336
ӘОЖ 633.11:631.527
Есенбаева Ж.М., Бақыт Г.
Қазақ ұлттық аграрлық университет
ТРИТИКАЛЕ СОРТТАРЫ ЖӘНЕ ҮЛГІЛЕРІНІҢ ИММУНОЛОГИЯЛЫҚ
СИПАТТАМАСЫ
Аннотация
Тритикале сорттарының иммунологиялық зерттеуінің нәтижелері ұсынылды.
Сорттардың масақтану мерзімі 21-24.05 күндер аралығы болса, пісу мерзімі 6-9.06 күндер
аралығында болды.
Жасанды-инфекциялық фонда тритикаленің зақымданған 19 сорттары және үлгілері
сыналды. Тритикале сорттары сабақ тат ауруына қалыпты төзімділік байқатса, ал жапырақ
тат ауруына қалыпты төзімділікті екі сорт Таза, Қожа байқатты.
Күздік тритикаленің сыналған үлгілерінің ішінде сабақ тат ауруына төзімділікті
бойынша 4 үлгілер ерекшеленді:
Т-12; Т-26; Т-30; Т-102,
ал жапырақ тат ауруына
төзімділікті бес үлгілер айқындады: Т-12; Т-26; Тд-40; Тд-42; Т-57
.
Кілт сөздер:
тат, жапырақ, сабқ, сорт, үлгілер, жасанды- инфекциялық, иммунология,
тритикале, бағалау, масақтану, пісу, түтіктену, дән толысу.
Достарыңызбен бөлісу: