7
1 кесте – Бие сүтініңфизико-химиялық көрсеткіштері
3
Реті
№
Көрсеткіштері
Қазақ жылқысы
(Жабы)
Таза қанды
мініс жылқысы
1
Жалпы (титрлеу) қышқылды, ˚Т (2 сағаттан кейін)
7
6
2
рН (активті қышқылдылық)
6,8
6,9
3
Тығыздығы, г/см
3
1,035
1,032
4
Қант мөлшері, %
6,6
6,0
Зерттеуге алынатын лактоза қазақ жылқысы (жабы) сүтінен алынды және лактоза
бөлініп алынды.
Зерттеуге
алынған
биесүтінің
үлгісін
алып,
құрылғының
көмегімен
майсыздандырып, майсызданған сүтке рН 4,6 дейін 0,1 нормальды HCl (тұз қышқылын)
қосып казеинді тұнбаға түсірдік. Казеині бөлініп алынған сүт сарысуын буландыру арқылы
концентрленген сүт сарысуын алдық. Концентрленген сүт сарысуын су моншасында 90˚С
20 минут қыздыру арқылы қантсыз заттар мен сарысу белоктарын тұнбаға түсіріп,
тазартылған сүт сарысуы алынды. Тазартылған сүт сарысуын 80˚С-қа дейін су моншасында
буландыру арқылы концентрленген, қоюланған сүт сарысуын алдық. Концентрленген сүт
сарысуын бөлме температурасына дейін суытып, тоңазытқышқа кристалдауға 15 сағатқа
қойдық. Алынған таза лактоза ертіндісіне активтенген көмір мен натрий гидросульфатын
қосып сүзу арқылы фильтрат алынды. Фильтратты аздап буландырып, кристалдап,
центрифугерлеу, 95% этанолмен шайып, кептіргіш шкафта кептірдік. Нәтижесінде,
рафинделген лактоза алдық.
Тазартылып алынған лактозадан лактулозаны изомерлеу мына реттілікпен
жүргізілді:
Рафинделген лактоза ертіндісін 75˚С дейін қыздырып фильтрлеу арқылы фильтрат
алынды. Фильтратты 80˚С дейін қыздырып, рН 10-11аланин мен натрий гидроксидін қосу
арқылы изомерленген ертінді алынды. Изомерленген ертіндіні қоюландырып, кристалдау
арқылы лактулоза алынды.
Қорытынды
Біз бие сүтінен салыстырмалы түрде әртүрлі проба алдық. Бұл пробалардың қоректік
орталары және микрооргаинзмдері әртүрлі болып келеді. Сонымен қатар соңғы өнімдердің
органолептикалық қасиеттері де әртүрлі. Яғни, пробаның өзіне тән иісі, дәмі,
консистенциясы бар. Болашақта табиғи сүттер жаңа технологиялық,заманауи өнімдер
алуда таптырмас шикізат көзі болмақ. Оған біздің еліміздегі мал шаруашылығының
мүмкіндігі жетерлік.
Лактулоза өзінің бифидогенді белсенділігі жөнінен, пребиотиктер өндірісіндегі
келешекте жоспарлы түрде лактоза құрамды табиғи шикізаттан өндірілуге болатын өнім
болуға тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: