Сборник научных статей научно-практической конференции «Байтанаевские чтения-Х»



Pdf көрінісі
бет227/301
Дата22.10.2023
өлшемі8,82 Mb.
#187405
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   301
Байланысты:
baytanaev 2022 zhinak 1 tom gotov

Әдебиеттер
1.
Жмуров В.А. Большая энциклопедия по психиатрии [Электронный ресурс].- URL: 
http://vocabulary.ru/dictionary/978 (дата обращения: 24.02.2014 г.) 
2.
Шаповаленко И.В. Возрастная психология.- М.: Гардарики, 2005–349 с.
3.
Психология [Электронный ресурс]. - URL: http://www.psychology.ru/ (дата 
обращения: 24.02.2022 г.) 
4.
Шегаева, А. В. Способы формирования нравственных качеств у младших 
школьников / А. В. Шегаева. - : непосредственный // Проблемы и перспективы развития 
образования : материалы V Междунар. науч. конф. (г. Пермь, март 2014 г.). - Т. 0. - Пермь: 
Меркурий, 2014. - С. 144-145. - URL: https://moluch.ru/conf/ped/archive/101/5202/ (дата 
обращения: 04.04.2022). 
ӘОЖ
ДЕВИАНТТЫ МІНЕЗ - ҚҰЛЫҚТЫ ЖАСӨСПІРІМДЕРДІ ҚАЙТА 
ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ 
ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ 
Парманкулова Б.А
. – 1801-11ж тобының студенті 
Ғылыми жетекші : Әбішева Л.П.
п.ғ.к., аға оқытушы 
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Шымкент 
Резюме
В данной статье рассматриваются вопросы социально - педагогических технологий 
перевоспитания подростков с девиантным поведением 


483 
Еліміздің нарықтық қатынастар кезеңінде болашақта бүкіл әлемдік 
өркениет аренасында өз орны бар мемлекет деңгейінде дамуы халқымыздың 
ұлттық менталитетінің болмысына әсіресе жаңа жас ұрпақтың сындарлы тәлім-
тәрбиесіне тікелей байланысты. 
Дегенмен 
бүгінгі 
таңда 
ұлттық 
болмысымызға 
кереғар, 
келеңсіз 
құбылыстардың жастар арасында кең етек алуы жас ұрпаққа қажетті заман 
талабына сай тәлім-тәрбие жүйесін жаңартуға, ұстаздардың сонымен қатар ата-
аналардың алдына аса маңызды міндеттер қояды. Бұл міндетке халқымыздың 
ғасырлар бойғы ұрпақ өсірудегі ұлттық тәрбие дәстүрлер тәжірибесі негізінде 
адамгершілік қадір қасиеттері тағылымды, рухани дүниесі бай, мінез-құлық 
мәдениеті еліміздің болашағы үшін қызмет етуге дайын азаматты қалыптастыру 
арқылы жетуге болады. 
Жасөспірімдердің әлеуметтік проблемаларына деген қызығушылықтың 
өзектілігі әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өзгеру кезеңін 
басынан кешіп отырған қоғамдарда күшейіп отыр. Қазақстан үшін жас ұрпақ 
жасөспірімдердің әлеуметтік проблемаларын зерттеу, әлеуметтік жұмыстың 
механизмін, технологияларын зерттеу қазіргі қазақстандық жастар үшін – жас 
ұрпақтық нарық заңдарына кездесіп, бұрынғы ұрпақтарға қарағанда қатал 
бейімделу жолдарын таңдау алдында қалуымен де байланысты. Балалар мен 
жасөспірімдер қараусыздығы, жасөспірімдер арасындағы қылмыс, нашақорлық 
және т.б. сол сияқты өтпелі кезеңде байқалған. Мұндай құбылыстардың 
ауқымы жасөспірімдерді әлеуметтік жұмыстың әлеуетті объектілеріне 
айналдырып отыр. 
Білім берудің жаңа жүйесіне сай жас ұрпақ тәрбиесін жан-жақты жақсартуға 
бағышталған қызмет айрықша маңызға ие екені белгілі. Жас ұрпақ тәрбиесінде 
әттеген-айларға кезігіп, кеш өкініп, опық жеп жүрген жайымыз бар. Олай 
болса баланың шәлкім – шалыс жүрісін ұсақ-түйек санап, “кейін ер жеткенсін 
өзі –ақ қояды” деп кейбір ата-аналардың жеке жауапкершілігіне жүрдім 
бардым қарауын бала тәрбесіне мән бермеушілік , оның ертеңгі күнін 
ойламаушылық демеске лаж жоқ. 
Соңғы кездері осы жастар тәрбиесіндегі кемшіліктердің кең етек алуын 
тектен-тек оқиға деп қарауға болмайды. Ол өмір шындығы, бәріміздің ортақ 
кемшілігіміз. Осы кемшіліктеріміздің нәтижесінде жасөспірімдер арасында 
девиантты мінез-құлық көптеп кездеседі.
Девиантты мінез-құлық деп әлеуметтік нормадан ауытқуды айтады. Оны 
қоғамда қабылданған нормаға қарама-қайшы әрекет жүйесі ретінде анықтайды.
Психикалық әрекетіне өзгеру күйін тудыратын улы заттарды қолдану 
девиантты мінез-құлық формасы болып табылады. Осы заттарды қолданған
кезде ол психикалық процестерге әсер етеді. 
Девиантты мінез-құлық әртүрлі формада көрінгеніне қарамастан, олардың 
барлығы бір-бірімен тығыз байланысты. Ішімдік ішу, наша қолдану, агрессивті 
мінез-құлық тағы басқалар бір тұтастықты көрсетеді. Жасөспірімдердің 
девиантты мінез-құлқының біреуін қолдануы оның басқа заттарды қолдануға
деген мүмкіндіктерін жоғарылата түседі. 


484 
Қандайда бір іс-әрекеттің бағалануы оны қандайда бір нормамен салыстыру 
іске асады. Проблемалық іс-әрекетті жиі девиантты деп атайды. Девиантты 
мінез –құлық психологиялық денсаулық, құқықтық, мәдениеттік немесе жалпы
қабылданған нормадан ауытқу әрекетінің жүйесі. 
Девиантты мінез-құлық екі үлкен категорияға бөлінеді. Біріншіден бұл 
психологиялық денсаулық нормасынан ауытқу. Екіншіден, бұл қандайда бір 
әлеуметтік-мәдени нормаларды, әсіресе құқықтық норманы бұзатын 
антиәлеуметтік іс-әрекеті. 
Ата – ананың баламен дұрыс қарым – қатынас жасамауы және баланың 
тәрбиесіне тікелей әсер ететін теледидар арнасынан сапасыз хабарлардың 
көрсетілуі. Осының әсерінен елімізде нашақорлық, ішімдік және әртүрлі 
қылмыстар мен теріс қылықты жүріс – тұрыстар көбеюде. Теледидарда 
көрсетілетін 
хабарларға 
ішке 
қойылмағандықтан 
балалар 
әртүрлі 
видеокинолардан көрген зорлық – зомбылық, төбелес, шабуыл, ату, өлтіру т.б 
әрекеттерді ойын кезінде ойыншықтарымен еліктеу қылықтарын жүргізеді.
Белгілі психолог К.Бютнердің айтуы бойынша осындай ойындар, видеолар, 
теледидарлар девиантты мінез – құлықтың негізгі себебі болады дейді. 
Девиантты мінез – құлыққа өзін - өзі бағалау деңгейі төмен балалар бейім
келетіндігіне байланысты, балалардың өз ортасынан бөлініп, шеттеп жүруіне де 
себеп болады. Өз ортасында өзін толық сезіне алмаған баланың мектепке деген 
қызығушылығы төмендеп, өз қызығушылығын қанағаттандыру үшін 
телекиноларға әуестеніп, содан көрген теріс қылықтарды бойына сіңіреді. 
Сонымен қатар балалардың девиантты болуына ата-ана да әсер етеді. Егер ата-
ана балаларының қызығушылығын қанағаттандырмаса, онда ол өз қажеттілігін 
басқа нәрсеге бағыттайды. Осыған байланысты мақсаты қанағаттанбаған 
жағдайда іштей пайда болған ашу ызаның эмоционалдық қалпы өшпенділікке, 
жек көрушілікке, кектену сияқты жағымсыз эмоционалды қалыпқа айналады. 
Сол сияқты қазіргі экономикалық жағдайымызда балалардың жастайынан 
нашақорлық, жезөкшелікпен айналысуы және бұлар жайында көптеген 
фильмдердің, хабарлардың көрсетілуі балаларды жас кезінен еліктіріп, оларды 
құрбы-құрдастарынан 
бөліп, 
осындай 
жүріс-тұрысқа 
бейім 
топтың 
адамдарымен араласуына кедергісіз жол ашады. Сондықтан бала санасының 
дұрыс қалыптасып, психикасының дамуын жетілдіру үшін бала санасын 
улайтын мұндай хабарлардың көрсетілуіне әлеуметтік, қоғамдық тұрғыдан 
шектеулер қойылуы керек. 
Жасөспірімдердің девиантты мінез – құлқының формасына нашақорлық, 
маскүнемдік, коррупция, өзімшілдік және топтық эгоизм т.б жатады. 
Осы 
мәселенің мүмкүн боларлық шешу жолдары екінші тарауда 
қарастырылған, яғни девиантты мінез – құлықтың негізгі себептері әлеуметтік 
теңсіздік болып табылады. Девиантты мінез – құлықтың өсу деңгейін 
төмендету 
әлеуметтік, 
педагогикалық, 
психологиялық, 
құқықтық, 
экономикалық тәжірибенің алдына көптеген міндеттер қояды. Біздің 
көзқарасымыз бойынша жасөспірімдермен жүргізілген алдын – алу 
жұмыстарының мақсаты балалардың тиімді әлеуметтенуіне және баланың 


485 
қалыптасу процесінде өмірге қабілетті және жауапкершілікті болып 
қалыптасуына көмектесу. Сонымен қатар зерттеу кезінде біз
жасөспірімдердің әлеуметтенуі әлеуметтік тәрбиенің тиімділігіне байланысты 
деген қорытындыға келдік.Сонымен қатар тәрбие жұмысы әлеуметтік 
бақылаумен толықтырылуы қажет. 
Өзінің 
эгоистік 
қызығушылықтарын 
бірінші 
орынға 
қойатын 
жасөспірімдерге мәжбүрлеу шаралары қолданбаса, онда ешқандайда гуманды 
идеялар бала өмірін қайта қалпына келтіруге көмектесуі мүмкін емес. 
Бірақ сонымен қатар отбасының материалдық жағдайын қарастыра отырып, 
рухани аспектілерді де мүлдем жоққа шығаруға болмайды. Біздің ойымызша 
қазіргі жасөспірімдердің арасындағы күрделі мәселелердің туындауы олардың 
алдарына нақты мақсат қойып және барлық қиындықтарды жеңіп оған жетуді 
ұмытқан. Сонымен негізгі экономикалық және рухани факторларды бір – 
бірімен байланыстыра қарастырыу қажет. Болмаса девиантты мінез – құлықты 
бір жақты қарастыру күрделі қиындықтарға әкелуі мүмкін. Сонымен девиантты 
мінез – құлытң феноменін жан – жақты талдау осы мәселені үш негізгі бағытта 
зерттеудің қажеттілігіне әкеледі; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   301




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет