Саяси күштердің поляризациясы (қайшылықтар) үрдісі


Қарым-қатынастың жазбаша түрін жетілдіру үшін



бет51/95
Дата17.04.2023
өлшемі247,98 Kb.
#174672
түріҚұрамы
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   95
Байланысты:
фмфмфмфм

Қарым-қатынастың жазбаша түрін жетілдіру үшін жеке электронды хат, хабарлама, брошюра, эссе жазу ұсынылады.

Факультативті білім беру
Минималды жеткілікті А1 деңгейі жеке (факультативті) оқыту кестесіне сәйкес меңгеріледі.
А1 деңгейінде төмендегідей ТЛК жүзеге асады:
I. Қарым-қатынастың әлеуметтік-тұрмыстық саласы келесі тақырыптардан көрініс табады:
1. «Алғашқы қарым-қатынас»; «Амандасу», төмендегі тақырыпшаларда кеңінен қамтылады: «Танысу»; «Мамандық»; «Өмірбаян»; бұлар мынадай типтік жағдаяттарда жүзеге асырылады:

  1. Курс студенттерімен танысу:

Университеттегі бірінші күн. Студентке тіркеу карточкасын толтыру ұсынылады, онда жеке мәліметтер көрсетілу керек.

  1. Туған күн кешінде қонақтарды таныстыру.

  2. Университет кітапханасына тіркелу кезінде формуляр толтыру.

  3. Өз атынан түйіндеме жазу.


2. «Отбасы», келесі тақырыпшаларда кеңінен ашыла түседі: «Отбасы құрамы»; «Туысқандық байланыстар»; «Отбасының күнделікті өмірі»; «Ұрпақтар арасындағы отбасылық қатынастар»; «Айналысатын іс түрлері»; бұл тақырыпшалар келесі типтік жағдаяттарда жүзеге асырылады:

    1. Өз отбасыңыз туралы әңгімелеңіз; өзіңіздің серіктесіңізден оның отбасы, туысқандық байланысы және қарым-қатынастары туралы сұраңыз.

    2. Қонақты отбасы альбомымен таныстырыңыз. Отбасыңызда кім жұмыс істейді, кім оқиды немесе басқа қандай іспен айналысатынын айтып беріңіз. Отбасылық шежірені салып, онда не бейнеленгені туралы әңгімелеңіз.

    3. Белгілі тұлғаның (құрбыңыздың, көршіңіздің) отбасын сипаттаңыз.


3. «Үй, пәтер» келесі тақырыпшаларда кеңінен қамтылады:
«Тұрғылықты жері»; «Пәтерге жиһаз орналастыру»; «Қоныс той»;, келесі типтік жағдаяттарда жүзеге асырылады:

  1. Әріптесіңізге өзіңіздің үйіңіз, пәтеріңіз туралы айтып беріңіз.

  2. Серіктесіңізден оның қандай пәтерді жалға алғысы келетінін сұраңыз. Оған ұнаған пәтерді сипаттаңыз.

  3. Жаңа пәтерге қандай жиһаз және тұрмыстық техника сатып алу керек екендігі туралы досыңызбен ой бөлісіңіз.

  4. Жаңа пәтерге жаңа жиһаздар сатып алу/орналастыру туралы мәселені талқылау үшін дизайнерді шақырыңыз.

  5. Сіз қоныс тойын жасап жатырсыз және қонақтарға өзіңіздің жаңа пәтеріңізді көрсетіп жүрсіз. Олардан интерьерді өзгерту не өзгертпеу қажеттілігі туралы сұраңыз.

  6. Өзіңіздің досыңызға жазатын хатыңызда жаңа пәтеріңізді суреттеңіз. Неден бастаған жөн?

  7. Өзіңіз арамандаған болашақ үйіңіздің жоспарымен таныстырыңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет