Саяси жүйенің саяси санамен байланысты субъективтік жағын білдіру үшін «саяси мәдениет» ұғымы қолданылады.
Бұл ұғымды алғаш неміс ағартушысы, философ И.Гердер (1744-1803) қолданысқа енгізген. Саяси ғылымға оны нақтылы мазмұнда кірістірген америкалық саясаттанушы – Г.Алмонд.
Құрылымы
а) саяси жүйе туралы, оның рөлі, қызметі, саяси шешімдерді қабылдауға әсер ету мүмкіндіктері, айла-тәсілдері туралы білімдер – білімдік бағдарлар;
ә) саяси жүйе, оның құрылымы, қызметтері, қоғам өміріндегі рөлі және осыларды орындаушы саяси қызметкерлер жөніндегі сезімдер – сезімдік бағдарлар;
б) саяси жүйе, оның қызметтері, рөлі туралы құндылықтық мәні бар пікірлер, пайымдаулар мен түсінімдер – құндылықтық бағдарлар.
Саяси мәдениеттің қызметтері. Саяси мәдениет қоғам өмірінде мынадай қызметтер атқарады:
адамдардың қай әлеуметтік топқа жататынын түсінуге мүмкіндік беретін бірегейлендіру қызметі;
саяси құбылыстардың мән-мағынасын ұғындыратын бағдарлау қызметі;
саяси мінез-құлыққа дағдыландыру арқылы іске асатын бейімдеу және әлеуметтендіру қызметі;
әртүрлі топтардың құндылықтарды сақтауға және олардың төңірегінде бірігуіне бағытталған интегративтік қызметі;
саяси субъектілер мен институттардың белгілі бір таптаурындар (стереотиптер), әпсаналар мен рәміздер негізінде өзара әрекеттесуін іске асыратын коммуникативтік қызметі.
Саяси мәдениеттің типтері. Нақтылы қоғамда бағдардың қай түрі басымдық танытып отырғанына орай (мысалы, білімдік немесе сенімдік бағдар) саяси мәдениеттің үш типін ажыратуға болады: патриархалдық, бодандық және қатынасу мәдениеті.
Патриархалдық саяси мәдениет жергілікті құндылықтарға (мысалы, белгілі бір әулеттің, тайпаның, рудың, әлеуметтік таптың құндылықтарына) негізделіп, соған орай жалған патриотизмге, сыбайлас жемқорлыққа, жершілдікке, рушылдыққа жетелеуі ықтимал.

Бодандық саяси мәдениетке жататын адамдардың қоғамның саяси жүйесі туралы белгілі бір түсінігі болғанымен, олар саяси өмірге енжар ғана араласып, көбіне билікке, заңға мойынсынып өмір сүреді.
Қатынасу мәдениетіне саяси белсенділік тән, сондықтан оны басқаша азаматтық мәдениет деп те атайды. Азаматтар саясатқа белсенді араласып, саяси талаптар қою арқылы саяси жүйенің қызметіне заңды түрде әсер етіп отырады
Кейінгі жылдардағы зерттеулерде саяси мәдениеттің құрамдас бөлігі ретінде қоғамда қалыптасып отырған бұқара халықтың көңіл-күйіне байланысты жағдаяттарға (мысалы, өміріне қанағаттану сезімі, басқаларға сенуге деген ықтиярлық және т.б.) назар аударылуда. Мысалы, «өмірге қанағаттану не қанағаттанбау» сезімі азаматтардың саяси жүйеге деген қатынасына күшті әсер ететіні анықталған. Азаматтардың өз мүдделері бойынша әртүрлі топтарға, қауымдастықтарға бірігу мүмкіндіктері «басқаларға сену» сезімінің қаншалықты дәрежеде дамығанына байланысты. Ал қоғамда әртүрлі саяси-әлеуметтік топтардың, бірлестіктердің, қауымдастықтардың болуы демократияның орын тебуінің шарттарына жатады.

Қорытынды
Америкалық саясаттанушы ғалым Г.Алмондтың пікіріне жүгінсек: «саяси мәдениет осы бір берілген саяси жүйе қатысушыларының жекелеген ұстанымдары мен бағадарларының жиынтығы болып табылады. Бұл дегеніміз – саяси іс-қимылдардың негіздемесін құрайтын және соларға мән-мағына беретін субъективтік сала».