Саяси реформа және ғылым Реформа



бет1/6
Дата07.02.2022
өлшемі25,21 Kb.
#90106
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Келгенбаева Дана 7-апта философия


  1. Саяси реформа және ғылым

Реформа (лат. reformate — қайта құру, жаңғырту) – өмір сүріп отырған әлеуметтік құрылымды сақтап, кейбір институттарды қайта құру, өзгерту.
Реформа — қоғамның басты негіздерін қайта құру немесе мемлекет жүйесінде қалыптасқан кейбір элементтерді жаңғырту. Олар әлеуметтік-саяси және экон. бағыттарды қамтиды. Әлеуметтік-саяси Реформа — өзара қарым-қатынастағы әлеуметтік-саяси құрылымды өзгерту арқылы жүргізіледі. Ол өзара іс-қимыл тиімділігін арттыру үшін қоғамның әлеум. және саяси жүйесін жетілдіру мақсатында іске асырылады, онда әлеум. өмірдегі объективті өзгерістер үдерісі қарастырылады, агенттіктердің мәртебелік жағдайы анықталады. Мысалы, әлеуметтік және этно топтардың, тұрақты және уақытша қауымдастықтардың, жеке адамдардың саясат жүйесіндегі қарым-қатынастары және мемлекттік биліктің қалыптасуы мен жұмыс істеу жағдайлары ескеріледі. Экономикалық Реформа — қоғамның экономика негіздерін қайта құру немесе жаңғырту арқылы жағдаятты қайта қарау, яғни тауарды немесе көрсетілетін қызметті сатып алу не сату мақсатында сатып алушылар мен сатушылар арасында тығыз қарым-қатынас пен байланыс орнығатын жаңа яки жетілдірілген кеңістік жүйесін қалыптастыруды көздейді. Ол мемлекеттік экономикалық саясат пен нарықты мемлекет, беймемлекет реттеу арқылы жүргізіледі. Әрине, әлеуметтік-саяси және экономикалық Реформалар реформаторсыз немесе реформалаушы көш бастаушыларсыз іске аспайды. Олар белгілі бір саяси топқа сүйеніп, солардың ортақ мүддесін көздейді. Көш бастаушының үш түрі болады, олар:

  • негіздеуші көсем (харизматик),

  • қорғаушы көш бастаушы

  • заң шығарушы реформатор.

Дүние жүзі таныған реформалаушы көш бастаушы ретінде Мұстафа Кемал Ататүрікті (Түркия), Дэн Сяопинді (Қытай), Ли Куан Юді (Сингапур), Махатхир Мұхамедті (Малайзия) айтуға болады. Осы қатардан Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тұлғасы да заңды түрде орын алады, ол тарихи өлшем бойынша өте қысқа мерзімде Қазақстанды сілкіністер арнасынан сенімді де тұрақты өсу жолына шығара алды. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік (1991) алғаннан кейін үлкен әлеуметтік-саяси реформалар жүргізді: президенттік институт орнықтырылып, заң шығарушы биліктің құрамына өзгерістер енгізілді, саяси партиялар мен саяси-экономикалық қауымдастық (кедендік одақ, Еуроазия экономикалық қауымдастығы) құрыла бастады, БҰҰ-мен және НАТО-мен ынтымақтастық орнатылды. Қазақстан халықар. қауымдастыққа демокр. сипаттағы бейбітшіл мемлекет ретінде танылды. Қазақстан орт-тандырылған экон. жүйеден нарықтық жүйеге ауысып, нарықтық инфрақұрылымдарды біртіндеп игеріп шықты. Заңдық негіз жалпы алғанда толық қалыптастырылды, салық, бюджет және әлеуметтік Реформа, ақша Реформасы, баға мен тариф Реформасы, зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін реформалау, білім беру Реформасы жүргізілді. Ел экономикасына халықаралық капиталды тартуға маңыз беріліп, инвестицияның келуіне қолайлы ахуал жасалды. Қазақстан мұнай мен қара және түсті металдардың әлемдік рыногына берік орнықты. Осындай факторлардың арқасында Қазақстанның экон. әлеуеті тұрақты экон. өсімге қол жеткізді. Жүргізілген Реформалардың нәтижесінде Қазақстан Республикасы келешекте инновациялық экономика секторларын дамытуға құлшыныс жасап, индустрия-инновациялық стратегияны жүзеге асыра бастады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет