Саяси ғылымның халықаралық бірлестігі - [[[international Political Science Association]], IPSA]- әлемнің көптеген елдерінің саясаттанушыларын біріктіруші ұйым. ЮНЕСКО шешімі бойынша 1949 ж. құрылған. БҰҰ-ның Экономикалық және әлеуметтік кеңесі мен ЮНЕСКО жанында кеңесші мәртебесін алған. Саяси ғы¬лымның халықаралық бірлестігі 40-тан аса саяси ғылымның үлттық бірлестіктерін, 100-ден аса жетекші университеттердің кафедраларын, бір мыңнан аса жеке мүшелерді, танымал саясаттанушыларды біріктіреді.
Саясаттанушылардың халықаралық ынтымақтастығын кеңейтуде, саяси зерттеулерді дамыту мен ұйымдастыруда маңызды рөл атқарады. Бірлестік штабы Париж қаласы Саяси ғылымдардың ¥лттық қорының жанында орналасқан.