Сборник научных статей международной научно-практической конференции «Современные тренды педагогического образования»



Pdf көрінісі
бет24/232
Дата02.06.2024
өлшемі8,65 Mb.
#203093
түріСборник
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   232
Байланысты:
pedagogikalyk bilim berudin zamanaui trendteri zhinak

 
Литература
Авдеева Г.Ф. Информационные технологии обучения. Менеджмент в образовании. 2002г. 
Калмыкова З.И. Проблема преодоления неуспеваемости глазами психолога. М., 1982г. 
Косякова М.А. Воронежская область, институт повышения квалификации и 
переподготовки работников образования. 2004 Менчинская Н.А. Проблемы учения и 
умственного развития школьника. М., 1989г. 
Осмаловская И.М. Дифференциация процесса обучения в современной школе. Москва-
Воронеж, 2004г. 
Современные проблемы образования. Тула, 7.Ушинский К.Д. Методика начального 
обучения.М. 1968г. 
Чупрасова В. И. Современные технологии в образовании. Владивосток, 2000. 
Яшина Г. А. Дифференциация учебной работы. Оренбургская область, Богурусланский 
район, Михайловка, 
 
 
ӘӨЖ 
ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУДІҢ ТИІМДІЛІГІ МЕН ЕРЕКШЕЛІГІ 
Айдарқұлова А.Ж
. магистр-оқытушы
, Исахова Л.Т. 
аға оқытушы,
 
Мауленкулова Д.Е. 
магистр-оқытушы

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Шымкент, Қазақстан
 
 
 
 
Резюме 
В статье рассматривается вопрос об особенностях критериального оценивания в рамках 
программы обновленного образования. 
 
Summary 


85 
The article considers the issue of the characteristics of criterion assessment in the framework of the 
curriculum update program. 
Қазақстанда білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған 
мемлекеттік бағдарламасы жобасында Қазақстандық білім беру жүйесін 
жақсарту үшін, ең алдымен педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, 
біліктілігін дамыту бағытына үлкен мән берілген. Осыған байланысты қазіргі 
таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар, өзгерістер мен жаңалықтар 
мұғалімнің өткені мен бүгіні, келешегі мен болашақ жайлы ойланып, жаңа 
идеялармен жұмыс жасауға негіз болады. Елбасымыздың жолдауында 
айтқандай: Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін, заман 
талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 30 елдің қатарына жеткізетін – 
білім. Ғылым мен техниканың күн санап өсуіне байланысты педагогика 
ғылымының теориясы мен оқыту үрдісі де түбегейлі өзгерістерге ұшырауда. 
Соған орай оқытудың парадигмасы өзгерді. Білім берудің негізгі мақсаты-білім 
мазмұнының жаңаруымен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі 
құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.
Қазақстан 2030 стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделінің 
қалыптасуымен және Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру 
кеңестігіне кіріктірумен сипатталады. Қазіргі таңда мемлекеттік тілді оқытуда 
жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді 
жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану-заман талабы.
Жаңартылған 
білім 
беру 
мазмұнының 
басты 
ерекшелігінің 
бірі 
сабақта
шығармашылық 
ойлау 
дағдысын 
дамыту. 
түрі
Шығармашылық қабілеттердің дамуы, бүгінгі таңда негізгі нысана болып, 
ал оқушыда шығармашылық белгілерінің болмауы – үлкен мәселеге айналып, 
қазіргі таңда ойландыратын дүние. Өйткені, өмірдегі сан алуан 
қиыншылықтарды шеше білу тек шығармашыл адамдардың қолынан келеді. 
Баланы бастауыш сыныптардан бастап шығармашылық ойлауға, қалыптан 
тыс шешімдер қабылдай алуға, тәжірибелік әрекеттерге дайын болуға 
әкелудің жолдарын көрсету керек. Шығармашылық – бүкіл тіршіліктің көзі. 
Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен 
жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі 
ұрпақтың қол жеткен жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс – әрекетінде 
сол жетістіктерді жаңа жағдайға беймідей, жетілдіре отырып, барлық салада 
таңғажайып табыстарға қол жеткізеді. Оны жүзеге асыру жолдарының бірі –
оқушыларға білім беру, тәрбиелеу барысында кеңінен қолданылып келген 
шығармашылық ойлау дағдысын дамыту, оқушылардың білім сапасын көтеруге 
жағдай жасау, сабақты тиімді ұйымдастыру. 
Бірінші кезекте "бағалау" түсінігіне ой жүгіртіп көрелік. Бағалау "жақын 
отыру" деген мағынаны білдіретін ежелгі латын сөзі. «Жақын отыру» деген 
түсінікті жан-жақты талдайтын болсақ, оған төмендегідей бірнеше түсініктеме 
беруге болады: 


86 
• бір-біріне жақын отырған адамдар өздерінің еркінен тыс бірін-бірі бақылайды;
• бір-бірінің кез-келген іс-әрекеттерін назарларынан тыс қалдыра алмайды;
• жақын отырған адамдар бір-бірінің сөзін мұқият тыңдай алады; 
• бір-біріне сұрақ қояды,сұрақтарына тез арада жауап ала-алады; • бір-бірімен 
келісімге келуге тырысады; 
• пікірлермен алмасып,өзінің білім қорын кеңейтуге мүмкіндік алады. 
" Жақын отырған " адамдар осындай өзара әрекетке түсуі арқылы өздері бірін-
бірі бағалап отырғанын аңғармай да қалады.Мұндай үрдіс топтық жұмыс 
немесе жұптық жұмыс түрінде іске асырылады. Формативтік бағалау 
оқушының білім деңгейінің қаншалықты сатыда тұрғанын анықтауға үлкен 
мүмкіндік береді. Формативтік бағалау арқылы әр оқушының өзіндік 
мүмкіндіктерін ашуға әрекет жасалынады.Осындай бағалаудың арқасында 
дарынды оқушыны анықтауға мүмкіндік аласыз. Қандай оқушыға қаншалықты 
деңгейде тапсырма беру керектігі өз-өзінен айқындалады. Оқушылар өз 
кезегінде бірін-бірі бағалау арқылы, егер бағалау әділ жүрсе, өздерінің 
мүмкіндіктерін, қабілеттерін өздері анықтап береді.Бағалау топ арасында 
жүргендіктен, бағаланбайтын оқушы қалмайды. Сондықтан да «үнсіз» 
оқушының өзі біртіндеп «мінсіз» оқушыға айнала бастайды. Сабақ тартымды 
өтсе, топтағы оқушылар топтық жұмысқа тартылып, өздерінің белсендіктерін 
көрсетуге мүкіндік алады.Топтардың арасында бәсекелестік пайда болып, 
ізденіс жұмыстары жанданып, сабақтың қызықты өтуіне үлкен себебін тигізді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   232




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет