215
Пайымдауды сөйлемді сөз тіркесінен ажыратушы меже деп тану туралы
көзқарастар Н.А.Баскаков еңбектерінде де кездеседі [7, 50]. Ғалымның сонымен
бірге аталған екі синтаксистік категорияны (сөз тіркесі мен сөйлем) ажыратуда
басыңкы сыңардың грамматикалык формасын меже етіп алу керектігі туралы
пікірі де бар.
«Сөз тіркесін жан-жакты зерттеген ғалымдардың бірі – Е.И.Убрятова якут
тілінің синтаксисіне қатысты еңбегінде сөз тіркесінің негізгі түрлерін
синтаксистік байланысқа негіздей қарастырады» [8, 38].
Сөз тіркесін өзге кұбылыстардан ажыратуға негіз болатын бірнеше
белгілер бар, соның ішінде ең негізгісі — бағыныңқы, басыңқылық қасиет. Осы
тұрғыдан предикативтілік қатынас негізінде жасалған тіркестерді сөз
тіркестерінің қатарына жатқызамыз ба деген сұраққа тіл мамандары осы
уақытка дейін әр түрлі жауап беріп келеді. Бұл жайында О.С.Ахманова былай
дейді: «Байланыстың негізгі үш түрі — атрибутивті, комплективті және
предикативті түрлерінің ішінен біріншісі әрқашан да сөз тіркесін тудырады:
байланыстың екінші түрі өздерінің тығыз байланысты формаларында ғана сөз
тіркесін туғызады, үшіншісі оны (сөз тіркесін) ешқашан да тудыра алмайды» [2,
454-455].
М.Балақаев мұндай көзқарасты кұптамайды: «Сөйлемді сөйлемдік
касиеттеріне карап, сөз тіркестерін де өзіндік касиеттеріне карап танып,
мысалы жазық дала дегенді сөз тіркесі деп танысақ, атқа мінді дегенді әрі
сөйлем, әрі сөз тіркесі деп карау керек», — дейді [5, 94].
С.Исаев өз зерттеуінде күрделі етістікке қатысты айтылған негізгі ойларға
толдықтай сараптама жасаған. «Зерттеулерде күрделі етістік негізгі екі түрлі
аспектіге сараланған:
1. Күрделі етістік – таза грамматикалық тұлға (Ы.Маманов, С.Исаев).
2. Күрделі етістік
– сөзжасамдық тұлға (К.Аханов, А.Ысқақов,
Н.Оралбаева)» [9, 268].
А.Ысқақов «Қазіргі қазақ тілі» (морфология) деген еңбегінде күрделі
етістікке мынадай анықтама береді: «Қазақ тілінде кемі екі я одан да көп
компоненттерден құралып, сөйлеу тілінде де, жазба тілде де бірдей қолданыла
беретін есімді тіркестер мен етістікті тіркестер де бір категория ретінде
қаралып, күрделі етістік деген терминмен аталып жүр» [10, 126].
Күрделі етістіктің синтаксистік қызметі, байланысу тәсілдері, формасы
туралы А.Аблақов «Қазақ тіліндегі етістікті сөз тіркестері», «Меңгеріле
байланысқан етістікті сөз тіркестері» деген еңбектерінде жан-жақты зерттеп,
талдау жасаған [11, 35-46].
Күрделі
тіркестердің өзіне тән болмыс-қасиетін зерттеу сан
ғасырлардан бері зерттеушілер назарынан түспей келе жатса да, оның бүгінгі
күн талабынан зерттеуді қажет етіп жатқан тұстары әлі де көп. Бұл бағытта
біршама мәселелер анықталып, құнды зерттеулер жарық көрді. Бұл зерттеулер
қазақ лингвистикасындағы күрделі сөз тіркестерінің дамуына, олардың басқа да
қырларының зерттелуіне негіз болғаны анық.
Достарыңызбен бөлісу: