Сборник научных статей научно-практической конференции «Байтанаевские чтения-Х»



Pdf көрінісі
бет110/301
Дата22.10.2023
өлшемі8,82 Mb.
#187405
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   301
Байланысты:
baytanaev 2022 zhinak 1 tom gotov

Әдебиеттер
1.
Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – Алматы, 1992 
2.
Сарыбаев Ш. Қазақ тіл білімі мәселелері. – Алматы, 2000 
3.
Виноградов В.В. Русский язык. – М.- Л., 1978 
4.
Нұрмаханова Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы. – Алматы, 1971 
5.
Туебекова З.Д. Междометия как часть речи //Известия АН Каз ССР. Серия 
филологическая. -1983.
6.
Хасамудинова Р.Р. Междометие как коммуникативный сигнал не 
расчлененного типа // Вестник КазНУ. Серия филологическая №5. 
7.
Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. – Алматы, 1971 
8.
Сарыбаев Ш. Қазақ тіл білімі мәселелері. – Алматы, 2000 
ӘОЖ
ҚАЙТАЛАУ АМАЛДАРЫНЫҢ ТІЛДІК ТАБИҒАТЫ 
Мырзабай С. – 11748 оқу тобының студенті 
Ғылыми жетекші: Пазылова А.С. – аға оқытушы 
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Шымкент 
Резюме 
В данной статье рассматривается характер и стилистическая функция повторов в 
казахском языке, их языковая и словообразовательная система. 
Қайталану – тілде көне дәуірлерде пайда болған құбылыс. Алғаш оған 
назар аударған көне дәуір философтары болды. 
Қайталау – әлемдік тілдердің барлығында дерлік кездесетін, кеңінен 
қолданылатын тілдік құбылыс болып саналады. Бұл құбылыс түркі тілдеріне де, 


211 
соның ішінде қазақ тіліне де тән. Түркі тілдеріндегі қайталамалар да көне 
дәуірлерде қалыптасқан. Қайталаманың қарапайым үлгілерін көне түркі
жәдігерлері- «Күлтегін», «Білге қаған», «Тоныкөк» ескерткіштері мәтіндерінен 
кездестіреміз. Мысалы: «Мен едім, жетекшісі де мен едім, Елтеріс қағанға... 
түрік батыр қағанға» [1, 26]. Олар Орта түркі дәуірі ескерткіштерінде де, халық 
ауыз әдебиеті үлгілерінде де мол ұшырасады. Эпостық жырлар мен халықтық 
жыр- дастандар, толғаулар мен термелер мәтін жолдары да қайталауларға 
толы. Осының барлығын бір жағынан қайталаулардың даму, жетілу үрдісі деп 
бағаласақ, екінші жағынан олардың қазақ тіліне, оның ұлттық сипатына тән 
құбылыс екендігі деп бағалауға болады.
Қайталаулар дами келіп, сөзжасамның тәсіліне айналып, сөз мағынасын
түрлендіретін, бір сөз табын екінші бір сөз табына айналдыра алатын тәсіл 
ретінде де таныла бастады. Бұл- қайталаулардың дамуының жаңа кезеңі. 
Қайталаулардың сөзжасамдық қасиеті туралы әлімдік тіл білімінде де, қазақ тіл 
білімінде де біркелкі қамтылған [2, 43]. 
Тілдің қолданыс аясының кеңеюі, ұлттық әдеби тілдің дамуы 
қайталаулардың жаңа қызметін- көркемдегіш тәсіл ретінде қолданылу 
мүмкіншілігін ашып береді. Соның нәтижесінде қайталауды стилистикалық 
тәсіл ретінде таныла бастады. Қайталаудның бұл түрі парадигматикалық 
сипаттағы қайталау түрінен түбегейлі ажыратылады. Ең алдымен, стильдік 
қайталаулар тілдің барлық саласын-фонетика, лексика, грамматика саласын 
қамтып, мәнін түзу және мәтін дамыту қызметтерін атқарады. Мұның өзі- 
қайталаулардың өте күрделі құбылыс екендігі белгісі. Қайталаудан басқа 
тілдегі бір де бір көркемдегіш құрал әрі тілдік, әрі сөз қолданыстық сипатқа ие 
болып, тілдің ішкі саласының барлық деңгейін қамти алмайды [3, 72]. 
Қайталаулардың өзіндік жүйе мен құрылымнан тұратындығы, 
парадигматикалық және синтагмалық қасиеттерге ие болатындығы, тілдің 
барлық деңгейінде көрініс табатындығы, өз ішінен бірнеше түрге бөлінетіндігі, 
дыбыстардың, сөздің, сөз тіркесінің, сөйлемнің, микромәтіннің, абзацтың, тіпті 
мәтіннің қайталанып берілуі арқылы сан түрлі қызмет атқаратындығы, басқа 
стилистикалық әдіс-тәсілдерден әлдеқайда ауқымды келетіндігі оны 
лингвостилистикалық категория деп тануға мүмкіншілік береді. 
Сөйлем мүшелерінің қайталануы бір сөйлем деңгейіндегі, қатарлас 
орналасқан жай сөйлемдер лебіндегі, бірыңғай мүшелердегі, құрмалас
сөйлемдердегі түрлерге бөлінеді және олардың әрқайсысының құрылымдық 
ерекшелігі, стильдік қызметі айқындалады. Мысалы, сөйлем мүшелерінің бір 
сөйлем көлемінде қайталануынан гөрі қатарлас жай сөйлемдерде қайталанып 
берілуі ерекше көркемдік сипатқа ие болады. Оның үстіне, соңғы түр тиімді 
қолданылатын құрылымға жатады. Бірыңғай мүшелердегі қайталамалар алшақ 
ұғымдарды біріктіру, кейде оларды саралау қызметтерінде өнімді қолданылады 
[4, 61]. 
Құрмалас сөйлемдер жүйесіндегі сөйлем мүшелерінің қайталануы
бірнеше қызмет атқарады. Оларға айтылған ойды дәлелдеу, түсіндіру, 
нақтылау, кеңейту, қорытындылау қызметтері жатады. 


212 
Қайталауда сөйлемдер ерекше стильдік бояуға ие болады. Қайталауда
сөйлемдер айтылатын ойға эмоциональды реңк пен экспрессивті бояу беруге, 
үстеуге ыңғайлы келеді. Қайталама сөйлемдер мәтін құрылымында күрделі
тілдік-стильдік табиғатымен ерекшеленеді. 
Бір сұраққа жауап беріп, бір ғана қызмет атқарып, бір ғана мүшемен 
байланысатын екі я одан көп мүшелерді бірыңгай мүшелер дейді. Бірыңғай 
мүшелер көбінесе тұлғалас болып келеді де, өзара салалас, бірде жалғаулықтар 
аркылы, бірде жалғаулықсыз дауыс ырғағымен байланысып, бір ғана мүшеге 
қатысты 
болады. 
Сөйлемнің барлық мүшесі де: бастауыш та, баяндауыш та, толықтауыш 
та, анықтауыш та, пысықтауыш та сөйлемнің бірыңғай мүшелер бола алады. 
Бірыңғай мүшелер жалғаулықтар арқылы байланысқанда, қай жалғаулықты сөз 
арасында пайдалану стильдік тұрғыдан дұрыс екендігін ескеру керек.
Әр аяқталған тиянақты ойды білдіретін сөйлемдегі сөздердің орын 
тәртібі, лингвостилистикасы ерекше болатындықтан,сөйлемдегі стильдік 
ерекшелікті қалыптастырады. Сөйлем мүшелерінің сөйлемде орналасу, орын 
ауысу тәртібі қалай болатынын дұрыс аңғару тілдік норма талаптарына сай 
жүргізіледі. Тілдік ярустардың стилистикалық қабілеті бұл мәселеге қатысты да 
ерекше. 
Қорыта айтқанда, көркем шығарманы талдауда автор, кейіпкер және 
оқырман үштағаны бойынша автордың кейіпкерді суреттеуі мен оның аузына 
сөз салуы, тұрмыс-тіршілігін сипаттауы, оған тән әрекеттер мен жағдайлардағы 
сипаты арқылы өзінің доминант ұғым әрі тұлға екендігін танытады. «Мәтіннің 
түзілісінде стилистикалық ерекшеліктер мен прагматикалық мақсат қатар 
тұрады. Адресанттан алынған мәтіннің толық табиғаты адресаттың да ақыл-
ойына қозғау салады, жан-дүниесіне әсер етіп реакциясын тудырып, оның 
көзқарасының, пікірінің, сана-сезімінің өзгеруіне ықпал етеді» [5, 23]. 
Кейіпкерлер психологиясы, оқырман психологиясы, оқырманның шығарманы 
қабылдауы, ұлттық танымның шығармадағы көрінісі, ұлтымыздың, еліміздің 
тарихы, қоғамға, өмірге, саясатқа, табиғатқа қатысты қандай да бір маңызды 
мәселелердің барлығы автордың көкейінде болуы – шарттылық. Сонда ғана 
автор үштағанды байланысты ұстап тұратын шығарманың антропоөзегіне 
айналады. 
Қорыта айтқанда, тіл дамуының әр кезеңінде ұлттық сөздік құрам 
көлемі мен мөлшері әртүрлі деңгейде болады, нақтырақ айтсақ ол, бір жағынан, 
жаңа ресурстармен толығып жатса, екінші жағынан, кеміп, азайып жатады. 
Мұны бақылап, реттеп отыру мүмкін емес. Оны сол тұста жарыққа шыққан 
дереккөздердің материалын сұрыптау арқылы анықтауға болады. Біз үшін 
маңыздысы – осындай көркем туындыларда қолданылған тілдік деректер 
арқылы оларда қатталып қалатын сол кезеңдегі тіл ұстанушының 
сарасанасында нық орын тебетін ғаламның концептуалды бейнесін жаңғырту 
мүмкіндігі. Осыған қол жеткізген сәтте қаламгерлеріміздің білімдер 
жүйесіндегі маңызды ақпараттың кілтін де иемденеміз. Демек, уақыт өткен 
сайын ескірмей, көмескіленбей, қайта жарқырай түсетін сөз асылына жақындай 


213 
түсеміз. Бұл тұтас этнос ретінде өзімізді де тани түсуге септігін тигізеді. 
Осындай ұрпақ пен ұрпақтың арасын уақыт өткен сайын жақындата түсетін 
қасиет – адамзатқа берілген сандаған игіліктердің ішіндегі киелісі Сөзге 
дарытылған! Заманымыздың біртуар тұлғасы А. Байтұрсынұлының «Сөзі 
жоғалған жұрттың өзі де жоғалады...» деген даналығын ескере отырып, сөз 
зергерлерінің көркем туындыларын зерттеп, зерделеудің маңызы зор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   301




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет