Сборник международной научно-практической



Pdf көрінісі
бет68/483
Дата11.03.2022
өлшемі11,88 Mb.
#135018
түріСборник
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   483
Байланысты:
Сборник зимней школыы 2019

Зерттеу нәтижелері
Біздің eліміздe оcы күнгe дeйін қой шaруaшылығындa қойдың 
жүнінe көп көңіл бөлініп кeлгeн. Оcы caлaдaғы өнімнің пaйдacын 70-80% -ын құрaйтын. 
Cондықтaн дa жүннің бaғacы жоғaры болып, оcы өнімді шикізaт рeтіндe өндіру көздeлгeн, 
оcығaн орaй қолдa бaр қой тұқымдaрының caнын көбeйту үшін, өнімділік дeңгeйлeрін 
көтeру үшін, биотeхнологиялық әдіcпeн шeтeлдік қой тұқымдaрының мұздaтылғaн 


48 
шәуeттeрінің тиімділігін aрттыру көздeлудe жәнe eліміздeгі қой шaруaшылығын 
интeнcивтeндіру жоcпaрлaнудa.Дүниe жүзінің eлдeріндe үшінші мың жылдықтың бacындa 
620-дaн acтaм қой тұқымдaры, 1.300 қой мaлы өcірілeді. Мыcaлы caпaлы, өнімділігі жоғaры 
қой шaруaшылығы Aвcтрaлиядa (169 млн.), Жaңa Зeлaндиядa (62 млн.), Ұлыбритaниядa (30 
млн.) қaлыптacқaн, дeгeнмeн cоңғы он-онбec жылдың бacынaн eң aлдыңғы қaтaрғa Қытaй 
(200 млн.), Үндіcтaн (165 млн.), Aргeнтинa, Оңтүcтік Aфрикa Рecпубликacы, Түркия (50 
млн.) шығып кeлeді. Бұл eңбeктe aлғaшқы рeт қaзіргі зaмaнғы биотeхнологиялық әдіcтeрді 
қолдaнып қaзaқтың биязы жүнді қой тұқымы caулықтaрынa рaмбульe, полипэй, cуффольк, 
aвaccи жәнe оcт-фриз қошқaрлaрынaн aлынғaн шәуіттeрін пaйдaлaнa отырып, олaрдың 
caлыcтырмaлы түрдe қозылaрының өcу, дaму динaмикacын, қaрқынын, жүң eрeкшeліктeрін 
зeрттeу нәтижeлeрі бaяндaлaды, интeрьeрлік eрeкшeліктeрі, олaрдың жүн өнімділігімeн 
жәнe қозылaрының өcу, жeтілу дәрeжecімeн бaйлaныcы нaқты зeрттeулeрмeн дәлeлдeнeді. 
Оңтүстік шығыс өлкедегі австрало-қазақтың биязы жүнді қойы әлемдік және отандық 
жоғары өнімді қошқарлармен жұптастырудан алынған төлдердің жүн түсімі, таза жүн 
шығымы, талшық ұзындығы т.б. сияқты белгілеріне әсерін зерттедік (кесте 1). 
Кесте 1- «Олжас» шаруа қожалығындағы қойлардың жүн өнімділігі
Мал 
топтары 

Қырқылған жүн түсімі, кг 
Таза жүн 
шығымы, 

Жүн ұзындығы, 
см 
M±m 
Жуылмаған жүн, 
M±m 
Жуылған жүн, 
M±m 
еркек тоқтылар 
І 
10 
5,4±0,18 
3,1±0,7 
58,0 
10,2±0,08 
ІІ 
12 
5,2±0,18 
2,9±0,31 
57,0 
10,0±0,11 
ІІІ 
16 
5,0±0,64 
2,8±0,09 
56,5 
9,7±0,02 
орташа 
көрсеткіш 
38 
5,2 
2,9 
57,1 
9,9±0,14 
ұрғашы тұсақтар 
І 
10 
3,9±0,11 
2,20±0,25 
57,0 
9,8±0,13 
ІІ 
12 
3,8±0,18 
2,16±0,32 
56,5 
9,7±0,02 
ІІІ 
12 
3,7±0,10 
2,12±0,15 
56,0 
9,6±0,08 
орташа 
көрсеткіш 
34 
3,8 
2,17 
56,5 
9,7±0,09 
Жүннің басты өнімділік және физико-механикалық қасиеттерінің біріне жуылған таза 
жүн түсімі мен таза жүн шығымы жатады, себебі, жуылмаған жүн түсімінің мөлшері 
қойдың жүн өнімділігі деңгейін тура сипаттай алмайды.
1-кесте деректері тәжірибедегі малдардың бәрінің де жүн түсімі жоғары деңгейде 
екендігін көрсетеді, орта есеппен 5,2 кг және 5,0 – 5,4 кг аралығында. Ең жоғары жүн түсімі 
І топтағы 5,4 кг болса, ІІ топта 5,2 кг, бұл орта көрсеткіш болып табылады, таза жүн 
шығымы бойынша да тәжірибедегі топтардан алынған ұрпақтардың көрсеткіштері осындай 
ретпен орналасты, ал орташа таза жүн салмағы 2,9 кг, жүн шығымы 57,1% құрайды. Мал 
топтарындағы талшық ұзындығы деңгейі бойынша жоғары көрсеткіш 10,2±0,11 см, І 
топтағы тоқтыларда. Басымдылық басқа топтардан тиісінше 0,2 см; 0,5 см-ге немесе 2,2; 5,5 
%-ке (Р>0,999) , (Р>0,999) болды. Осындай көрсеткіштер тұсақтар арасында да зерттелді. 
Кесте мәліметтерінен көрініп тұрғандай тұсақтарда жоғары өнімділігімен ерекшеленеді. 
Мұнда барлық топтардағы будандардан алынған жүн түсімдері, жүн шығымдары, талшық 
ұзындығы сияқты көрсеткіштер бойынша бір деңгейде, тек қазақтың биязы жүнді типтегі 
тұсақтарда ғана таза жүн шығымы (56,0 %) орта көрсеткіштерден біршама төмен. 
Алынған будандардың 1 жасар кезіндегі жүн ұзындығы еркек тоқтыларда 9,7-10,2 см-
ге дейін, ал ұрғашы тұсақтарда 9,6-9,8 см болды. Ең ұзын жүнді қозылар тоқтыларда да, 


49 
тұсақтарда да ІІ топтағы жұптау нұсқасынан алынды. Ал, салыстырмалы түрде ең қысқа 
жүн біртекті жұптаудан алынды. Жүн талшығының иректілігі Жүннің технологиялық 
қасиеттерінің бірі – ол жүннің иректілігі. Иректілік деп – жүн талшығының табиғи өсу 
барысында тура (түзу) өспей, азды-көпті болса да иректеліп, толқындалып келуін айтады. 
Жүннің иректілігінің қуаттылығы оның жіңішкелігімен тығыз байланысты екені 
белгілі. Талшық неғұрлым жіңішке болса, оның иректілігі де молая түседі. Иректілік қой 
жүнінің тамаша қасиеті. Олардың қажетті түрлері негізінен тегіс, жазылыңқы, қалыпты, 
биік. Өндіріске көбінесе жазылыңқы және таралған формалы иректік қажет, себебі осы 
формалы биязы жүннің жоғары сапалы жіңішке жіптер иіріледі. Иректілік талшық 
диаметрімен тығыз байланыста болып өнімділікке әсер ететін себепті біздер тәжірибе 
жұмыстарында алынған төлдердің жүнінің иректілігін анықтадық (кесте 2). 
Кесте 2 – Төлдердің жүнінің иректілігі (бас есебімен) 
Тәжірибелік 
топтар 

Иректілік түрлері 
Жүн түсімі, кг 
M±m 
Ірі 1 см-де 
(4 дана) 
Орта 1 см-де 
(5-6 дана) 
Майда 1см-де 
(7-8 дана) 
І 
10 



4,1±0,32 
ІІ 
10 



3,9±0,17 
ІІІ 
10 



3,7±0,11 
Ірі, көзге анық көрінетін иректіліктегі төлдердің өнімділігі жоғары болатынын кесте 
мәліметтерінен көреміз. Мұнда І топтағы будандарда жүн түсімі 4,1 кг болып, ІІІ топтағы 
малдардан 0,4 кг жоғары болып өнімділікке тікелей әсер ететіні байқалады.
Жүннің біркелкілігі мен жіңішкелігі Жүн жіңішкелігі мен біркелкілігі жүннің негізгі 
физика-механикалық және технологиялық қасиеттерінің біріне жатады. Біздің 
зерттеулерімізден алынған деректер АВМ қошқарларының жүн жіңішкелігі жағынан 
қазақтың биязы жүнді тұқым ішілік типіндегі аталық қошқарлардан 20,0%-ға немесе 2,0 
мкм-ге жіңішке болды және осы аталған қой тұқымынан штапель бойынша жүннің 
жіңішкелігінің, біркелкілігінің жоғарылығымен ерекшеленеді. Зерттеу нәтижелері 
бойынша будандарда (ұрғашы тұсақтар), әсіресе І топтағы ұрпақтардың бүйірдегі жүн 
жіңішкелігі едәуір жақсарған (3-кесте).
Кесте 3-Будандардың жүн жіңішкелігі мен біркелкілігі микрометр есебімен
Топтар 

Бүйір 
Жамбас 
сапа 
M±m 
±δ 
СV% 
СҒ% 
сапа 
M±m 
І 

70 
19,0±0,31 
4,33 
22,0 
94,5 
64 
21,80±0,43 
ІІ 

70 
20,0±0,44 
4,43 
21,85 
94,0 
64 
22,0±0,71 
ІІІ 

64 
21,0±0,27 
5,11 
22,05 
93,0 
60 
23,8±0,46 
І топтың ұрпақтарының бүйірдегі жүн жіңішкелігі жағынан бақылау тобындағы 
будандарға қарағанда 2,0 мкм-ге немесе 9,6%-ға жіңішке болды. АВМ қошқарларының 
штапель бойынша жүннің жіңішкелігі, біркелкілігі жақсы деңгейде және өзінің 
ұрпақтарына тигізетін әсері басымырақ екенін байқатты. Тәжірибедегі топтардан алынған 
будандардың (ұрғашы тұсақтар) жүндердің басты жіңішкелік 70-64 сапа болып, яғни сорт 
саны аз болған сайын, жүннің біркелкілігі жақсы деңгейде болатыны байқалды. Қазақтың 
биязы жүнді қойының типі тобындағы бұл көрсеткіш 20,0 мкм құрап жүнінің біркелкілігі 
едәуір жақсы екенін көрсетті. Бақылау тобындағы ұрғашы тұсақтар өзінің будан 
құрдастарынан жүн жіңішкелігі жағынан І топтан 9,6%-ға, ІІ топтан 4,8%-ға шамалы 
жуандау болды да, сапасы жағынан 21,0 мкм құрап, үлкен айырмашылық байқалмайды 
және осы қой тұқымының негізгі сорты 64 сапаға сай кліп сапа градиацияларының орта 


50 
мәніне сай келетінін көрсетті. Ұрғашы тұсақтардың бүйір жүні мен жамбас жүні 
айырмашылығы бір сапа аймағында болып барлық топтардағы малдардың талшық 
жіңішкелігі біркелкі деп есептеуге болады.
Зерттеудегі штапельдегі жүн талшықтарының біркелкілігі бойынша орташа 
квадраттық ауытқу деңгейі 70 сапа бойынша ±4,33 мкм құраса, вариация коэффициенттері 
бойынша да (СV%) талаптар деңгейіне сай екенін көрсетеді, бұл көрсеткіштер тиісінше 
22,0%; 21,85%; 22,05%, ал жамбаста әдетте бүйірі тұсындағы жүн жіңішкелігін бір сапаға 
артық болады және бұл айырмашылық қалыпты деп саналады да, сол себепті жалпы алғанда 
тәжірибедегі будандардың жүндері бұл белгі бойынша біркелкілігінің жақсы деңгейде 
екенін көрсетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   483




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет