Сборник II научно-практической международной студенческой конференции Narxoz Student Research-2021



Pdf көрінісі
бет25/514
Дата22.01.2022
өлшемі3,66 Mb.
#129635
түріСборник
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   514
Байланысты:
narxoz-student-research-2021

Секция

 «

Экология

 

и

 

устойчивое

 

развитие

»

күнделікті  өмірде  кеңінен  қолданылатын  синтетикалық  жуғыш 

заттарды жатқызу абзал. Олар бүгінде ҚР-сы өнеркəсібі мен ауыл 

шаруашылығында  кеңінен  қолданылады.  Мысалы  топырақ  беті-

нен жуылған тыңайтқыштар көлдер мен теңіздерге апаратын дре-

наждарға түседі. Олардың құрамындағы химиялық заттар ағынды 

сулармен өзендер мен көлдерге ағып, су объектілерінің биологиялық 

жəне физикалық режиміне айтарлықтай əсер етеді. Ластану нəтиже-

сінде судың оттегімен қанықтыру қабілеті төмендейді, органикалық 

заттарды  минералдандыратын  бактериялардың  белсенділігі  күрт 

төмен деңгейге түседі. Барлық осы себептер су ресурстарының қат-

ты ластануына əкеледі, əсіресе жабық көл бассейндерінде бұл про-

цесс күнделікті орын алып жатыр. Сонымен қатар, Қазақстандағы 

өнеркəсіптік сарқынды сулар негізінен тау-кен өндіру жəне тау-кен 

байыту  өндірістерінің  қалдықтарымен  жəне  шығарындыларымен 

ластанған.  Олардың  сандық  жəне  сапалық  құрамы  əртүрлі  жəне 

салаға байланысты. Жыл сайын су көздеріне мыңдаған химиялық 

заттар да түседі, олардың қоршаған ортаға əсері алдын-ала белгісіз, 

бірақ  оны  қазіргі  уақытта  өзекті  болып  табылатын  компьютерлік 

модельдеу арқылы болжауға əбден болады. 

Қазақстан  су  ресурстарын  бейорганикалық  ластағыштар  то-

бына  сода,  сульфат  зауыттарының  (Батыс,  Оңтүстік  Қазақстан), 

қорғасын,  мырыш,  никель  кендерін  байыту  фабрикаларының 

(Солтүстік, Орталық, Шығыс, Батыс Қазақстан) сарқынды сулары 

кіреді, олардың құрамында зиянды қышқылдар, сілтілер, ауыр ме-

талл иондары жəне т.б. бар.

Жылу  электр  станциялары  мен  басқа  қазақстандық  өндірі-

стердің қыздырылған ағынды сулары «термиялық ластануды» да 

тудырады,  бұл  өте  ауыр  зардаптарға  алып  келеді:  қыздырылған 

суда оттегі аз, жылу режимі күрт өзгереді, бұл су объектілерінің 

флорасы мен фаунасына теріс əсер етеді. Нəтижесінде, осы су қой-

маларындағы су температурасының жоғарылауы олардағы кейбір 

теріс биохимиялық процестердің жеделдеуіне əкеледі, əртүрлі ор-

ганизмдердің көбеюінің теңдестірілген циклдері бұзылады, пайда-

сынан зияны көп көк-жасыл балдырлардың су ресурстары қойма-

ларында жаппай дамуы үшін пайдалы жағдайлар пайда болады.

Органикалық ластаушы заттар тобының ағынды суларын мұнай 

өңдеу зауыттары, мұнай-химия зауыттары, органикалық синтез за-

уыттары,  кокс-химия  зауыттары  жəне  т.б.  шығарады  (Батыс  Қа-



30



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   514




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет