7
Х.Сүйіншәлиев «Дулат ақын мұрасынан» тақырыбы бойынша баяндама
жасады. Баяндамада Дулат мұраларын бағалау жөнінде байыпты байламдарын
батыл айта білді. Ең негізгісі, дулаттанудың басым бағыттары, зерттеу
арналары
туралы
тұшымды
ой
мәслихат
мінберінен
айтылып,
әдебиеттанушылар арасындағы үлкен дауға тиек болды. Х.Сүйіншәлиев
кейінде осы ойларын тереңдетіп, жүйелі зерттеуге ұластырды. Оның қаламынан
туған Дулат шығармашылығы туралы дүниелердің ұзын саны он бестен асады.
Кейін докторлық диссертациясының бір тарауын «Дулаттың әдебиет
тарихындағы орны» деп арнап жазуының өзі де ғалымның табандылығын
танытса керек.
Жалпы жыраулар поэзиясын зерттеушілердің бірі М.Жармұхамедұлы
Дулат шығармаларына қатысты ой-пікірлерін білдірген. «Дулат сол дәуірдегі
әлеуметтік өмірді жырлауға ерекше мән береді, сөйтіп, өз дәуірінің талап
талғамдарына сәйкес жыраулық пен ақындық дәстүрді қатар ұстап, екеуін
жалғастырушы болды. Соның нәтижесінде, ол жыраулық пен ақындықтың жол
айырығында тұрып, кейінірек ұлы Абай негізін қалайтын жаңа сипатты жазба
әдебиеттің туып, қалыптасуына айтарлықтай үлес қосты. Бұған оның ескіше
сауатты болып, өз жырларын жазбаша үлгіде шығаруы да үлкен септігін
тигізді».
Дулаттың поэзиядағы тың теңеу, соны өрнектері өзімен замандас, кейінгі
толқын ізбасар ақындарға да елеулі әсер еткенін ғалым Б.Омарұлы тиянақты
дәйектеп береді. Дулат ықпалының күштілігі соншалық, ол өзі өмір сүрген зар
заман кезеңіндегі дәстүрлік жолы айқындалған айтулы тұлғаға айналды. Оның
дәлелі Дулат бастап, өзге ақындар қостап жырлаған тақырып ұқсастығынан да,
ой-пікір үндестігінен де, сөз саптау, ой қорыту, түйін жасау мәнерлерінен де
аңғарылып тұр.Зерттеуші заман мен замана адамын жырлаудағы ортақ
жайларды дәл көрсетеді. Заман кейпіндегі Дулат айтатын бағдарсыздық
Шортанбай тұсында құбылмалылық сипатқа ие болады, ал Мұрат тұсында
біржола азған, қырсық шалған, қиюы қашқан заман бедерленеді [Раев, 5:107].
Достарыңызбен бөлісу: