195
құрамды бөліктері, ток күшi,
кернеу
бейнелеуде электр тізбегі элементтерінің
шартты белгілерін қолдану;
8.4.2.3 – кернеудің физикалық мағына-сын,
оның өлшем бірлігін түсіндіру
№ 3 зертханалық жұмыс
.
«Электр тiзбегiн құрастыру
және оның әртүрлi
бөлiктерiндегi ток күшiн
өлшеу»
8.4.2.4 – электр тізбегіндегі ток күші мен
кернеуді анықтау;
8.1.3.3 – физика кабинетінде қауіпсіздік
ережелерін білу және сақтау
Бағдарламада «оқу мақсаттары» төрт саннан тұратын кодтық белгімен
белгіленді. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сандар
бөлім және бөлімше ретін, төртінші сан бөлімшедегі оқу мақсатының реттік
нөмірін көрсетеді. Мысалы, 8.4.2.1. кодында «8» - сынып, «4.2» - екінші
бөлімнің бірінші бөлімшесі, «1» - оқу мақсатының реттік саны.[3]
Оқу бағдарламасында «Физика» пәнінің оқу мақсаттары бөлімдерге бөлінген.
Бұл бөлімдер дағды немесе тақырып, білім немесе түсінік деңгейіне қарай
бөлімшелерге бөлінеді. Әрбір бөлімшенің ішінде бірізділікті сақтай отырып
құрастырылған оқу мақсаттары бөлімше аясында оқушылардың қаншалықты
алға ілгерілегенін көрсетеді, бұл мұғалімдерге жұмысын жоспарлап,
оқушыларды бағалап және алдағы уақытта олардың қандай шешім
қабылдаулары қажеттігін анықтап, оны оқушыларға жеткізуге негіз болады.
Сонымен қатар, «Физика» пәні бойынша оқу бағдарламасына негіз болған
маңызды қағидат білім беру бағдарламасының спиральділік қағидаты болып
табылады.
Спиральділік қағидаты бойынша құрылған білім беру бағдарламасы Джером
Брунердің «Білім беру үдерісі» (1962) атты еңбегінде қарастырылған танымдық
теорияға негізделеді. Оның пікірінше, ең күрделі материалдың өзі дұрыс
құрылымдалып, дұрыс ұсынылатын болса, оны тіпті кішкентай балалар да
түсіне алады. Сонымен қатар, «жұмыстау негізіне баланың бұрынғы өз
тәжірибесі перне қоры, мағлұматы салынып, дәл айтқанда, балаға танымал
жақын нәрседен басталғаны» (Ж. Аймауытұлы, 1929) абзал. Джером Брунер
адамның танымдық қабілеті шартты түрде бөлінген үш сатыдан тұрады деп
тұжырымдайды:
Достарыңызбен бөлісу: