Сборник научных статей международной научно-практической конференции «Современные тренды педагогического образования»



Pdf көрінісі
бет7/232
Дата02.06.2024
өлшемі8,65 Mb.
#203093
түріСборник
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   232
Байланысты:
pedagogikalyk bilim berudin zamanaui trendteri zhinak

Әдебиеттер 
Cowie, A.P. Phraseology. In Encyclopedia of language and linguistics. [second edition]. 
Amsterdam, Oxford, etc.: Elsevier, p. 579-585. – 2005.
Zykova, I. The phraseological meaning construal in the traditional vs. cognitive culture-oriented 
perspectives // Lege artis. Language yesterday, today, tomorrow. The Journal of University of SS 
Cyril and Methodius in Trnava. Warsaw: De Gruyter Open, 2016, vol. I (2), December 2016. p. 
253- 286. DOI: 10.1515/lart-2016-0015 ISSN 2453-8035 
Жетпiсбай Ш.А. «Мiнез-құлыққа қатысты лингвистикалық ерекшелiктерi: Мoнoграфия / 
Ш.А. Жетпiсбай; Қарағанды мемлекеттiк техникалық университетi. – Қарағанды: ТOO 
«САНАТ-Пoлиграфия», 2018. – 120 б. 
 
 
 


22 
ӘӨЖ 
БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ 
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ 
магистр- оқытушыУсипбекова Айжан Суттибековна, 
103-18 оқу тобы Максим Назерке Бахытқызы,
Ускенбаева Айдын Жолымбекқызы 
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық педагогикалық университеті 

Шымкент, 
Қазақстан
 
 
Резюме 
Рассмотрено понятие «Технология педагогики», обоснована необходимость внедрения 
инновационных подходов в организации образовательной деятельности в школе. 
Сформулированы основные образовательные цели в подготовке специалистов на 
современном этапе. 
Summary 
The concept of "technology of pedagogy" is considered, the necessity of introducing innovative 
approaches in the organization of educational activities at school is justified. The main educational 
goals in training specialists at the present stage are formulated. 
 
Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі 
деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды 
әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру 
мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару 
Бүгінгі таңда жүзден астам білім беру технологиялары бар.Жаңа 
психологиялық-педагогикалық технологиялардың пайда болуының негізгі 
себептерінің арасында мыналарды бөлуге болады: 
- білім алушылардың психофизиологиялық және жеке ерекшеліктерін тереңірек 
есепке алу және пайдалану қажеттілігі; 
- тиімділігі төмен ауызша сөзді ауыстырудың шұғыл қажеттілігін түсіну 
- жүйелі-әрекеттік тәсілмен білім берудің (ауызша) тәсілі; 
- кепілдендірілген оқу нәтижелерін қамтамасыз ететін оқу процесін, мұғалім 
мен оқушы арасындағы өзара әрекеттестіктің ұйымдастырушылық формаларын 
жобалау мүмкіндігі. 
Қазіргі уақытта “педагогикалық технология” ұғымы әртүрлі түсіндіріледі. Көп 
тараған анықтама В.П. Беспалько ұсынған: ол педагогикалық технология оқу 
мен тәрбие процестерінің (теориялық негізделген) еске түсіру барысында 
қолданған құралдар мен әдістер жиынтығы, олар білім мақсатын тиімді жүзеге 
асыруға мүмкіндік береді. Пеадагогикалық технология қол жеткен 
жетістіктерді сатылы өлшеу мен қорытынды бағалаудың объективті 
мүмкіншілігін жеткілікті дәрежеде сақтайтын мақсаттары мен тапсырылған 
оларға сәйкес ғылыми жобалардың болуын қалайды. Бірақ бұл анықтамадағы 
көрсетілген бір–бірімен тәуелсіз және дербес өмір сүруін оқыту және тәрбие 
процестері болады деген оймен келісу қиын. Тұлға дегеніміз тұтастай тұратын 
құрылым, және ол біртұтас педагогикалық процеспен байланысты. (Ильин 


23 
В.С.), демек педагогикалық технологияда осы педагогикалық процестің басты 
белгісіне сәйкес болуы керек. 
Педагогикалық технологияда берілген басқа да анықтама бар, ол: оқыту 
процесін жүзеге асырудың мазмұндық техникада (В.П. Беспалько), 
педагогикалық ұйымдастыру мен жүзеге асырудың жобасы (алгоритмі), оқыту 
процесін ұйымдастырумен жүргізуді жобалау барысындағы бірлескен 
педагогикалық іс–әрекетінің моделі (В.М.Монахов), барлық сабақ беру 
процесін жасаудың, қолданудың және анықтаудың жүйелі әдісі, білімді 
меңгерудегі техникалық және адам және олардың өзара әрекеттерін ескеру 
(ЮНЕСКО), мазмұнын қорытындылау (Г.К.Селевко). В.Н.Бордовская мен А.А 
Реанның көрсетуінше білім беру технологиялары дегеніміз бұл білім беру 
процесіндегі ұстаздар мен оқушылардың жүйелілік іс–әрекеттеріне, ол мақсат 
мазмұн әдістерді ұйымдастырудың белгілі бір нақтылы принциптері мен өзара 
байланыстылығына сай нақталы идея негізінде болады. 
Педагогикалық технологияның міндеттері: 
– әр түрлі қызмет саласындағы іскерлік пен дағдылардың шыңдау, білімнің 
тереңдігін, беріктігін арттыру; 
– мінез – құлықтағы әлеуметтік құнды әдеттер мен формаларды нығайту және 
арттыру; 
– технологиялыққұрал-саймандар мен жұмысістеугеүйрету; 
– технологиялық ойлау дағдыларын дамыту; 
– оқу міндеттері мен қоғамдық пайдалы еңбек ұйымдастыруда 
оқыту технологиясы сабақ беру әдістемесімен салыстырғанда, оқушылардың 
өздерінің іс-әрекетін ұйымдастыру тәсілдері және мазмұнын өндіруді көрсетеді. 
Олар диагностикалық білім маңыздылығын және оқыту процесінің 
қасиеттерінің жалпы оқушылардың тұлғасын дамытуға бағытталған объективті 
бақылауын қажет етеді . Педагогикалық технологиялар білім мазмұнын 
саралауды, жеке бағдарлауды, оның белсенділік сипатын, оқу, танымдық, 
коммуникативті, практикалық, шығармашылық іс – әрекет тәсілдерін 
қалыптастыруға, оқушылардың осы іс-әрекеттің тәжірибесін алуға бағытталуын 
қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, негізгі құзіреттіліктерді қалыптастырады 
оқушылардың алған білімдерін, дағдыларын өмірде қолдануға мүмкіндік 
береді.
Педагогикалық технология әр түрлі жағдайлардағы нақты өзара іс-қимылдарды, 
жүйеленген, бағдарланған, оқыту және тәрбиелеу стандарттарына сай тәсілдер 
негізінде компьютер мен техникалық құралдар қолдану арқылы да 
ұйымдастырылады. Бүгінгі таңда білім беру жүйесінің құрылымдарында 
оқытудың айқындалған көптеген технологияларын пайдаланып жатқандығы 
белгілі. Болашақ маманға тәжірибе беруде ақпаратпен жұмыс істеу әдістеріне, 
жаңа білімдерді құру әдістеріне, ең маңыздысы – әлемнің дамуы туралы 
білімдердің қажетті деңгейін қалыптастыратын әдістерге үйрету. 


24 
Әдебиеттер 
Бұзаубақова К. “Жаңа ПЕД-технологияны меңгеру – міндет”. // Қазақстан мектебі. № 9-10. 
2005 ж. 
Байғазиева Г. “Жаңа Педтехнология”. // Қазақстан мектебі. № 8. 2005 ж. 
Әмір Шарапат. “Педагогикалық инновацияны іске асырудың жолдары” // Қазақстан мектебі. 
№ 6. 2001 ж. 
Көшімбетова С. “Оқыту тиімділігі – озық технологияларда”. // Қазақстан мектебі. № 7. 2005 
ж. 
Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. / Егемен Қазақстан. 2 -наурыз, 2006 ж 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   232




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет