Сборник международной научно-практической



Pdf көрінісі
бет169/483
Дата11.03.2022
өлшемі11,88 Mb.
#135018
түріСборник
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   483
Байланысты:
Сборник зимней школыы 2019
8 РУССКИЙ ЯЗЫК (обновленка КСП)
Кілт сөздер:
бидай, қоңыр тат, өнімділік элементтері, шаруашылық құнды белгілер, 
төзімділік. 
Кіріспе 
Біздің республикамыз аграрлы-индустриялы, Орталық Азиядағы бидайды көп егетін 
аймақ болып есептеледі. Астық дақылдарын өсіру Қазақстанның ауылшаруашылығының 
дамуының әлеуетті бағыты болып табылады. Ал бидай тек стратегиялық дақыл болып қана 
қоймай, сондай-ақ, халық шаруашылығында маңызы бар, ұлттық байлық болып саналады. 
Қазақстан дүние жүзі бойынша жоғары сапалы бидай өндіруші мемлекеттердің бірі, ол 
Республикадағы бүкіл ауылшаруашылық өндірісінің 70 % құрайды [1]. 
Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаев 2016 жылы Халыққа 
жолдауында, дән өндіру мұнайдан кейінгі ең маңызды мәселе болуы тиістігін көрсеткен, 
осыған байланысты республика бойынша бидай егістігін 30-40% көбейту қажеттілігін атап 
өткен [2]. Өнімі мол және сапасы жоғары жаздық жұмсақ және күздік бидай сорттарын 
өндіріске ендіру, астық шаруашылығының негізгі мәселелерінің бірі. Бидайдан мол өнім 
алу себілетін тұқымның сапасына, сорттарды өсіру агротехникасына, жергілікті жердің 
экологиялық жағдайына, сонымен қатар сорттардың ауруға төзімділігіне тығыз 
байланысты [3]. Астық дақылдарына зиян келтіретін саңырауқұлақ, вирус, бактерия 
ауруларының ішіндегі ең қауіптілерінің бірі – тат аурулары. Сары, қоңыр және сабақ тат 
аурулары бидай өндірісіне едәуір шығын келтіреді. 
Қоңыр татқа төзімді сорттарды шығарып, өндіріске ендіру өнімнің шығынын 
төмендетудің ең келешегі жоғары және экологиялық таза тәсілі болып табылады, сол 
себепті, бидайдың қоңыр тат ауруын зерттеу өзекті мәселе болып табылады. Қазақстанда 
бидай селекциясы 100 жылға жуық жүргізіліп, шамамен 110 сорт шығарылып, өндіріске 
ұсынылған. Сондықтан Қазақстаннің дәнді дақылдар коллекциясының 80%-ын бидайдың 
гендік қоры құрайды [4]. Ең көп тараған бидай ауруларының бірі қоңыр тат болып 
табылады, оның қоздырғышы – 
Puccinia triticina
, ол көптеген жылдар бойы адамзат 
тарихында бидай өндірісіне айтарлықтай әсер етіп, көптеген елдерге экономикалық шығын 
әкелді. Әлемде қоңыр таттан келетін шығын жыл сайынғы шамамен 2 миллиард АҚШ долл. 


130 
бағаланады [5]. Қазақстанның климат жағдайы, топырақ құрамының қоректік элементтерге 
бай болуы және де генотип құрамының алуан-түрлі ерекшелігі ақуызды құрамы (12-17%) 
және клейковинасы (25-32%) жоғары бидай сорттарын алуға мүмкіндік береді. Бірақ 
абиотикалық, әсіресе биотикалық факторлар бидай дақылынан мол өнім алуға шектеу 
жасайды [6, 7]. 
Жұмыстың мақсаты: Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданына қарасты Таскескен 
және Тасбұлақ ауылының бидай егістігіндегі қоңыр таттың (
Puccinia recondita
) таралуына 
мониторинг жүргізу, төзімді сорттарды анықтау және бидай сорттарының өнімділік 
элементтеріне талдау жасау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   483




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет