Қашықтықтан оқыту түрінің артықшылықтары:
- еркіндігі мен икемділігі;
- географиялық жағдайға қарамайтын;
- кез-келген тұлғаның білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік
тудыруы;
- заман талабына сай ақпараттық-телекоммупикациялық технологиялар мен
құралдарды қолдану;
- интерактивті әрекеттесу формалары;
- сапалы білім алу;
- уақытты үнемдеу;
- ыңғайлы уақытта оқу;
- территориялық шектеулер жоқ;
- денсаулық күйі бойынша шектеулер жоқ.
Қашықтықтан оқыту түрінің кемшіліктері: Қашықтықтан жұмыс істеу кезінде
қатысушылардың бір-бірімен жеке байланысы аз болуы, кейде мүлдем жоқ деп
те айтуға болады. Сондықтан мұндай оқыту нысаны коммуникабельділік,
сенімділік, командада жұмыс істеу дағдыларын дамыту үшін қолайлы емес.
Және де қашықтықтан оқыту жүйесі тәжірбие жүзінде практикалық
дағдыларды тежейді. Дегенмен, карантин аяқталып, өз жұмыс орнымызға
90
оралған жағдайда дәстүрлі оқыту түрімен қатар қашықтықтан оқыту түрін де
бірге ала жүреміз деген ойдамыз. Себебі жаңа ғасыр адамзаттан оның кәсіби
қызметіндегі барлық өзгерістерді біліп, үнемі білім деңгейін жетілдіріп
отыруды қажет етеді.
Әдебиеттер:
1.
https://uchitelya.kz/maқala-қashyқtan-oқytu-zaman-talaby/
2.
https://www.zharar.com/kz/zhospar/qashyqtyk/34348-rol.html
3.https://bilimland.kz/kk/news-articles/articles/ashyqtyqtan-oqytu-kezindemuhalimge-arnalhan-
nusqaulyqtar
ӘОЖ
ТӘРБИЕ
-
ТӘЛІМДЕ
Құлбаев.А.Б ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, профессор.
Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы
Резюме
Актуальные проблемы образования, науки, искусства в Казахстане, значение и значение
национальных ценностей в вузах страны в сфере цивилизации.
Summary
Current problems of education, science, and art in Kazakhstan, the significance and significance of
national values in the country's universities in the field of civilization.
Егемен Қазақстан өмірінде жүріп жатқан өзгерістерге сай, үнемі даму мен
жанғыру үдірісіндегі қоғам өмір сүру қағидаттарына күрмеуі күрделі
мәселелерді алға тартты. ХХІ – ғасырдың жаһандану өрісі өнер салаларында
ереулі өзгерістер алып келді. Сан түрлі салалы кәсіби мамандықтардың
арасында қазақ халқыныің әдебиеті, мәдениеті мен өнерінің даму тарихы, оның
ішінде театр өнерінің сараланып, зерттеліп зерделеніп халқаралық деңгейге
көтеруде өзекті мәселелер қатарында орын алуда.Оның айғағы қазақ елінің
тарихы мен философиясы, саясаттануы мен әдебиеттануы, психологиясы мен
өнер тану салаларындағы ортақ мәселе – ұлттық және жалпы адамзаттық
құндылқтар. Олардың ғылыми танымдағы көркем ой – идеялары, теориялық көз
қарастарындағы ұлттық рухтың маңыздылыңа басты назарға ілікті.
Еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назараевтың «Рухани жанғыру» , «Ұлы
даланың жеті қыры» атты мақаласының аталмыш мәселе аясында алар орны
ерекше. Жоғарғы мектепке тиісті Президент Қ.К.Тоқаевтың жолдауында:
«Өзінің тарихын, тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ заманына лайық, шет
тілдер меңгерген оық әрі жаһанды көз қарасы бар Қазақстандық біздің
қоғамыздың идеясына айлануға тиіс!» - деп жол сілтеуі өте орынды.
91
Ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу мен зерттеу мәселесі, рухани
өркендеуде дербес еліміздің жастарының оқу үрдісіндегі кәсіби мамандық пен
салаластырудағы сабақтастықтың құндылықтарын арттыру қажеттілігі бүгігнгі
таңда аса маңызды мәселеге айналуы өте орынды бағыт деп санаймын. ХХІ –
ғасыр қоғам мен адамзаттың даму бағыттарында үлкен өзгерістер енгізді...
Тарих қойнаунын ашылып жатқан бабалар еңбектері – салихалы мұраларымз
бүгінгі ұрпақтың асыл қазынасына айналары хақ. Оның айғағы Әл-Фараби
еңбектерінің 1150 – жылдық тойына орай жарық көрген еңбектерімен Абай
Құнанбаевтың 175 – жылдық мерекесіне арналып жазылған еңбектері мен қатар
халықаралық-әлемдік деңгейде ұйымдастырылп өтіп жатқан ғылыми –
теориялық конференциялар, дөңгелек үстөл басындағы бас қосулары мен еркін
ой тұжырымдары ұлттық рухымызға, болашақтағы дамудың даңғыл жолы.
Айтылған тұжырымдар мен қосар ойлар негіздемесі таусылмас қазына екенін
бағалап іске асыруға көкірегі ояу, көзі қарақты азаматтарымыздың атқарар
еңбектері болмақ.
Осы ретте, біз - өнер адамдарыныңда алға қойып отырған жоспарлы зерттеу
мен зерделеу мәселелерін іске асыру жолдары күн тәртібінен түскен емес. Олар
екшеліп жаңаша ренкте көрініс табуда. Тарихи тұлғалар еңбегі мен ұлағатты
өмір фәлсапасы халқымыздың діні мен ділінің тазалығы, парасатты әдебі мен
бауырмалдық қарым-қатынасы өнер мен шығармашылықтағы, сахна мен
экрандық өнердің өзегіне айналуы тиіс. Бүгінгі өтпелі кезеңдегі ғасырлар
қойнауынан ұлтымыздың асыл мұралары рухани байлығымызға айналып
жатқанда, өнер шаңырақтары мен шығармашылық мамандарының да қосар
үлесі аса ауқымды болмақ. Ұлттық өнеріміздің өркендеуі мен кәсіби
мамандарды баулу, олардың сан түрлі өнерлерінің қыр-сырларын табиғи
талантына сай меңгеруге ұстаздар алқасының қосар үлесі орасан зор.
Кешегі өткен қоғамдағы бір сарынды саясаттың құрбанына айналған қазақ
елінің бүгінгі тыныс-тіршілігі жаһандану ғасырындағы «дүниенің төрт
бұрышындағы» әлемдің озық бағдарламаларымен сусындап қасиетті елінің
қарқынды өркендеуіне өз үлесін қосуда. Қазақстандағы өнер әлеміндегі сүбелі
үлестің салихалы да салмақты өнер шаңырағы Қазақ Ұлттық Өнер академисы.
Тарихы терең оқу ордасының алғашқы қадамы 1932 жыдғы Қазақстан АССР
ының алматыдағы театр көркем сурет учелищесін ашу туралы халық
комиссарлар кеңесінің қаулысы бүгінгі күнге дейін ұлтына, өнеріне, мәдениеті
мен әдебиетіне деген ұлттық азаматтық рухының биіктігінің айғағы. Бұл
мәселе бүгінгі күніде өз бағасын жойған жоқ.
Осы шешімге байланысты қиын-қыстау жылдардың өзінде өнрдің бастау
бұлағын халық арасындағы дарынды өнер иелерін іздеп кәсіби білімге
баулыды. Дарынды өнер иелері Ұлтының сап-сұлу өнерін халқына ізбасар
шәкірттеріне сарқып беру туралы бағытында аянбай қызмет етті. Қазақ
92
халқының ғасырдан-ғасырға өтіп келе жатқан өнері – ауыз әдебиеті,
фальклоры, эпостары мен дастандары, өлең, жыр айтыстары орындаушылық
өнердің шеберлігін шыңдап өнеріне өріс ашты, халықының қалаулары атанды.
Аттары бүкіл қазақ еліне мәшкүр болып халқының ардақты тұлғаларына
айналды.
Жоғарыда айтылғандай сан-салалы кәсіби білім арасында Ұлттық өнер өрісін
өркендетуде қазақ сахна өнерінің алғашқы көш басшыларының еңбектерін
ескермеудің еш қисыны жоқ. Ұлтымыздың киелі сахна өнерінің дара тұлғалары
Сәкен Сейфулин, Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтпаев, Елубай Өмірзақов, Қалибек
Қуанышбаев, Серәлі Қожамқұлов, Жұмат Шанин, Құрманбек Жандарбеков,
Жүсіпбек Елебеков, Иса Байзаков, Қапан Бадыров, Әміре Қашаубаев, Ғарифола
Құрманғалиев, Шәкен Айманов, Асқар Тоқпанов т.т.б шығармашылық
еңбектері
негізінде
сахна
педагогикасының
дамуын
байланыстырп
сабақтастыру ләзім. Жоғарыда аталған қаулымен ашылған оқу орнынң заңды
иегері бүгінгі күні егеменді елінің өнеріне талантты жастар тәрбиелеп отырған
Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА –сы аталмыш қаулы шыққан үкімет үйінің
ғимаратында халық таланттарын баулып жатқаны кездейсоқтық емес екені
және рас. Академия қабырғасында бес факультетте екі мыңға тарта студент пен
төрт жүзден астам ұстаздар қауымы (мектеп, колледж, академиялық) оқу
үрдісін үзіліссіз үш сатылы деңгейде дәріс беріп келеді.
ХХІ ғасырдағы қоғамдық өзгерістер оқу жүйесіне, жастарды тәрбиелеу
саясатына, ұстаздардың өзіндік атқаратын қызметтеріне сай кәсіби білімді
жетілдіру мен ұлттық өнерді халықаралық стандартқа сай ерекшелігін екшеп
жаңғырту мақсаттарында елеулі еңбектерімен танылуда. Ия, өнер ұлттың жаны
– ұлттың айшықты тұмары. Бүгінгі жаһандану заманында ұстаздар қауымында
әртүрлі ағымдар мен діни наным-сенімнен көрсе қызарлық, жеңілдікке
салынып ұлттық тамырдан ажыратушылардың ықпалына ұшырамау басты
қыраңлық, негізгі ұстаным болып табылады. Сонымен қатар қоғамда адами көз
қарастағы құндылықтарда үлкен өзгерістерге ие болып отыр... Көп ұлтты
Қазақстан жерінде ұлттық ерекшеліктері болып табылатын тілі мен ділі,
мәдениеті мен әдебиеті, өнері, жалпы психологиялық қалыптағы ерекшелігін
яғны; рухани байлығы мен ұлттық рухына мән бермей, ескермей саясат
сүрлеуіне салу - ол отпен ойнаған мен бірдей деуге болады.
Бүгінгі жоғарығы мектептің ұстаздар ұжымының салихалы да сындарлы,
зерделі де зергерлі ізденістері біріншіден - ұлтымыздың болшақ ұрпағы,
Елімізбен жеріміздің заңды иелері болуына сай жан-жақты оқып-дамыған һәм
бабалар өсиетіне қанық іскерде талантты ұрпақ өсіру ұлт алдында абыройлы
қызметтері екені бек анық. Өскен ұядан басталатын мәдениеті мен өнеріне,
әдебі мен парасаты, ой өрісі, тарихынан тағылым алған, тамыры терең
тәрбиеде сусындаған ұрпақ – Ұлт қазынасы болып табылуы хақ. Жағандану деп
93
еркіндікті, демократияны анархияға ауыстыру - ол ұлттық рухымыздың түп-
тамырына балта шабу екенін ұмытпаған абзал. Әр шаңырақ пен ортада,
қоғамдық орындардағы қарым-қатынас әдебі ұлттық сипаттағы алтын діңгекке
сай болуы елдігіміздің белгісі екені ескерту өте қажет. «Жақсыдан үйреніп,
жаманнан жиренсекте», ғасырдан-ғасырға жеткен ұлттыұ құндылықтарымызды
бағамдап ұмытпағанымызды жастардың бойына сініру өзекті мәселе. Ғылым
мен білімнің тілі де ұстанымыда, бөлек болсада, кәсіби маманның болмысынан
тіршілік тынысынан ұлт өкілкн көру ұстаздың ұстанымы болуы абзал. Елімізде
өтіп жатқан ұлы Абайдың 175 жылдығы Әл-Фарабидің 1150 жылдығы жан-
жақты зерделі зерделеніп халыққа жетіп жатқан ғалымдардың зерттеу еңбектері
– ол қазақ ұлтының алтындай асыл құндылықтары. Мән беріп қарасақ, бұл
еңбектердің әлемге ортақ құндылықтарға айналғандығын Әл-Фараби мен
Абайдың асыл ойлары әлемдегі әр ұлттың арман тіліек ойын қозғап асыл
мұратына жол сілтеп отырғаны ашық айтылуда. «Қайта жаңғыру мен Ұлы
даланың» Ұлы ұлдарының ұлтымыздың асыл қазыналарына жаңаша қарауға
жол сілтеді. Әлемге жайылған індетін жеңіп алға ұмтылған қазақ елінің
болашақтағы табыстарының барлық салаларда мол болатынына сенімім зор.
Достарыңызбен бөлісу: |