Зерттеу зерзаты мен әдістемесі
Мақала тақырыбы бойынша жүргізілген ғылыми
тәжірибе жұмыстары Алматы облысы «Алатау Дейри» жеке шаруа серіптестікте жүргізілді.
Зерттеу зерзаты ретінде шағылысқа түскен және қолдан қашырылған сиырлар мен
қашарлар және ұрғашы таналар алынды. «Алатау Дейри» жеке шаруа серіптестігінің ірі
қара малдарын, сиырлар мен қашарлар, ұрғашы таналар сылап – сипау, тік ішекке қол салу
және иммунологиялық әдістермен буаздығы тексерілді.
Зерттеу нәтижелері
Малдардың буаздығын анықтауда қолданылып жүрген әдістерді
талдау.Қазіргі кезде ірі қара малдардың буаздығын анықтауға қолданылып жүрген негізгі
екі әдіс сылап – сипау (пальпация) және тік ішекке қол салу (ректальды) осыған байланысты
әдістердің тиімділігін салыстырмалы түрде зерттедік.
Тексеру барысында сылап-сипау әдісі бойынша барлығы 360 бас малдардың 123 басы
(34,16%) буаз екендігі байқалды. Алынған нәтижелер малдардың буаздығын анықтау
тәсілдері жетілмегендігін көрсетеді.
Осыған байланысты малдардың буаздығын иммунологиялық әдістермен анықтау
тәсілдері зерттеліп, өндіріске ұсынылды. Зерттеу барысында антиденені бейтараптау
реакциясы
бойынша
тексерiлген
«Алатау
Дейри»
(1-кесте).
Кесте 1 – «Алатау Дейри» жеке шаруа серіптестігі малдарының буаздығын салыстырмалы
зерттеу
Малдар
Жасы
Мал
басы
%
Анықтау әдістері
С.с.
Т.қ.с.
И.ә.
саны
%
саны
%
саны
%
Сауын
сиырлар
4-10
267
74
212
79
44
16
11
5
Қашарлар
3
59
17
34
57
16
28
9
15
Ұрғашы
таналар
2
34
9
18
54
11
32
5
14
Барлығы
360
100
264
71
25
Ескерту:
С.с
–
сылап-сипау
әдісі;
Т.қ.с
–
тік
ішекке
қол
салу;
И.ә – иммунологиялық әдістер
54
Ірі қара малдың буаздығын анықтау технологиясын жетілдіру нәтижесінде ғылыми
практикалық тұжырымдар жасалды. Буаз биенің қан сарысуындағы гормондардың
антигендiк құрылымын иммунодифузиялық преципитация реакциясымен анықтаған
ыңғайлы. Малдардың буаздығын антидененi бейтараптау реакциясымен анықтаған тиімді.
Қазіргі кездегі малдың өсу-даму деңгейі және жергілікті жерге көндігуі биологиялық
заңдылыққа сәйкес жүзеге асырылуда.
Ірі қара мал бұзауларының азығына биологиялық белсенді заттарды (кватерин
препараты және т.б.) қосып азықтандырғанда олардың өнімділік көрсеткіштерінің
артатыны көрсетілген. Орынбор облысы «Акбулак» АҚ кватерин ферменттік
препаратының ірі қараның жас малының өнім көрсеткіштеріне әсері зерттелген. Ол үшін 9
айлық қазақ ақбас сиырының бұқашықтарынон 4 топ құрылған.
Тәжірибедебі I топ азық құрамына қосымша (1 кг салмаққа есептегенде) 3 мг дозада
кватерин, II топ – 6 мг, III топ – 9 мг алып отырған. Бордақылауда тұрған 15-айлық I, II және
III топ бұқашықтары тірілей салмақтары бойынша бақылауға (IV топ) қарағанда 5,7- 14,0,
жән 5- 9,2 кг артық болса, 17-айлығында -6,2 -16,6 және 11,7 кг артық болған. Ең жоғарғы
үдемелі өсім II топ бұқашықтарында болды, олар тәуліктік қосымша салмақтары бойынша
бақылауға қарағанда 88 г (9,46%), 1 топқа қарағанда – 53 г (5,49%), III топқа қарағанда – 31
г (3,14%) артық болған. Препараттың дозасын 9 мг/кг дейін көбейткенмен өсімнің өте
жоғары болмайтыны белгілі болған.
Қоңдылықтары жоғары бұл селекциялық-асылдандыру жұмыстарының және
азықтандыру мен қолда ұстау технологияларының дұрыс қалыптасқандығын көрсетеді.
Осы шаруашылықтың жағдайында қыста және жазда малды азықтандыру
рациондарын жасап, шаруашылықта бар азық түрлерін пайдаланып жұғымдылығы жоғары
малдың өсуін толық қамтамасыз ететін рацион жасадық (2 кесте).
Кесте 2 – Буаз құнажындарды азықтандыру рационының құрамы (тірілей салмағы 250-350 кг)
Азық
Рациондағы азықтың мөлшері, кг
Арпа
2,500
Күріштің күнжарасы
0,500
Құрғақ топ
0,500
Тұз
0,020
Жүгері сүрлемі
6,000
Судан шөбі
1,500
Премикс
0,060
Тәжірибедегі малды азықтандырудың 15,16 кестелерде көрсетілген деңгейі
тәжірибедегі малдың нормаға сәйкес өсуін және дамуын қамтамасыз етті. Бұған дәлел
бұқашықтардың және ұрғашы бұзаулардың 12 айға дейінгі орташа салмақ қосу деңгейі 799-
957 грамм, ұрғашы бұзаулардың 752-776 грамм болуы дәлел.
Етті ірі қара мал шаруашылығында жүргізілетін селекциялық-асылдандыру
жұмыстарының негізгі міндеті, ол етті бағыттағы аналық бастың төлдеу көрсеткіштерінің
үнемі жоғары болуы, жас төлдердің қарқынды өсу қабілеттілігі, азықты жақсы қорытатын,
сапасы жоғары ет беретін мал табындарын құру болып табылады.
Шаруа қожалықтардың негізгі жұмысы етті ірі қара мал тұқымдарын пайдалана
отырып, сіңіре шағылыстыру әдісін қолдануға және таза қанды асылтұқымды етті малды
өсіріп-дамытуға бағытталуы керек.
Жас малды қарқынды бағып-өсіріп 18 айлығында 450-500 кг тірілей салмақпен етке
өткізу үшін табынның құрылымы 40-45 % ересек сиырдан, 10-12 % құнажын сиырдан
құрылғаны дұрыс.
55
Тәжірибедегі бұқашықтардың барлығына зоотехникалық нормаға сәйкес
азықтандыру ұйымдастырылды. Азықтандырудың деңгейі 18 айлығында 3200-3600 азық
өлшемін құрады. Жұмсалған жемнің мөлшері жұмсалған азық өлшемінің 27-35% құрады.
Нәтижесінде тәжірибедегі барлық бұқашықтардан аса сапалы сиыр етін өндіруге толықтай
жағдай жасалынды.
Достарыңызбен бөлісу: |