Сборник научных статей международной научно-практической конференции «Современные тренды педагогического образования»



Pdf көрінісі
бет196/232
Дата02.06.2024
өлшемі8,65 Mb.
#203093
түріСборник
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   232
Байланысты:
pedagogikalyk bilim berudin zamanaui trendteri zhinak

 
Әдебиеттер 


538 
1.Өстеміров К. Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту құралдары. – Алматы,2007. 
2.Таубаева Ш.Т,.Барсай Б.Т. Оқытудың қазіргі технологиялары. – Алматы, 2005. 
3.Рысбаева А.Қ. Педагогикалық процесс субьектілерінің табысты іс-әрекетіне интерактивті 
оқытудың ықпалы. Оқу құралы. Алматы, 2008. 
 
УДК 372.8:159.9 
ЕСТУІ НАШАР БАЛА ӨМІРІНДЕГІ СӨЙЛЕУ ТІЛІНІҢ 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
Ешманова Жақұт Альжановна 
ШҚ ББ «Қосалқы мектеп-интернаты» КММ 
 
Резюме 
В этой статье 
будет обсуждаться
, что дети с нарушениями слуха могут 
выучить речь только с помощью специального обучения, а также что дети с нарушениями 
слуха могут выполнять задачи с помощью зрительного и эмоционального мышления позже и 
легче, чем нормальные дети.
 
 
Summary 
This article will discuss theoretical work on modern phraseology and its objects, and that 
words and phrases are the main building blocks of a sentence. 

Естуінде ауытқуы бар балалар сөйлеу тілін тек арнайы оқыту арқылы меңгере 


алады. Есту қабілетіндегі кемістіктердің орнын толықтыру үшін аса маңызды 
қызметті көру арқылы қабылдау атқарады. Бұл топтағы балаларда заттарды 
тану мен ажырату баяу өтеді. Көрген заттарды саналы түсіну,уақытпен 
кеңістіктегі 
заттар 
арасындағы 
қарым-қатынасты 
меңгеруде 
қиналады,аударып,керісінше көрсеткен жағдайда заттарды шатастырады. 
Ал ерікті есте сақтауын қарастырсақ, бұл балалардың есінде заттардың 
бейнелері бар жүйеге қалыптасуы қалыпты балалармен салыстырса төмен. 
Ерікті және еріксіз есте сақтаудағы ерекшеліктер оқу материалын қабылдап, 
тұрақты есте сақтауына ықпал етеді.Сондықтан образды есте сақтауын 
қалыпты жағдайға жеткізу үшін таным процесін жетілдіру, ойлаудың-
салыстыру, талдаумен жинақтау сияқты процестерді дамуы қажет. 
Естуінде ауытқуы бар оқушылардың есте сақтауы сөйлеу есте сақтауын 
дамыту негізінде нәтижелі. 
Нашар еститін оқушылардың ойлау процестері де өзгешеліктерге ие. 
Естуінде ауытқуы бар балалар көрнекі-әсерлі ойлау арқылы тапсырмаларды 
орындау қабілеті қалыпты балаларға қарағанда кеш және қарапайым тәсілдер 
арқылы қалыптасады [6,18].
Көрнекі-бейнелі ойлау сөйлеу тілінің дамуына тәуелді. Нашар еститін және 
қалыпты балалар арсындағы көрнекі-бейнелі ойлаудағы айырмашылықтар 
бастауыш мектеп жасында байқалады. Ал 7 мен 10 жас аралығында көрнекі-
бейнелі ойлауы жылдам дамиды. Логикалық ойлау көрнекі-бейнелі ойлау 


539 
негізінде дамиды. Естуінде ауытқуы бар оқушылардың көрнекі-бейнелі ойлауы 
баяу дамуына тәуелді логикалық ойлауыда тежеледі. 
Бастауыш мектеп жасындағы ауытқуы бар балалар мәтінді оқыған соң оны 
нақты елестетуде қиналады және көрнекі жағдайда қажетті көрсеткіштерді 
анықтай алмайды.Жасөспірім жасында сөйлеу тілі арқылы ұсынылған 
деректерді талдау ,жинақтау бұл бұл балаларды қиналдырады.Ал 13 пен 17 жас 
аралығында логикалық дамуы толық дамиды.Т.В.Розанованың зерттеулері 
көрсеткендей естуінде ауытқуы бар балалар арасында ойлау даму денгейі 
қалыпты балалармен бірдей балалар кездеседі [7, 68]. Бұл жағдай естуінде 
ауытқуы бар балалардың арнайы оқыту жағдайында зият дамуы орнын 
толықтырудың жоғары мүмкіндігі бар екендігін көрсетеді. 
Қалыпты 
балаларға 
қарағанда, 
нашар 
еститін 
оқушылар 
айналасындағылардың сөздерін қабылдаудаудағы қиындықтарға байланысты, 
ерте жаста сөйлеу тілін жеткілікті мөлшерде игере алмайды. 
Айналасындағылардың сөйлеуін толық қабылдамағанған, сөздің дыбыстың 
құрылымын есту мүмкіндігінен айырыды. Бұл балаларға сөйлеу тілі түсініксіз, 
сөйлем мүшелеріне бөлінбеген, бұрмаланған, сонымен қатар тұрақсыз 
дыбыстық комплекс түрінде естіледі. Бұл жағдайда айналасындағылардың 
сөйлеу тіліне еліктеп игеруге олардың мүмкіндіктері өте аз. 
Естудің бұзылу денгейіне,баланы дамытудың педагогикалық шарттарға,есту 
кемістігінің пайда болу уақытына байланысты нашар еститін балалар мектепке 
сөйлеу тілі әртүрлі деңгейдегі бұзылысымен барады. 
Нашар еститін оқушыларға арналған мектеп бұл сөйлеу тілі өзгеше мектебі, 
мұнда оқушылар тек сөйлеуге ғана үйренбейді,сонымен бірге өздеріне 
бағытталған сөйлеу тілін түсінуге де үйренеді. Арнайы мектептің міндеті, 
нашар еститін оқушыларға шындықты ауызша сөйлеу тілінің көмегімен 
бейнелей лау икемдігі дамитындай етіп тілді үйрету керек.Бұл дегеніміз, олар 
түзету процестерінде,көрнекі-бейнелі ойлауға тән талдап оқытудан өзгеше, 
біздің тілімізге тән талдап оқытуды игере алулары керек. Осымен нашар 
еститін балалар тілді игеру үшін ұсынылатын тілдік материалдарды таңдау 
ерекше қиынға түседі. 
Мұғалімнің алдында нақты заттарды, қимылдарды, заттардың белгілерін 
білдіретін сөздердің мағынасын түсіне алуын ғана емес, сонымен қатар тұрақты 
жиналып отыратын сөздердің абстрактылы мағыналарын түсіне алуында 
қамтамасыз ету міндеті қойылады. Дәл сондықтан, сөйлеу тілімен жұмыс 
жүргізу тек тіл сабағында ғана қолданылумен шектеліп қана қоймай сонымен 
қатар барлық басқа пәндеріндеде жүргізіледі. Сөйлеу ең алдымен ішкі және 
сыртқы сөйлеу болып екіге бөлінеді. 
Ішкі сөйлеу адамдармен тікелей қарым-қатынас жасауға арналмаған. Оны 
адам өзінің ойлау әрекетінің ішкі мақсаты үшін пайдаланады және сыртқа
шығарылып айтылмайды, жазылмайды. Сыртқы сөйлеу басқаларға бағытталған 
сөйлеу. Сыртқы сөйлеу ауызша және жазбаша сөйлеу болып,ал ауызша 
сөйлеудің өзі диалог және монолог болып екіге бөлінеді. Ауызша және жазбаша 


540 
сөйлеу- бұл адамдардың бір-бірімен тіл көмегі арқылы қарым-қатынас 
жасауының бір-бірімен байланысқан екі түрі. Ауызша сөйлеу есту арқылы, ал 
жазбаша - көру арқылы қабылданады. Олардың әрқайсысының өз
ерекшеліктері бар. Тек ауызша және жазбаша сөйлеуді ғана емес,сонымен 
қатар нашар еститіндерге спецификалық болып келетін,сөйлеу тілінің әрбір 
түрі , анықталған әдістер арқылы қабылданады және сыртқа шығарылады. 
Жазбаша мен дактиль тілі көру арқылы қабылданады және өз қол 
қимылдарының көмегімен жүзеге асырылады.Сөйлеу тілінің осы түрі 
балалармен көбірек қолданады. 
Кемістіктің зардаптарын толығымен жою мақсатында нашар еститін 
оқушылар сөйлеу тілінің жазбаша және дактиль тілдерін ғана емес, сонымен 
қатар қарым-қатынаста ең көп қолданылатын ауызша сөйлеу тілін де қолдана 
алуы қажет. Сөйлеу тілін қолдану - бұл нашар еститін оқушының жан-жақты 
дамуына қажетті шарт болып табылады. Бұл оқу процесінің ең маңызды міндеті 
болып табылады. Сөйлеу тілі нашар еститін оқушылардың танымдық 
мүмкіндіктерін кеңейтеді, оның көрнек -бейнесін ойлаудан сөздік
- логикалыққа біртіндеп ауысуын қамтамасыз етеді,баладағы барлық 
тұлғаның қасиеттердің қалыптасуына, еститіндер қоғамына қосылуына үлкен 
әсер етеді. Нашар еститіндерге қарағанда, еститіндердің сөйлеу тілдері,есту 
анализаторының сақталған қызметтерін қолдану шарттарында дамиды. 
Бұдан, нашар еститін оқушының сөзді бұрмаланған түрде қабылдайтыны
көрінеді. Бұрмаланған сөздер нашар еститін балаға тән, ал сөйлеулері естудің 
қатысуынсыз дамитын естімейтіндер де болмайды. Сөздік қордың шектеулі, 
тілдің грамматикалық құрылымын жеткілікті игере алмау оқылып отырылған 
мәтін мен ауызша сөйлеу тілін түсіне алуын шектейді[8,136]. 
Нашар еститін оқушы тілдің грамматикалық құрылымын жеткіліксіз 
игергендігіндегі жеткіліксіз сөйлеу қоры болуынан,өтінішін,тілегін,сұрағын 
жеткізу тағы басқа жағдайда өзінің барлық сөйлеу мүмкіндігін жұмылдыруға 
тырысады. Егер де ол сөзді толығымен білмесе, айналасындағыларға
түсінікті болып келетін сөздердің бөлігін айтады. 
Нашар еститін оқушылар оқу кезінде қиыншылыққа кезігеді. Сөздердің
дыбыстық құрылымын жеткіліксіз білгендіктен, олар мәтіндегі таныс
сөздердің өзін түсінбейді.Мысалы:нашар еститін бала"усін"деп қолданып 
жүрген сөзін, кітапта"жүзім"екенін оқығанда оның мағынасын түсінбейді. 
Нашар еститін оқушыға сөйлеу тілінің даму деңгейі тек есту қабілетіне ғана 
емес, сонымен қатар басқа да себептерге,әсіресе есту кемістігінің қай жаста 
пайда болуына да байланысты. 
Егер есту қабілеті 3 жастан кейін пайда болса онда, оқушының сөздік 
қорында, грамматикалық құрылым, айтылуында аз ғана кемшілігі бар фразалық 
сөйлеу тілін көруге болады. Егер оқушы естуін мектеп жасында жоғалтса,онда 
нашар еститін оқушы грамматикалық толық дұрыс тілді,аз ғана айтылу 
кемшілігімен игерген болып келеді.Нашар еститін оқушының сөйлеу дамуының 
деңгейі,көп жағдайда оларды тәрбиелеу шарттарымен анықталады. Сонымен 


541 
қатар,жеке ерекшеліктерге де байланысты: біршама белсендірек және біршама 
зерегірек балалар өзіндік сөйлеу тілін жақсы игереді, өйткені ерінді оқудың 
көмегімен сөйлеуді қабылдауды ерте бастайды. 
Нашар еститін оқушының сөйлеу тілін қалыптастыру оның тілдік даму 
спецификасын 
ескеріп 
отыруымен, 
әсіресе 
меңгерілген 
тілдік 
материалдарды:көбінесе оның қолданылуы,сәйкес келушілікке және тағы басқа 
да ескерумен құрылуы қажет [9,97]. 
Сөйлеу тілі арқылы қарым-қатынас (коммуникация)іс-әрекеттің айрықша 
түрі болып табылады, оның мақсаты ойларын алмастыру, бір-бірін түсінуді 
орнату.Сөйлеу арқылы қарым-қатынаста адамдар әртүрлі ақпараттарды айтады, 
сұрайды,бір-бірін іс-қимылға итермелейді, пікірлерге өз ойын білдіреді. Сөйлеу 
қарым-қатынасының тәсілі тіл болып табылады. Коммуникативті әрекет ете 
алу, айналасындағылардың сөйлеуінде көрінетін тілді игеру жолында жүзеге 
асырылады. Тіл күрделі құрылым, оның құрамына бірліктер-белгілер және 
жүйелі қарым-қатынастағы өзінің қасында болатын тәсілдердің әртүрлі 
қызметтері кіреді. Тілдік белгілердің маңызын, олардың сәйкес келу тәсілдері, 
формаларын баланы мектепке дейінгі дамыту кезеңіндегі жүйеде қолданса, ол 
оған қарым-қатынаста тілді қолдануға, айналасындағыларды түсініп,оларға да 
түсінікті бола алуға көмектеседі. 
Сөйлеу тілінің дамуы мен бұзылуын түзету және сақтандыру логопедиялық 
ықпал жасау барысының негізігі бағыты болып есептеледі. Логопедияның 
мағынасы тілдің әлеумметтік маңызымен байланысты. Өзімізге белгілі біздің 
тіліміз екі міндетті атқарады. Біріншісі адам мен адамды өзара қатыстыру, 
байланыстыру құралы ретінде қолданылса, екіншісі айтайын деген ойларын 
бір-біріне жеткізіп түсінісу үшін қолданылады. Онсыз адамдар күресе алмас 
еді, өзара түсінісіп, дегенініе жете алмас еді. Сондықтан да біздің тіліміз адам 
қоғамының өсіп-өнуі үшін ең маңызды құрал. 
Тілдің сөйлегенде бұзылып, дыбыстың дұрыс қолданылмауы адамның 
әлеуметтік белсенділігіне, жеке басының қызметіне, сонымен бірге психикалық 
дамуына әсерін тигізуі мүмкін. Күрделі тіл мүкістіктері немесе тұтықпа сияқты 
кемістіктер мктепте баланың оұу үлгерімінің төмендеуіне себебін тигізсе, 
өзіндік мамандық таңдауына да әсер етіп, қиындық туғызады. 
Біздің тіліміз ойлаумен тығыз байланысты. Баланың тілін дамытумен бірге біз 
оның ойын да дамытамыз. Тіл ойдың құралы деп аталады. Біз сөздің 
жәрдемімен ғана ойлай аламыз. Адамның ойлауы тек тіл арқылы ғана туып 
және де сол арқылы қолданылады. Олай болса, баланың таза, дұрыс сөйлеуінің 
оның ойының дамуы үшін де үлкен маңызы бар. 
Тіл 
арқылы балаға ата-аналарымыздың асыл мұрағаттары, өмір 
тәжірибиелері, нақыл сөздері ұғындырылады. Бұл ұлттық қалыптасуы мен өмір 
сүруінің жеке ұлт ретінде өмір сүруінің алғы шарты. 
Сонымен бірге, тіл – бүкіл адамзаттың жеткен жетістіктерінің жиынтығы 
мен білім қайнарының бұлағы. Тілді үйрену арқылы балалар, білім негізінің 
ұңғыл-шұңғылдарын үйренеді. 


542 
Тілдік қарым-қатынаста берілетін ақпараттарды адамдар қабылдау, түйсіну, 
ойлау, секілді психикалық процесс негізінде сөйлеу процесі арқылы меңгеріп, 
оны қайтадан сыртқа шығарады.
Бұл бағыттар тілді әр қырынан: тілдің теориясы (лингвистика), тілдің 
психикалық ерекшелігі (психолингвистика), тілдің әлеуметтік ерекшелігі 
(социолингвистика) туралы зерттеу жұмыстарын жүргізеді.бізге қажеттісі 
психолингвистикалық бағыт. Себебі тілді меңгеру психикалық ойлау, 
қабылдау, қиял, зейін т.б. процестер арқылы жүзеге асады. Осы тұрғыдан тіл 
психикалық зерттеудің объектісі болып табылады. 
Сөйлеу қарым-қатынасын қамтамасыз ететін маңызды шарт, ол баланың 
әртүрлі сөйлем модельдерін қолдана алуы болып табылады. Ол соның үлгісі 
бойынша қажетті жағдайда нақты фразаларды құрастырады [10, 168]. 
Тілдегі пікірлердің әртүрлі функционалды бағыттылығын көрсететін 
сөйлемдердің үш түрі бар: сұраулы, хабарлы. Олар лексико-грамматикалық 
тәсілдері мен тыныс белгілерін қолдану ерекшеліктері конструкциясы бойынша 
бөлінеді. 
Еститін оқушы үшін сөйлеу әрекеттерінің әр түрін,тілді қолданудың деңгейі 
тек қана белсенділігімен ғана анықталмайды,сонымен қатар оның сөйлеуін 
қалыптасу процесіне айналасындағылардың әсер ету деңгейіне де 
байланысты.Сондықтан қалыпты дамып келе жатқан оқушыны қоғам мен 
отбасы да тәрбиелеуде осы прцесті тездететін әртүрлі тәсілдер қолданылады. 
Нашар еститін оқушыларға арнайы құрылған сөйлеу ортасында сөйлеу 
материалы жөңге келтіріліп, жүйелендірілген түрде болуы қажет.Тілдік 
материалды игеру процесінің барлық ұйымдастыруы, оны меңгерудің белсенді 
шартын құруға бағытталған болуы тиіс, сонымен бірге өзіндік сөйлеу әрекетін 
қамтамасыз ететін механизмдерді қалыптастыру керек. 
Нашар еститін оқушыларға арналған мектептің қазақ тілі бағдарламасында, 
(оқытудан ең көп сағат бөлінеді) сөйлеу тілін қалыптастыру жүйесіне сәйкес 
қабылданған бөлім бар "Тіл дамыту", "Қоршаған ортамен таныстыру", 
"Сөйлеуге үйрету және есту қабілетін дамыту" көрсеткен бағыттың екеуінде 
жүзеге асырып отырады [11, 75]. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   232




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет