Сборник научных статей международной научно-практической конференции «Современные тренды педагогического образования»



Pdf көрінісі
бет31/232
Дата02.06.2024
өлшемі8,65 Mb.
#203093
түріСборник
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   232
Байланысты:
pedagogikalyk bilim berudin zamanaui trendteri zhinak

ӘОЖ:331.22
 
 
 



102 
ҚАЗІРГІ ОҚУШЫ ТҰЛҒАСЫНЫҢ БАЗАЛЫҚ МӘДЕНИЕТІ ТУРАЛЫ 
ТҮСІНІК 
п.ғ.к. Б.У. Курбаналиев
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті,
Шымкент 
ф.ғ.м. Г.А. Дүйсенбиева 
№129 ЖОМ 
 
Резюме 
Основными параметрами личностного развития ребенка являются его ориентация на 
общечеловеческие ценности, доброта, интеллект, творческие способности, активизм, 
чувство личной чести, независимость мысли. Уровень развития этих качеств можно 
рассматривать как показатель социальной формации и социальной квалификации человека.
 
 
Summary 
The main parameters of a child's personal development are his orientation towards universal 
values, kindness, intelligence, creativity, activism, a sense of personal honor, independence of 
thought. The level of development of these qualities can be considered as an indicator of the social 
formation and social qualifications of a person. 
Қазіргі заманғы қоғамда адамнан тек политехникалық білімді болуын талап етіп 
қана қоймай, жоғары деңгейдегі мәдениет пен ғылым мен техниканың түрлі 
салаларында терең мамандануын ғана емес қоғамда өмір сүріп тіршілік ете білуді 
талап етеді. Баланың тұлғалық дамуының негізгі параметрлері оның жалпы 
адамзаттық 
құндылықтарға 
бағытталуы, 
ізгілік, 
зиялылық, 
креативтілік,белсенділік, жеке басының намыс сезімі, ой-пікірдегі тәуелсіздік 
болып табылады. Осы қасиеттердің даму деңгейі тұлғаның әлеуметтік қалыптасу 
мен әлеуметтік біліктілігінің көрсеткіштері деп қарастыруға болады.
Білім беру жүйесінің басты міндеті – жеке тұлғаның ұлттық және жалпы адамзат-
тық құндылықтар негізінде қалыптасуы мен дамуы және оның кәсіби жетілуі үшін 
қажетті жағдайлар жасау; баланың тәрбиелену, білім алу және жан-жақты 
қалыптасу, ана тілін, ұлттық салт дәстүрлерді сақтау, ақпараттану, ден-саулығын 
нығайту сияқты құқықтарын іске асыру болып табылады. Осы сияқты қасиеттерді 
білім алушылардың бойында қалыптастыру мен дамыту Қазақстан Республикасы 
білім беру жүйесінің маңызды міндеті ретінде қарастырылады .
Белгілі философтар Аристотель, Фромм Э., Швейцер А., Мандевиль Б. 
адамгершілік ұғымын мораль тұрғысынан қарастыра отырып, адамгершіліктің 
негізгі бастаулары қайырымдылық, жақсылық, өмірді қастарлеу, әділеттілік, 
ізгілік, т.б. атап көрсетеді. Философтар адамгершілік құндылықтарды екі тұрғыда: 
гуманистік этика және әлеуметтік этика деп бөліп қарастырады. Гуманистік этика-
адамның әлеммен тұтастығы білдіретін; адам әрекеті мен адам 
индивидуалдығының әр алуандығы жағдайында мәдени формалардың іріктеуді 
білдіретін; әлеуметтік этика - социум мүддесіне бағынады, адам қоғамның немесе 
социумның ықпал ету объектісі. 
Тұлғаның қалыптасуын әлеуметтік ғылым тұрғысынан қарастыратын болсақ 
“адам-қоғам-табиғат” өзара бірлікте қарастыра отырып, тұлғаны қалыптастыруда


103 
өндірістік қатынастар мен қоғамдық ортаны негізгі деп қабылдайды. “Тұлғаның 
барлық көріністерінің жиынтығы мен бірлігі, олардың өзара бір-бірімен 
байланысы оның әлеуметтік құрылымын құрайды. Тұлғаның әлеуметтік 
құрылымының негізін қоғамдық, әлеуметтік қатынастар қалыптастырады. 
Тұлғаның қалыптасуы – оның шындық болмыспен әрекеттесу, өз құрылымында 
денелік және әлеуметтік – психологиялық қасиеттердің пайда болуы барысында 
тұлғаның өзгеріске ұшырауы. Педагогикалық ұғым ретінде тәрбиенің екі белгісі 
бар. Біріншісі – мақсатты бағытталғандығы, әлеуметтік – мәдени бағдардың, тіпті 
өте жалпы, бір қандай да болсын үлгінің болуы; екіншісі – бұл үрдістің 
барысының адамзаттық тарихы дамуы жетістіктеріне, әлеуметтік – мәдени 
құндылқтарына сәйкес болуы.
Тұлғаны қалыптастыратын тағы бір педагогикалық құбылыс “өзін-өзі 
тәрбиелеу” деген атқа ие болады. Оның мәні – тәрбие субъектісінің орнының 
ауысуында, енді тәрбиеленушінің өзі мәдени үлгіні мінез – құлықпен 
сәйкестендіреді. Өсіп келе жатқан бала тәрбие жалауын педагогтан алады және 
оны әрі қарай өзін - өзі жетілдіру жолында алып жүреді. “Өзін - өзі” тәрбиелеу 
кешегі тәрбиеленушінің субъектілігін көрсетеді, ол бүгін өзін тәрбиелеуші 
ересектерден босатты және ол өзінің “Менін” өзінің қабылдауы мен 
ойластырылған әрекетінің обьектісіне айналдырады. 
Тұлға 
– 
белгілі бір даму деңгейіндегі кемелді дамыған санасы бар, мінез- құлық 
салыстырмалы түрде тұрақты, сондай –ақ өзінің қалыптарын және әлеуметтік 
ортамен қатынасын реттеуге қабілетті адам. 
Айтылғанға орай тұлға қандай да бір керемет жетістіктермен байланысты 
болуы міндетті емес. Әрбір қарапайым ересек адам – тұлғаның негізгі және 
анықтаушы белгілері мыналар: сана-сезім, даралық сипаттар, өзін-өзі меңгеру 
,активтілік, басқа адамдармен дұрыс қатынас жасау. 
Индивид 
– 
жеке тұлға бір адам. Даралық – бұл адамның өзіндік ерекшелігі. 
Даралық қайталанбайтын, тек бір адамға ғана тән қасиеттері мен ерекшеліктері, 
бір адамда өзгелерден ажыратып тұратын қасиеттер. Даралық белгілі бір 
деңгейде 
тұлғаны 
басқалардан 
ажырататын 
мәнді 
ерекшеліктермен 
ажыратылады. Бұл адамды ынта қабілеттіліктер, мінез – ерекшеліктері. 
Адамның жекелеген қасиеттеріне негізінен оның кәсіптік жарамдылығы 
бағынышты. Адамның даралық ерекшеліктері индивидтің даму барысында 
қалыптасады. Осы процесс кезінде нерв жүйесінде, ақыл – ой сезімде және 
жігерде ынтада, бейімділікте қабілеттер, дарында, темпераментте, мінез – 
құлықта өзгешеліктер байқалады. Бұл ерекшеліктердің бәрі адамның мінезіне, 
яғни оны оқудағы және жұмыстағы жетістігі мен сәтсіздігі бағынатын тұрақты 
психикалық қасиеттерге ықтимал. Тұлғаның әр түрлі қасиеттерін 
қалыптастыруда тұқым қуалаушылық факторлардың және қоршаған ортаның 
рөлі бірдей емес, сондықтан тәрбие жолымен нені жасауға болатынын әрдайым 
есте сақтаған жөн.


104 
Кәсіби бағдар жұмысының нәтижесі оқушыларда қалыптасқан кәсіби 
таңдаудың болуы. Сондықтан кәсіби бағдарда басқару тетігі жеке адамның 
кәсіби таңдауын дамыту арқылы іске асады.
Бұл дамудағы бірінші кезең жеке кісіге қоғамдық ұйымдардың әлеуметтік 
жағдайдың әсерінен болатын, өз мақсатын белсенді түрде іздеу кезеңі. Екінші 
кезең - өмірдегі өз орнын таңдау және өз мақсатын толық, терең түсіну. Үшінші 
кезең - өмірлік құндылықтарды жеке тұлғаның жүзеге асыру кезеңі. 
Мамандық таңдауда ықпал ететін күштер жеке адамның барлық шағын қамтып 
отырғанда ғана тиімді болады. Жас жеткіншектердің мамандық таңдау - өзінің 
кәсіби бағдар іс - әрекетінің субъектісі ретінде анықталады. Оқушының 
мамандық таңдауы табысты аяқтау үшін оған кәсіби қажетті қасиеттер болуы 
шарт. Кәсіби қасиеттер дегеніміз – сол таңдаған мамандығына орай 
психикалық, физиологиялық және физикалық түрдегі әзірліктің бар болуы және 
сол мамандық талап ететін шарттарға икемді таныту.
Мамандық таңдау процессінде кәсіби сана – сезім көп әсер етеді. Жеке кісінің 
өз 
мақсаттарына, 
ұстаған 
идеясына 
ойлаған 
құндылықтарына 
өз 
мүмкіндіктерінің сайма – сай келгені дұрыс. 
Сана – сезімнің нақты формасы, өзін - өзі бағалауы. Бұл қасиет ішкі 
реттендірудің басты шарты болып табылады. Сол арқылы оқушы қай кәсіпті 
таңдайтынына зер салып әрекет етеді. 
Бүгінгі күні үздіксіз білім беру жүйесінде тәрбие мәселесінің жағдайына сай 
келетін білім алушыларды тәрбиелеудің жаңа тұжырымдамасын жасау 
қажеттілігі туып отыр. Тұжырымдама Қазақстандағы тәрбие саясатының 
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының 
Конституциясы, «Қазақстан Республикасындағы балалар құқықтары», 
Қазақстан Республикасының «Білім» туралы Заңы, Қазақстан Республикасының 
«Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы», Қазақстан 
Республикасының «Неке және отбасы» Заңы, Қазақстан Республикасының 
«Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және 
бақылаусыздық 
пен 
панасыздықтың 
алдын 
алу» 
Заңы, 
Қазақстан 
Республикасының «Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер 
үйлерi «туралы Заңы, Қазақстан Республикасының Азаматтардың денсаулығын 
сақтау туралы Заңы, Қазақстан Республикасының «АҚТҚ ЖҚТБ - ның алдын 
алу « туралы Заңы, Қазақстан Республикасының Темекi шегушiлiктiң алдын алу 
және оны шектеу туралы Заңы, Қазақстан Республикасының Заңы 
Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы , Қазақстан Республикасы 
дамуының 2010 жылға арналған Стратегиялық жоспары, 2015 жылға арналған 
Қазақстан Республикасында білім беруді дамыту Тұжырымдамасы анықтаған 
негізгі қағидаларын дамытады және т.б. Тұжырымдама тәрбиенің жалпы 
ұлттық басымдылық екендігін айқындайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   232




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет