Ұлттық-демократиялық "Желтоқсан" партиясы. Жоғарыда айтылғандай, бұл қозғалыстың тууына түрткі болған 1986 жылғы желтоқсан окиғалары болды. Ұйымдасуы жағынан бұл қозғалыс І989 жылдың көктемінде қалыптасты. 1990 жылғы мамырда "Әділет", "Азамат", "Жерұйық", "Кәусар бұлақ", "Форум" сияқты қоғамдық ұйымдардың бастамасымен құрылтай съезі шақырылды. Сонда "Желтоқсан" қоғамдық комитетінің негізінде осы аттас партияның құрылғаны туралы декларация қабылданды.
Партияның бағдарламасында республиканың саяси және экономикалық егемендігі үшін, мемлекеттік тіл қазақ тілі болуын, 1986 жылғы Желтоксан окиғалары құрбандарын орынсыз тағылған кінәдан толық ақтау, оларға саяси құрбандар мәртебесін беру, Қазақстаннан тыс жерлерде тұратын отандықтармен тығыз байланыс ұйымдастыру, ислам дінінің қайта өркендеуі жолында күрес жүргізу көрсетілген.
Қазақстанның республикалық "Азат" партиясы. Ол өзінің тарихын 1990 жылғы шілдеде болған Қазақстанның азаматтық "Азат" қозғалысының қүрылтай конференциясынан бастайды. 1991 жылғы 4 қыркүйекте "Азат" қозғалысынын кұрылтай конференциясында парламент тұрпатындағы Қазақстанның республикалық "Азат" партиясының пайда болғаны туралы шешім қабылданды. Ол бағдарламасында Қазақстанның шын мәніндегі егемендігін қамтамасыз етуді, аумақтық тұтастығын сақтауды, елдің қоғамдық тұрмысын демократияландыруды, қазақ тілін, ұлттық дәстүрді дамытуды және т.б. мақсат етіп қояды.
Жалпы алғанда ұлттық-демократиялық "Желтоқсан" партиясы, Қазақстанның республикалық "Азат" партиясы, "Алаш" ұлт-бостандық партиялары ұлттық және ұлттық-демократиялық түрде қалыптасып, негізінен Кеңес Одағы кезінде қысымшылықты көп көрген қазақ халқына басымдықтар беріп, тілін, дінін, мәдениетін дамытуға жағдай жасауға үлкен мән берді. Ол кезде бұрынғы әдетке салып сепаратистік пиғылдағы ұйымдар бас көтеріп тұратын. Бұл партиялардың ондай іс-әрекеттеріне қаймықпай қарсы тұрып, тойтарыс беріп тұрғанын айтқан жөн.
Қазақстанның социал-демократиялық партиясы 1990 жылғы 26-27 мамырында құрылды. Бағдарламасында батыс елдеріндегі осы аттас партиялардай бостандық, ынтымақтастық, әділеттілік идеяларын ту етеді. Бұл партия тұрмыс сапасын жақсарту, саяси, экономикалық, әлеуметтік реформаларды жүзеге асыру және т.б. мақсаттарды көздейді.
Достарыңызбен бөлісу: |