Сборник научных статей международной научно-практической конференции «Современные тренды педагогического образования»



Pdf көрінісі
бет65/232
Дата02.06.2024
өлшемі8,65 Mb.
#203093
түріСборник
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   232
Байланысты:
pedagogikalyk bilim berudin zamanaui trendteri zhinak

Физиканы оқытудың компьютерлік виртуальді құралдары
кез-келген 
ақпаратпен жұмыс істей алатын мүмкіндіктері бар арнайы компьютерлік 
бағдарламалар. Бүгінгі таңда мұндай оқыту құралдары көптеп кездеседі. Олар 
мектептерде CD немесе FLАSH дисктерде дайындалып патенттелінген. Оларды 
қажетіне қарай компьютерлік сыныптардың, интерактивті тақталардың 
көмегімен пайдалану, білім беру жұмысының тиімділігін арттырады, 
оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамытады
 
Эксперименттік 
құралдар
ретіндегі 
компьютерлік 
бағдарламалардың 
қажеттілігі: мектеп оқушылары зертханалық жұмыстарды орындағанда алынған 
мәліметтерді кестеге енгізіп, олар бойынша графиктер, диаграммалар 
тұрғызады. Өңделетін информациялар қажетті есептеулерден компьютерге 
енгізілген формулалар бойынша алынып, автоматты түрде өңделеді.
Яғни, кез-
келген көлемді информацияларды өңдеуде компьютерлік эксперименттік 
құралдардың маңызы зор. Эксперименттік құралдар мектеп оқушыларының 
зертханалық өзіндік зерттеулер жүгізуіне мынадай қағидаларды ұстануы тиіс: 
– эксперименттік құрал тиімді құрылып, зерттелетін мәселенің толық қамтуы;


191 
– компьютерлік зерттеу табиғи эксперименттермен тең деңгейде ұштасатындай 
бағдарлама, пайдалануға қолайлы болуы; 
– эксперименттік құралдар қажетті әдістемелік нұсқаулармен жабдықталып, 
оны пайдаланған оқушылар өзінің шығармашылығын, тиімді жүргізетіндей 
болуы. 
Имитациялық құралдар
негізінен виртуальді экспериментпен тікелей жұмыс 
істеу мүмкін емес болып келетін табиғи процестермен жабдықтауда басқаша 
айтқанда, виртуальді эксперимент үшін керекті жағдай, құрал-жабдықтардың 
орнына математикалық нобайлар көмегімен жұмыс жасағанда пайдаланылады. 
Мектеп оқушылары виртуальді құралдармен жұмыс істеу барысында нобай 
параметерлерін зерттеу жұмысының қажетінше өзгерте алады. Нобай – 
имитациялық құралдардың негізі моторы болып табылады. 
Виртуальді зерттеулер барысында оқушылар мақсатқа жету бағытында 
эксперимент күйіндегі жаңа дүниені жаратады. Яғни, нобай параметрлерін 
өзінің қажетіне қарай ауыстыра отырып, бұрын болмаған жаңалықтар ашудың 
кілтін табады. Имитациялық виртуальді құралдар дайындауда мынадай 
мақсатты ұстану керек: 
– имитациялық виртуальді құралдар интерфейсі мүмкіндігінше қарапайым әрі 
объективті, дәл, жан-жақты жұмыс істей алатын нобайдың дайындалуы; 
– имитациялық виртуальді құралдар оқушылардың шығармашылық 
белсенділігін дамыту мақсатында нобайдың әртүрлі жағдайларында жұмыс 
істей алатындай болуы;
– имитациялық виртуальді құралдардың шығармашылық белсенділікті 
дамытудағы техникалық, педагогикалық-психологиялық мәні болуы керек.
Жаттығу 
виртуальді
құралдарын
пайдаланудағы негізгі мақсат – теориялық 
сабақтардан жинақталған білімдерді, біліктерді және дағдыларды бекіту.
Жаттығу виртуальді құралдарына қойылатын талаптар:
– жаттығу виртуальді құралдарында білімділік, біліктілік қабілеттері түрлі 
деңгейлі оқушылар алған жұмысын өздігінен өңдей алуын ескерілуі;
– жаттығу виртуальді құралы әрбір оқушыға өзін-өзі тексере алатындай жағдай 
жасап, оңтайлы жұмыстарына қолдау көрсетуі қажет;
– жаттығу виртуальді құралына қосымша ынталандыру факторы ретінде 
салыстыру элементтерін енгізгені дұрыс;
– жаттығу виртуальді құралында оқушыларды үздіксіз ізденіске баулитын, 
олардың шығармашылық белсенділігі дамытатын, қызығушылыған арттыратын 
элементтер болуы керек. 
Қазіргі қашықтан оқыту үдерісінде виртуальді жаттығу құралдарын көптеп 
пайдалану, 
оқушылардың 
өздігінше 
жұмыс 
істеу 
қабілеттерін, 
шығармашылығын дамыта отырып, практикалық виртуальді жұмыс 
дағдыларын жетілдірудегі маңызы зор. Мәселен, практикалық виртуальді 
жұмыс оның ішінде есеп шығару оқушылар үшін ең күрделі оқу әрекетінің бірі: 
бұл жерде оқушылардың дербестігі толық көрінеді. Нәтижеде оқушылардың 


192 
жалпы жағдайды талдай білуі мен тиімді шешім қабылдай алу қабілеттері 
дамиды. 
Болашақ физика пәнінің мұғалімдері виртуалды зертхана арқылы 
оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыра алады. «Зертханалық 
жұмыстарды витруалды жүргізу үшін 3D көзілдіріктері қолданылады. 
Көзілдірік көмегі арқылы, адамның көз алдында модерн үлгісінде жасалған 
жасанды зертхана елестейді. Зертханалық тәжірбиелік жұмыстарды жүргізуге 
арналған бағдарлама мобильдік қосымша түрінде болады. Оны «Play Market» 
және «App Store» жүктеу жүйелері арқылы кез келген смартфонға орнатуға 
мүмкіндік бар. Бүгінде виртуалды зертхананың демо-нұсқалары бар.
Атап айтқанда, А.А. Туякбаевтың «Физика пәнінен виртуалды зертхана» 
материалдары көпшілікке қолдануға арналған [3]. Мұндағы зертханалық 
жұмыс 3D форматта интернет арқылы жұмыс атқарады. Физика пәнінің 
Механика, Молекулярлық физика және Электромагнетизм бөлімдерін 
қамтиды. Зертхана 3D форматта болғандықтан әрбір қондырғыны кез-келген 
қырынан және кез келген қашықтықтан қарау мүмкіндіктер бар. Бұл 
мүмкіндіктер білім алушының қызығушылығын арттырып білім сапасын 
арттыруға әсер етеді», - дейді автор. Сонымен қатар әрбір жұмысқа 3-5% 
дейінгі кездейсоқ қателік енгізілген. Соның нәтижесінде жасалған 
эксперименттер ешқашан дәлме-дәл қайталанбайды. Білім алушы қателіктер 
теориясын қолданып экспериметтің дәлдігін анықтауына да болады. Жұмыс 
жасау үшін ТАПСЫРМА, ДАЙЫНДАУ, БАСТАУ және ТОҚТАТУ 
батырмаларын басу керек. ТАПСЫРМА батырмасы арқылы білім алушы осы 
жұмыста қандай нәтижеге қол жеткізуі тиіс екенін біледі. ДАЙЫНДАУ кезінде 
қондырғылар жұмысқа дайындалады, ал БАСТАУ батырмасын басқан соң 
физикалық процесс басталады. Барлық жұмыс толығымен анимацияланған, 
яғни барлық қондырғылар эксперимент барысында нәтижелерін өзгертіп 
отырады. Мысалы БАСТАУ батырмасын басқан соң секундомер іске қосылып 
дене қозғала бастайды немесе қыздырғыш тоққа қосылып термометр мен 
манометр уақытқа байланысты мәндерін өзгерте бастайды, сол сияқты кілт 
қосылып амперметр мен вольтметрдің тілшелері өлшеу нәтижелерін көрсете 
бастайды. 


193 
Қорыта айтқанда, Білім беруді цифрландыру құралы ретінде виртуалды 
аспаптарды қолдануға болашақ физика мұғалімдерін дайындаудың
әдістемелік ерекшеліктерінде [4,5] компьютерлік технологияның жоғары 
мүмкіндіктерін сабақтың көрнекілігін, жұмыстың сапалылығы мен өнімділігін 
жоғарылатуда пайдаланған тиімді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   232




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет