік билік өзінің арнайы күштеу аппаратына сүйенеді

3. Мемлекетік билік монополиялық сипат алады.

Саяси биліктің субьектісі халық. Ал халықтың атынан билікті қолдаушылар ол қолына билік беріліп арнайы құрылған органдар ұйымдар мекемелер. Саяси билік субьектілер өз билігін жаңағы билікті қолдаушылар арқылы жүргізеді.

Саяси және мемлекеттік биліктің ара қатынасы билікті бөлу ұсынымына сәйкес болуы қажет. Әсіресе мемлекеттік биліктің легитимді болуына бірінші кепілдеме - шын мәніндегі халық қолдайтын конституция. Мысалы, бұрынғы кеңестік кезеңде мемлекеттік билік саяси биліктің қалыптасуына тыйым салып, саяси жүйенің барлық құрылымын мемлекеттендірудің негізі болды. Саяси ұйымдар мен саяси партиялардың өздігінше дамуына жол берілмеді. Билік түгелдей бір орталыққа топтастырылды, әлеуметтік бастамалар көтеру, шешімдер қабылдау, халықтың шынайы еркін білдіретін қозғалыстар қудаланды және бәрі де қатал орталықтандырылды. Бұл жетпіс жыл бойы қуатты мемлекеттердің бірі болған Кеңес Одағының тоқырауға ұшырауының негізгі себебі болды.

Биліктің басқа түрлерімен салыстырғанда саяси биліктің мынадай ерекшеліктері бар оның өктемдік сипаты, оның бүкіл қоғамның атынан билік жүргізуі, басқарумен кәсіби айналысатын адамдардың мүддесін қорғауы, басқа мекемелерге қарағанда билік органдарының тәуелсіздігі, қоғам өмірінің жұмыс тәртібін белгілеуде жеке-дара құқығы, мемлекет шеңберінде ашық күш қолдана алуы, т.с.с. Саяси билік бар жерде тенсіздік бар. Мұнла біреулер билеуге құқықты да, екіншілері оларға бағынуға міндетті. Бұл теңсіздік неден туады? Саяси биліктің қарамағында теңсіздікті қамтамасыз ететін әдіс-құралдары бар.

Мемлекеттік басқару қашан болмасын саяси басқару болып келеді. Атқарушы биліктің функциялары:

1) Егемендікті жүзеге асыру функциялары: а) мемлекеттің сыртқы жағдайдағы егемендігі мен тұтастығын қорғау; б) ішкі қарым-қатынасты сақтау, тәртіпті, ішкі тұтастықты сақтау; в) мемлекеттік –саяси жүйенің қызметін ұйымдастыру – сайлау науқаны, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар және басқалары.



2) Экономикалық функциялары. Қазіргі уақытта бір де бір мемлекет елдің экономикасын мемлекет тарапынан реттеуге қарсы емес. Мұнда туатын проблеманың ең бастысы саясаттың экономикаға ықпал ету шегі мен оның берер нәтижелері. Экономикалық заңдылықтарды ескермей кету қатері бар. Сондықтан мемлекеттік билік экономиканың дамуына өте тиімді ыпал жасауы қажет. Социалистік мемлекеттердің тәжірибесі көрсеткендей саяси басшылық экономикалық басшылықты ауыстырмауы керек. Мемлекеттің функциясын бақылап отыру, дағдарысты жағдайларға жол бермеу. Экономикамен айналысқан мемлекеттік билік тұтыну, қажеттілік өндірісінің қуаты мен ақиқатты көлемін бақылап отыруы қажет. Саясаттанушы Д.Кейнстің идеясы бойынша нарықтық экономикадағы елдерде жұмыс қолы түгел қамтылуы керек, тұтынушылардың тұтыну қабілеті өндіріс құралдарын өндіруге сәйкес дамуы тиіс. Ол үшін мемлекет салық, бюджет, инвестициялық және несие саясатын қолдануы қажет. АҚШ сияқты елдерде экономиканы реттеу сауда, мемлекеттік кәсіпорындар, транспорт, ғылыми-техникалық жұмыстар арқылы жүргізіледі.

Биліктің халық тобырының қолына өтуі қоғам мен мемлекеттің дамуының аласапыран, өтпелі кезеңінде мүмкін болады, яғни дәстүрлі биліктің нағыз дағдарысы кезінле қоғамның мұндай жағдайы барлық кезде тиянақсыз болады, елдің халқының басым көпшілігінің тез арада-ақ наразылығын қоздырады. Және ол басқарудың, не демократиялық немесе авторитарлық түріне ұласып кетеді. Мұндай жағдай тарихта көп кездеседі. Плутократия – байлыққа кенелген алпауыттардың биілігі. Біріншіден, саяси құрылыстың биілігі қоғамның ең бай, ықпалды тобының қолында болуы. Екіншіден, билікті үстем таптың ең ауқатты тобының жүргізуі. Аристотель мемлекеттің аталған үш түрін де қолайсыз мемлекеттер деп атаған. Сонымен қатар қызмет жасауы (функционирование) жағынан субординациялық-әкімшілік және өкілділік-демократиялық болады, биліктің әрекет жасау сипаты жағынан: деспотиялық, диктаторлық, либералдық, бюрократиялық болып келеді, ал ұлттық-территориялық құрылымы жағынан: унитарлық, федералдық, конфедералдық болып та бөлінеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет