Саз құралдары (пәннің атауы) Пәннің оқу-әдістемелік кешені


Курс бағдарламасы бойынша әдістемелік ұсыныстар



бет4/5
Дата05.11.2016
өлшемі0,94 Mb.
#647
1   2   3   4   5



7. Курс бағдарламасы бойынша әдістемелік ұсыныстар

Практикалық (семинарлық) және лабораториялық сабақтар бойынша методикалық ұсыныстар.

1 Практикалық сабақ



Тақырыбы: Аспапта ойнап үйрену

Мақсаты: Студенттердің аспапқа ойнау машықтарын қалыптастыру.

Негізгі сұрақтар: 1. Оң және сол қолға арналған жаттығулар.

2. Пернелерге дыбыстардың орналасу қатары


3. Атауы және белгіленуі


Әдістемелік ұсыныс:

Аспапта ойнау. Өткен дәріс сабақ тақырыбы бойынша практикалық сабақта аспапта ойнап көрсету және түсіндіру арқылы ұйымдастыру. Сабақта ең негізгісі домбыра аспабы және нота дәптері қолданылады. №1,2 әдебиеттер тізімі бойынша Гамма ойнау.

2 Практикалық сабақ

Тақырыбы: Нота ұзақтығы.

Мақсаты: Студенттерді нота әліппесімен таныстыра отырып, ноталық сауаттылығын арттыру.

Негізгі сұрақтар: 1. Нота ұзақтығының түрлері.

2.Халық әні.



Әдістемелік ұсыныс:

Аспапта ойнау. Нота ұзақтығы жазылған плакат пайдаланылады.

Нота ұзақтығының кестесі. «Елім-ай» халық әнін нота ұзақтығымен санау.

● – Бүтін –ең ұзақ нота - 1и, 2и, 3и, 4и.


○ -Жартылық – 1и, 2и

● - Төрттік (ширек)- 1и

♪ - Сегіздік 1 немесе и

ײַ Оналтылық екі дыбыс- 1 немесе и

3 Практикалық сабақ



Тақырыбы: Халық әні «Еркем-ай»

Мақсаты: Әнді талдауға және тыңдауға үйрету.

Негізгі сұрақтар: 1. Әніндегі динамикалық белгілер.

2. Ән екпіні.



Әдістемелік ұсыныс:

Презентация.Динамикалық белгілер түрлерін таныстырып өту. Динамикалық белгілер жазылған плакатпен жұмыс. Мысалдар беріледі.

Белгіленуі

Атауы

Мағынасы

P

Пиано

Дыбыс күшін жай шығару

PP

Пианиссимо

Дыбыс күшін өте ақырын шығару

F

Форте

Дыбыс күшін қатты шығару

FF

Фортиссимо

Дыбыс күшін өте қатты шығару

mf

Меццо-форте

Дыбыс күшін орташа-бәсеңдеу шығару


Екпіндер

Марш екпіні Вальс екпіні Шапшаң Баяу

_______________________________________________________________________2_____________________3_______________________________________________4_____________________4____________________________________________________________________________________________________________________

4 Практикалық сабақ



Тақырыбы: И.Нүсіпбаев «Қызыл жалау» әні

Мақсаты: И.Нүсіпбаев және оның әндерімен студенттерді таныстыру.

Негізгі сұрақтар: 1. Сазгер әні.

2. Әнге сипаттама.



Әдістемелік ұсыныс:

Пікірталас. А) Сазгер дегеніміз кім? Осы сұрақ төңірегінде ой қозғау.


Ән шығарушы Балалар композиторы

«Қызыл жалау» т.б. әндер авторы

Ә) Топпен жұмыс. Алдарына карточка таратылады. Онда түрлі әндер атаулары болады. Соның ішінен И.Нүсіпбаев әндерін табу.



Тапсырма үлгісі: «Құттықтаймын мама, туған күніңмен!», «Ортеке», «Бақытты балалық шақ», «Қызыл жалау», «Ойыншықтар», «Біз өмірдің гүліміз», «Мектеп полькасы», Көктем», «Ел қорғауға әзірміз «Домбырасыз сән қайда», «Төлдер», «Дос болайық бәріміз», «Кел билейік», «Мұғалім ол біздің», «Анадай асыл мектебім», «Жарқын жүзді ұстазым», «Шырша», «Әліппе», «Ақ әжем», «Каникулда»,«Ана», «Жау-жау жаңбыр».

5 Практикалық сабақ



Тақырыбы: Халық күйі «Келіншек.

Мақсаты: Күй туралы түсінік қалыптастыра отырып, «Келіншек» күйін тыңдату және үйрету.

Негізгі сұрақтар: 1. Күй туралы әңгіме.

2. Күйді талдау.



Әдістемелік ұсыныс:

Сабақ конференция. Бұған студенттер алдын – ала өздері дайындап келген баяндамаларын оқиды. Әр баяндамашыға тақырып бойынша түрлі сұрақтар қойылады. Конференция хатшысы және төраға немесе төрайымы болады.

6 Практикалық сабақ



Тақырыбы: Халық күйі «Келіншек.

Мақсаты: Күйді ойнауға үйрету.



Негізгі сұрақтар: 1. Күйді орта буында талдау.

2. Күй қағыстары.



Әдістемелік ұсыныс:

Сайыс сабақ. Сабақ тақырыбы бойынша студенттердің барлығы жеке-жеке «Келіншек» күйін орындайды. Шығарма орындап болғаннан кейін әділ бағалаушылар (әділқазылар) сұрақтар қойып, орындаушы жетістіктері мен кемшіліктерін айтады. Мыс: күй қағыстары, екпіні т.б.

7 Практикалық сабақ



Тақырыбы: Дәулеткерейдің «Қос алқа» күйі

Мақсаты: Күйші және оның күйлерімен таныстыру, ойнап үйрету.

Негізгі сұрақтар: 1. Күйді талдау.

2. Күй қағыстары.



Әдістемелік ұсыныс:

Презентация.Студенттер аудиторияға күй ырғағымен кіреді. Күйден алған әсерлері сұралады. Күй жазылған партитура бойынша күй талданып, үйретіледі. Сабақта домбыра, күйтабақ қолданылады. Оқытушы домбыра аспабында Дәулеткерейдің «Қосалқа» күйін орындап, оның шығу тарихымен таныстырады.

8Практикалық сабақ



Тақырыбы: Дәулеткерейдің «Қос алқа» күйі

Мақсаты: Нотамен «Қос алқа» күйін ойнап үйрету.

Негізгі сұрақтар: Күй қағыстары.

Әдістемелік ұсыныс:

Презентация.Домбыра аспабында Дәулеткерейдің «Қосалқа» күйін орындап, талдау. Күй жөнінде сұрақтар қою. Күйді орта буында ойнап көрсету.
9 Практикалық сабақ

Тақырыбы: Халық күйі «Жастар биі»

Мақсаты: Халық күйі «Жастар биін» нотамен ойнап үйрету.

Негізгі сұрақтар: 1. Күйді талдау.

2. Күй қағыстары.



Әдістемелік ұсыныс:

Презентация. Халық күйі –авторы ұмыт болған шығарма. «Жастар биі» күйі жалында, жеңіл, ойнақы орындалады. Кітаптан күй нотасы беріледі.

10 Практикалық сабақ



Тақырыбы: Аспаппен сүйемелдеу. «Айналайын ақ мамам» әні

Мақсаты: «Айналайын ақ мамам» әнін аспаппен сүйемелдеуге үйрету.

Негізгі сұрақтар: 1. Ән әуенін үйрену.

2. Әндегі ұзақтықтар.



Әдістемелік ұсыныс:

Ән туралы әңгіме. Оқытушы әнді өзі орындап көрсетеді. Студенттер әннен алған әсерлерімен бөліседі. Әнмен жұмыс. Әнді нота ұзақтығымен санап ойнайды.

11 Практикалық сабақ



Тақырыбы: Халық күйі «Келіншек

Мақсаты: Күйді ойнауға үйрету.

Негізгі сұрақтар: 1. Күйді орта буында талдау.

2. Күй қағыстары.



Әдістемелік ұсыныс:

Концерттік сабақ. Сабақ тақырыбы бойынша студенттердің барлығы жеке-жеке «Келіншек» күйін орындайды. Шығарма орындап болғаннан кейін тыңдаушылар орындаушыға күйдің шығу тарихы, ерекшелігі туралы сұрақтар қойады. Күйдің қағыстар орта буында қайталанып үйретіледі

12 Практикалық сабақ



Тақырыбы: Аспаппен қостап ойнау

Мақсаты: Студенттерды аспапта ойнауға қызықтыру.

Негізгі сұрақтар: 1.А.Меңжанова «Болайықшы осындай» әні.

2. Әнді талдау.



Әдістемелік ұсыныс:

Презентация.Ән орындалады. Әнді тыңдай отырып әнге аннотация жазылады, яғни талдау. Ол төмендегідей үлгіде жасалынады: Әннің аты, шығарушы авторлары, қандай өлшемде жазылған, екпіні қандай, әндегі биік және төменгі ноталар, әннің сипаты қандай, не туралы, әндегі динамикалық белгілер, қалай орындалды т.б. сұрақтарға жауап жазылады.

13 Практикалық сабақ



Тақырыбы: Ө.Байділдаев «Сүйікті мектебім» әні.

Мақсаты: Композитор әнімен таныстыру, әнді үйрету.

Негізгі сұрақтар: 1. Әндегі динамикалық белгілер.

2. Әндегі альтерация белгілері.



Әдістемелік ұсыныс:

Лекция-концерт. Жүргізуші (оқытушы) Ө.Байділдаевтың өскен ортасы, туған жері т.б. жөнінде әңгімелейді. Студенттер оның әндерін орындап береді.

14 Практикалық сабақ



Тақырыбы: Ән сипаты

Мақсаты: Студенттердің әнге деген сүйіспеншілігін ояту.

Негізгі сұрақтар: 1. Әндегі динамикалық белгілер.

2. Әндегі альтерация белгілері.



Әдістемелік ұсыныс:

Презентация. Ән туралы оқытушы презентация жасайды. Сол арқылы студенттер бір-біріне сұрақтар қояды.


P – Пиано - Дыбыс күшін жай шығару

PP Пианиссимо - Дыбыс күшін өте ақырын шығару

F - Форте - Дыбыс күшін қатты шығару

FF - Фортиссимо - Дыбыс күшін өте қатты шығару

mf Меццо-форте - Дыбыс күшін орташа-бәсеңдеу шығару

Альтерация таңбалары

Бемоль – дыбысты жарты тонға төмендету.

Диез – дыбысты жарты тонға жоғарылату.

Бекарь - дыбыс күшін жою.

15 Практикалық сабақ



Тақырыбы: Хормен ән салу

Мақсаты: Хор туралы түсінік бере отырып, хормен, топпен ән салуға баулу.

Негізгі сұрақтар: 1. Хор туралы түсінік.

2. Хорға арналған шығармалар.



Әдістемелік ұсыныс:

Пікірталас. Хор туралы білетіндерін ортаға салу. Хордың орындауында Украин халық әні «Құс». Әнді үйрену.


ОЖСӨЖ

№1 ОЖСӨЖ тақырыбы: 1. Аспапшы отырысы. Оң және сол қолға арналған жаттығулар.

Мақсаты: Шығармаларға қол жаттықтыру.

Өту формасы: Диалог

Тапсырма, сұрақтар: 1. Оң және сол қолға арналған қағыстарды қайталап ойна. Жаттығуды орындау.

2. Музыкалық сөздерді, анықтамаларды жазып ал.



Әдістемелік ұсыныс:

№ 1, 2,3 әдебиеттер тізімінен №2,3,4 жаттығуларға бас бармақ, сұқ саусақ, бірінші, екінші, үшінші, төртінші саусақтарға қолыңды жаттықтыр.



Әдебиеттер: [1; -беттер ]; [2;- ]; [3;- ];

№2 ОЖСӨЖ тақырыбы: Домбыра аспабының құрылысы. Аспап қағыстары.

Мақсаты: Аспап құрылысымен таныстыру.

Өту формасы: Жеке түрде.

Тапсырма, сұрақтар: 1. Аспап пернелерін ата, оларды нотаға түсіру.

2. № 3,4,5 жаттығулардағы қағыстар қайталап ойнау.



Әдістемелік ұсыныс: Аспап суреті көрсетіледі. Сол арқылы аспап құрылысы таныстырылады. № 1, 2,3 әдебиеттер тізімінен №3,4,5 жаттығуларға қол жаттықтырылады.

Әдебиеттер: 4;- ]; [5;-10-16 беттер ]; [6 ].

№3 ОЖСӨЖ тақырыбы: Аспап негізін салушы күйші және сазгерлер.

Мақсаты: Аспап негізін салушы күйші-сазгерлермен таныстыру.

Өту формасы: Баяндама жасау.

Тапсырма, сұрақтар: 1. Күйшілерді атап, суреттерін көрсету.

Әдістемелік ұсыныс: Күйші-сазгерлер суреттері көрсетіледі. Сол бойынша күйшіні тауып, оның шығармаларын атау керек.

Әдебиеттер: [8- ], [4- ].

4 ОЖСӨЖ – мазмұны: 1. Халық әні «Еркем-ай».

2. Ұзақтыққа санап, нотамен ойнау.

3. Халық әні туралы түсінік.

Мақсаты: Халық әндері туралы түсінік беріп, «Еркем-ай» әнін аспапта ойнауға үйрету.

Өту формасы: Топтау.

Тапсырма, сұрақтар: 1. Әнді өлшем бойынша нотамен санап ойна

2. Әннің екпініне көңіл бөл.3. Неліктен бұл ән халық әні атанған.



Әдістемелік ұсыныс: Орындыққа түзеу отырып, аспапты дұрыс ұста. Аспап күйін келтір. Әннің қағыстарына мән бер. Санап ойнағанда ұзақтықтарға көңіл бөліп толық ұстап ойна.

Әдебиеттер: [1; -беттер ]; [2;- ];

5 ОЖСӨЖ- мазмұны: Дыбыс құдіреті.

Мақсаты: Аспап үндерін ести және қабылдай білуге дағдыландыру.

Өту формасы: Диалог.

Тапсырма, сұрақтар: Дыбыс құдіреті дегенді қалай түсінесіңдер?

Әдістемелік ұсыныс: Аспап үндерін мұқият тыңдап олардың дауыстарын ажырату.

Әдебиеттер: [4 ]; [22 ]; [6 ].

6 ОЖСӨЖ- мазмұны: Ән сипаты.

Мақсаты: Әнді мазмұнын түсінуге үйрету.

Өту формасы: Топтау.

Тапсырма, сұрақтар: Ән өнері.

Әдістемелік ұсыныс:

Әдебиеттер: [6- ];[8 ]

7 ОЖСӨЖ- мазмұны: «Ақсақ құлан», «Жетім бала», «Нар идірген» т.б. аңыз күйлері. күйлерді талдау.

Мақсаты: Аңыз күйлермен таныстыру.

Өту формасы: Ойын түрінде

Тапсырма, сұрақтар: 1. «Ақсақ құлан» күйінің аңызын әңгімеле.

2. «Нар идірген» күйінің аңызын әңгімеле.



Әдістемелік ұсыныс: Күйтабақтан шығарма орындалады. Оқытушы сұрақ қою арқылы оның қандай күй және кімнің немесе күйдің қай түрі екендігін сұрайды. Күйді тапқан соң қайтадан аяғына дейін тыңдап, күй желісі бойынша суреттерді ретімен ораналастыру керек.

Әдебиеттер: [5 ]; [8 ]

8 ОЖСӨЖ- мазмұны: И.Нүсіпбаевтың «Қызыл жалау» әнін нотамен, өлшеммен санап ойнау.

Мақсаты: Балалар әндерінің атасы атанған сазгер – И.Нүсіпбаев шығармаларымен кеңінен таныстыру.

Өту формасы: Аспапта ойнау.

Тапсырма, сұрақтар: 1. «Қызыл жалау» әнін нотамен санап ойна.

2. Сазгер туралы не білесің?

3. Әндерін ата.

Әдістемелік ұсыныс: Орындыққа түзеу отырып, аспапқа қолыңды түзу қой. Әннің өлшеміне мән бер. Санап ойнағанда ұзақтықтарға көңіл бөліп толық ұстап ойна. Әуелі жай екпінде қол жаттықтыр. сосын екпінді берілген талапта ойна.

Әдебиеттер: [9 ]; [ 1].

9 ОЖСӨЖ- мазмұны: Құрманғазының «Кішкентай» күйін тыңдау және мазмұнын әңгімелеу.

Мақсаты: Құрманғазының күйлерімен таныстыру.

Өту формасы: Интерактивті әдістер: Топпен. Мозайка. Презентация жасау.

Тапсырма, сұрақтар:

1 тапсырма Құрманғазы кім? /өз ойларын салу/



2 тапсырма Кез-келген бір күйін алып әңгімелеп таныстыр /Презентация жасау/. 3. Күйлерін орында немесе тыңдату.



Әдістемелік ұсыныс: Студенттер екі немесе үш топқа алдын-ала отырғызылады. Топтар өздерін және топ жетекшілерін әнмен таныстырады. Бірінші тапсырма бойынша Құрманғазы Сағырбайұлы туралы білетіндерін ортаға салады. Екінші тапсырма бойынша ккі топта Құрманғазының бір күйін алып презентация жасайды. Ол студенттердің шығармашылық ойлауына байланысты /күйін орындап беру немесе суретін салу, аңызын әңгімелеу т.б./.

Әдебиеттер: [6 ]; [8 ].

10 ОЖСӨЖ- мазмұны: Бас буында «Келіншек күйін талдап,ойнап үйрену.

Мақсаты: «Келіншек» халық күйін аспапта ойнауға дағдыландыру.

Өту формасы: Жеке немесе топпен.

Тапсырма, сұрақтар: Күйдің екпіні қандай? Қалай орындалды? Күйге сипаттама бер. Күйдегі ауыспалы қағыстарға мән бер.

Әдістемелік ұсыныс: Аспапты орнықты етіп ұстау керек. Күйді нотамен ойнамас бұрын әуелі өлшем бойынша санап, қағыстарға қолыңды жаттықтыр. Бірнеше рет ойнап саусақтарыңды жаттықтырған соң, ноталарды санап, дұрыс ырғақта ойна.

Әдебиеттер: [1 ]; : [21 ];

11 ОЖСӨЖ- мазмұны: Құрманғазы «Төремұрат», «Адай», т.б. күйлерді талдау жәе тыңдау.

Мақсаты: Құрманғазы күйлерімен таныстыру.

Өту формасы: Интерактивті әдістер: Топпен. Мозайка. Презентация жасау.

Тапсырма, сұрақтар: 1. Құрманғазының «Төремұрат», «Адай» күйлерін алып әңгімелеп, таныстыр /Презентация жасау/. 3. Күйлерін орында немесе тыңдату.

Әдістемелік ұсыныс: Студенттер екі топқа алдын-ала отырғызылады. Топтар өздерін және топ жетекшілерін әнмен таныстырады. Бірінші тапсырма бойынша Құрманғазы Сағырбайұлының «Төремұрат», «Адай» күйлерін алып презентация жасайды. Ол студенттердің шығармашылық ойлауына байланысты.

Әдебиеттер: [8 ]; [9 ]; [22 ]; [23]

12 ОЖСӨЖ- мазмұны: Күйде кездесетін динамикалық белгілер. Күйдегі үзілістерге (пауза) қол жаттықтыру.

Мақсаты: Күйді мазмұнын түсініп ойнауға үйрету.

Өту формасы: Топтау.

Тапсырма, сұрақтар:

1 тапсырма Берілген кестені толтыр.



Белгіленуі

Атауы

Мағынасы

P

?




PP

?




F

?




FF

?




mf

?





Әдістемелік ұсыныс: Кестеде динамикалық белгілердің белгіленуі берілген қасына атауын және қандай мағына беретінін жаз.

Әдебиеттер: [1 ] [8 ]; [10]

13 ОЖСӨЖ- мазмұны: Түркештің «Көңіл ашар», «Қарабас»т.б. күйлеріне тоқталу.

Мақсаты: Түркеш күйлерімен таныстыру.

Өту формасы: Интерактивті әдіспен өткізу.

Тапсырма, сұрақтар:

1 тапсырма Түркеш туралы не білесің?/Шеңберді толтыр/.



2 тапсырма Түркештің күйлерін алып әңгімелеп, таныстыр /Презентация жасау/.



Әдістемелік ұсыныс: Түркеш туралы әңгімелеп, күйлеріне шолу жасалынады. «Қөңіл ашар», «қарабас» т.б. күйлерінің шығу тарихы әңгімеленеді.

Әдебиеттер: [21 ] [6]

14 ОЖСӨЖ- мазмұны: Күйдегі ұзақтықтар.

Мақсаты: Күйді сауатты ойнауға үйрету.

Өту формасы: Топтау.

Тапсырма, сұрақтар:

1 тапсырма Берілген кестедегі сұрақ белгісі орнына қажеттісін жаз




Белгіленуі

Атауы

Саналуы

?

Төрттік

?

?

Сегіздік

?

?

Жартылық

?

?

Оналтылық

?

?

Бүтін

?

2 тапсырма Дәулеткерейдің «Қос алқа» күйін нотаға қарап ұзақтықтарды есіңе алып санап ойна.

Әдістемелік ұсыныс: Студенттер жеке жұмыстанады. Оларға карточка таратылады. Оған әрқайсысы берілген нота ұзақтықтарын қажеттісін тауып сәйкестендіріп жазады.

Әдебиеттер: [1 ]; [6 ];[8 ]

15 ОЖСӨЖ- мазмұны: Динаның «Бұлбұл», «Науай» күйлері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет