111
өзгеріс болу үшін не істеуім керек?» деп ойланатын орта жасауы істің
нәтижелігін арттырады. «Егерде өзгеріске жауапты көшбасшы өзгеріске қолдау
көрсетуде
формальды
емес
қөшбасшыларды
тартатын
болса,
басқаұйымдастырушылық көшбасшылар да өзгерісті қабылдауы мүмкін» [5]
Сондықтан, алдағы уақытта ұжым жұмысындағы басты стратегиялық бағыт
– оқыту мен студенттерді бағалауды жақсарту үшін сын тұрғысынан бағалауды
жалпы енгізу болып табылады.
Біріншіден, мұғалімдердің кәсіби деңгейін көтерудің жаңа тәлімгерлік жүйесі
қалыптасады. Екіншіден, бөлінген көшбасшылық пен басқару арқылы
өзгерістерге қол жеткізуге болады. Үшіншіден, білімді студенттің даму жолына
түсу үшін беру, яғни «табысты студентпен мен құзырлы мұғалім»
қалыптастыру тиімділігі артады. Басқару құзыреттілігін мұғалімдер бойында
көтеру-білім сапасын арттырары сөзсіз. Мұғалімдер топпен, жұппен жұмыстың
тиімділігін арттыруға көңіл аудару арқылы нәтижеге қол жеткізеді. Тиімсіз
әдістерді пайдалану, оқыту нәтижесін төмендеткен. Мұғалімдердің өздерінің
пікірі бойынша бағалау және оқу процесін талдау құзыреттілігі қалыптасады.
Критерий арқылы бағалау, студентке сын тұрғысынан ойлау мен әрекет жасауға
түрткі болады. Қалыптасқан дәстүрлі бағалау тартымсыз, толық ақпарат
бермейді, біржақты, әділ түрде бағалау критерийін жасау дағдысын
қалыптастыру арқылы мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігі туралы толық
ақпарат алуға болады. Ары қарай кемшілікті жоюға атқарылатын іс-қимыл
жоспары нақтыланады. Іс әрекетті зерттеу белсенділікті арттырумен бірге жаңа
білім, біліктілікке үйренуге жол ашады. Мұғалім еңбегіне күнделікті рефлексия
жасау, өзін-өзі дамытуға, өзгені дамытуға, оқушыны жетістікке жетелеуге
түрткі болары
сөзсіз. Ең бастысы, көшбасшылық идеясын қабылдаған ұстаздар қауымы
өздеріне сырттан сын көзбен қарауға, бағыт-бағдарды айқындауға,
педагогикалық шеберлікті шыңдауға, ізденіс пен жаңалықты ұштастыруға
үйренеді
Достарыңызбен бөлісу: