Бірлестік қызметінің негізгі бағыттары: а) саяси ғылымның ұлттық бірлестіктерін дамыту және білім беруге қолдаушылық көрсету; ә) саяси ғылым саласындағы жетістіктер туралы ақпаратты таратуға көмек көрсету; б) саяси ғылымның халықаралық бірлестігінің дүниежүзілік конгресс жүмысын ұйымдастыру; в) СҒХБ (МАПН) мүшелері үшін саясаттануға арналған кітаптар, ғылыми журналдар мен ресми ақпараттарды басып шығару; г) саяси ғылымдағы бірлескен халықаралық зерттеулерді қамтамасыз ету.
2. Бүгінгі әлем: ғылым мен саясат 1991 жылдан бастап сыртқы саясат пен халықаралық қатынастар саласында көптеген шаралар іске асырылды. Қазақстан өзінің барлық көршілерімен, негізгі әріптес мемлекеттерімен байыпты және болжауға болатындай байсалды қарым-қатынастар орнатты. Сыртқы саясаттың негізгі діңгегі - көпвекторлық жол, яғни көп бағыттылық. Ол - еліміздің геосаяси жағынан орналасуына байланысты өмірдің өзі талап етіп отырған қалыпты жағдай. Өткен уақыт ішінде Қазақстан Республикасын дүние жүзінің 180-нен астам мемлекеті таныды. Қазақстан 120-дан астам елмен дипломатиялық қатынастар орнатты. Шет елдерде 40-тан астам дипломатиялық және консулдық өкілдіктер ашылды. Ал Алматы мен Астанада 50-ден астам шетелдік елшілік пен миссия, халықаралық және ұлтаралық ұйымдардың ондаған өкілдігі жұмыс істейді.
Бұл тұрғыда, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атқарған еңбегі ұшан-теңіз. Елбасымыздың көреген, сарабдал саясатын төрткүл дүние мойындап отыр. Соның бір мысалы, Сенат Маршалының айтуынша, Польша Н.Назарбаевтың тамыз айына елімізге жоспарлаған сапарына үлкен маңыз береді. Бұл туралы Польша Республикасы Сенатының Маршалы Станислав Карчевский ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуінен соң мәлім етті.
«Біз Қазақстанды осы өңірдегі экономикалық және саяси ынтымақтастық мәселелері және сауда мен инвестициялар үшін маңызды стратегиялық әріптес мемлекет ретінде санаймыз. Мен осы сапарымыздың екі елдің арасындағы ынтымақтастық пен өзара байланыстарға оң әсер ететініне сенімдімін. Сонымен қатар, біз Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ағымдағы жылдың тамыз айына жоспарланған елімізге сапарына үлкен маңыз береміз. Бұл Польша Президенті Анджей Дуда мырза мен барша поляктар күтіп отырған аса маңызды сапар болады деген сенімдеміз», - деді С.Карчевский.
Сонымен қатар, мейман Сенат Төрағасы Қ.Тоқаевпен кездесу барысында халықаралық қатынастар аясындағы Қазақстан-Польша ынтымақтастығына байланысты мәселелер қозғалғанын атап өтті. Айта кетерлігі, бұл сапар ҚР Парламенті Сенатының Төрағасының шақыруына орайластырылып отыр.
Елбасының айтуынша, 25 жыл ішінде Қазақстанға 255 млрд доллар көлемінде тікелей шетелдік инвестиция тартылған. Астана экономикалық форумының жалпы отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің 25 жылдағы жетістіктерін қорытындылады. «Біз ірі трансұлттық компаниялармен тиімді ынтымақтастық орната білдік. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанға 255 млрд доллар тікелей шетелдік инвестиция тартылған. Сондықтан, Қазақстанға сенген барлық компаняларға алғыс айтқым келеді», - деді Мемлекет басшысы. Бұл ретте, Елбасы шетелдік инвестиция - Қазақстан мен Қазақстандағы реформаларға деген үлкен сенімнің дәлелі екенін атап өтті.
3.Экстернализм Ғылым философиясы– философияның бір аймағы, пәндік тұрғыдан ғылыми білім жүйесін, ғылымның жалпы құрылысын, қызметтері мен даму заңдылықтарын зерттейді; когнитивтік қызметін қарастырады; ғылым әлеуметтік институт ретінде және қазіргі қоғамның инновациялық жүйесінің негізі ретінде қабылданады. Ғылым философиясының мақсаттары: философия мен ғылым арасындағы қатынастардың механизімін іздеу; әр-түрлі ғылымдар мен ғылыми теориялардың философиялық мәселелері мен философиялық негіздерін зерттеу; ғылым, мәдениет пен қоғамның өзара қарымқатынасын анықтау. Қазіргі ғылым философиясының негізгі салалары: ғылым онтологиясы, ғылым гносеологиясы, ғылым методологиясы мен логикасы, ғылым аксиологиясы, жалпы ғылым әлеуметтануы, ғылыми қызметтердің экономикалық және құқықтық реттеуінің жалпы сұрақтары, ғылыми-техникалық саясат пен ғылым меңгеруі.
Білім дегеніміз - материалдық және рухани құбылыстар туралы шынайы әрі нақты мәліметтер жиынтығы, олардың адам санасында дұрыс, объективті бейнелеуі.
Ғылыми білім рухани дүниенің құрамдас бөлігі есебінде қашанда жүйелілігімен, логикалық тұрғыдан ұйымдасқандығымен және теориялық сипатымен ерекшеленеді. Ғылыми білім ғылыми қиындықтар мен қайшылықтары мол ізденістің, шығармашылық іс-әрекеттің барысында туындап, жинақталып жүйеленеді. Әрі ол таным процесінің күрделі нәтижесі болып табылады.
Ғылым тарихы мен философиясығылыми білімнің тарихи дамуы, құрылымы мен өзгешелігі, ғылыми танымның жалпы заңдылығы мен ғылыми білімнің эволюциясы туралы сұрақтарды зерттейтің философия шеңберінде қалыптасқан өзгеше сала, пән.