Сборник научных статей научно-практической конференции «Байтанаевские чтения-Х»



Pdf көрінісі
бет39/301
Дата22.10.2023
өлшемі8,82 Mb.
#187405
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   301
Байланысты:
baytanaev 2022 zhinak 1 tom gotov
Презентация (1), 1. дәріс Тарихқа дейінгі адам эволюциясы ҚТ МЕЖ ФАК, 2-дәріс меж.фак ҚТ, ДБ Өтініш үлгісі, Жутов ОКТЯБРЬ 2023, Image to PDF 20231108 10.43.21
 
 


80 
Әдебиеттер: 
1.Қазіргі айтыс. Құрастырған И.Нұрақметұлы, С.Дүйсенғазин, - Астана: «Күлтегін 
баспасы» 2004. – 1-кітап. 312 б. 

Қазақ өнерінің антологиясы, 25 томдық. Құрастырған М.Жолдасбеков, 
Ш.Қойлыбаев. - Астана: «Күлтегін баспасы». Айтыс Т. Ү. (Тәуелсіздік кезеңіндегі айтыс). 
2014. – 400 б. 
3 Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы.16-том. – Алматы:Жазушы,1985.–
400 б. 
4 Қазақ халық әдебиеті: көп томдық. Т. 2: Айтыстар. – Алматы: Жазушы, 1988. – 288 б. 
ӘОЖ 821.512.122
ТӘКЕН ӘЛІМҚҰЛОВ «ТЕЛҚОҢЫР» ӘНГІМЕСІНДЕГІ
КҮЙШІ СҮГІР БЕЙНЕСІ 
Амангелді Ә.А. – 
9 «ҚА» сынып оқушысы
 
Ғылыми жетекші: Халикова Н.С. – 
ф.ғ.к., аға оқытушы, ОҚМПУ, 
Атеева Ж.Т. – 
М.Х.Дулати атындағы үш тілде оқытатын 8 мамандандырылған 
гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,
 
Шымкент, Қазақстан
Резюме 
В статье проведен анализ образа куйши Сугира из рассказа «Телқоңыр» писателя 
Т.Алимкулова. В творчестве Т. Алимкулова много произведений, посвященных теме 
искусства. В статье раскрывается образ Сугира кюйши и повествуется о силе, могуществе 
кюя. 
Тәкен Әлімқұлов шын мәнінде қаламгер ретінде суреткерлік даралыққа, 
көркемдік шеберлік биігіне өзіндік, айрықша қасиеттері арқылы қол жеткізді. 
Ең алдымен жазушы шығармаларының тілі, сөздік қоры, сөйлем құрылысы 
ерекше назар аударуды қажет етеді. Т.Әлімқұлов шығармашылығына зерттеу 
жасаған ғалымдар Т. Тоқбергеновтың «Тәкен Әлімқұлов» [1], Қ.Әбдезұлының 
«Әлімқұлов шығармашылығы және 60-80-жылдардағы қазақ прозасы (дәстүр 
және жалғастық)» [2] еңбектерін атауымызға болады. 
«Телқоңыр» әнгімесінде сөз зергері Тәкен Әлімқұлов атақты күйші Сүгір 
өміріне соғып, Сүгір жайын сөз етеді. Өте тартымды, шымыр әңгіме бір күйдің 
тарихынан сыр шертеді. Көзі қарақты оқырманға бірден байқалатын бір 
шындық – Сүгірдің тума талант, құдіретті күйші екендігі. Осыны мына әңгіме 
дәлелдеген үстіне дәлелдей түседі. 
Сүгірдің сұрапыл күйшілігі, әкенің алғырлығы, көрегендігі, ой-түйсігінің 
ұшқырлығы, ұтымдылығы алдыңғы қатарға шығады. Түптеп келгенде барлық 
оқиға Сүгір домбырасынан атақты "Телқоңыр" күйінің дүниеге келуі 
төңірегінде топтастырылған. 
«Телқоңыр» күйінің тарихы тосыннан өрбіп, өте тартымды, қызғылықты
баяндалады. Әуелде Сүгірдің шығармашылық күйінің тоқыраған, 
домбырасын қолына алғанмен, жанынан ой таба алмай қиналған сәті 
суреттеледі. "Баптағанда, машық күйлер жаттығу тілемейді. "Ілмені", "Ыңғай 
төкпені", "Боз інгенді", "Тоғыз тарауды" ұйқыдан ояна сап тартуына болады. 
Ықыластың күйлері өз алдына. Бұл өңірде Сүгірге тең келетін домбырашы 
жоғы және аян". Осылай домбыра шертісі елден ерекше, атағы алты алашқа 


81 
асқан дәулескер домбырашының тұйыққа тірелген, көңілі жарым, жүрегі 
қобалжулы кезеңіне қаламгер соғып өтеді. 
«Неге екені белгісіз, Сүгір көнетоз күйді жаңғыртпақ болады. Бірақ күй 
төгіліп кетпей, күрмеле береді. Көкейдің күйттілігі жетіспей жатыр. Бәлденейін 
десе бәл жоқ. Назданайын десе наз жоқ. Өкінейін десе, өкініш жоқ. Шолақ 
келген қызыл-қоңыр домбыраны әрі сабалап, бері сабалап, әрі шертіп, бері 
шертіп, мандырта алмай қойды» Өнер адамының өмірінде мұндай сәттер аз 
емес. Шығармашылықтың азабы деген – осы. Өнер туындысы да өнерпаздың 
жанын осылай езіп, азапқа салып барып туады. Жазушы шығармашылық 
процестің осы бір ауыр, азапты сатысын да әсерлі жеткізеді. 
Кішкене оқиға ширығып келіп, терең толғаныстарға, тамырлы ойларға 
бастайды. Қызыл құлынның күтпеген жерден Сүгір шаңырағына сау ете қалған 
ауыл атқамінерлерінің қонақ асына сойылып кетуі, бір қарағанда қарапайым 
оқиға. Сүгір өмірінен алынған осы қарапайым көрініс, әңгіме соңында терең 
психологиялық, философиялық түйіндеулерге келіп сабақтасады. Жанары 
жаудыраған жас құлынның тағдыры адам тағдырымен астасады. Ақырында күй 
болып төгіледі. 
Сүгірдің жан дүниесін астан-кестең еткен бұл жағдай із-түзсіз кетпейді. 
Құлынның енесін іздеп шырқыраған даусын, қас қағым сәтте құлынынан 
айрылған ене биенің сағынышы мен шерін жүрек сыздататын күйге сыйғызған 
Сүгір таланты тайға таңба басқандай танылады. Осының барлығын қаламгер 
тамылжыған тілмен, терең сезім толқындарымен тербеп отырып суреттейді. 
Қызьш құлын бауыздалар сәттегі суретті жан-жүрегің елжіремей, бауыр етің 
егілмей оқу қиын. Ой терендігінің, сөздегі суреткерліктің шым-шымдап көрінер 
тұсы осы. «Бала сары сәскеде қызыл құлынды шырылдата айдап келе жатты. 
Енесінен ажырасқан құлын көткеншектеп, үйіріне қарай қаша берді. Оған бала 
ырық бермей, сойылдап, аяусыз сабалап, ауылға қарай қуғыштады. Құлын от 
басына жақындаған сайын сұмдықты 
 
сезгендей шырқырап, қоңыраулы үнімен 
кісінеп, жанұшыра 

бастады. Үш қырқаның аржағындағы енесі бірге кісінеді. 
Ол да туған төліне ұқсап, жылқышыдан қатты қағажу көріп, аяусыз таяқ жеді. 
Бұны сезінген сайын қызыл құлын шыжкөбелек боп, бәйектеніп, бауырынан 
іріді. Қызғылтым түгі терге шомылып, қылшығы жапырылып, күнөсіз көзі 
жасқа толды. От басына жақындағанда, арттағы сағыныштан, алдағы
үрейден қаны бұзылып, басы айналды. Қуғыннан өкпесі күйіп, тәлтірек қақты» 
Осылай, құлын трагедиясы қанды жасы сорғалаған күйінде суретке, бейнеге 
айналады. 
Адам трагедиясын, болмаса аң, құс, жылқы трагедиясын суреттеген 
тұстарда Тәкен өзгеше өнерпаздық танытады. Оқырманын сендіреді, сендіріп 
қана қоймайды, өзімен бірге тебірентеді, терең толғанысқа түсіреді. Қызыл 
құлынның осылайша бір сәттік намыс, яғни қазақтың сүйекке біткен қасиеті- 
қонағына жалғыз тұяғын жығып беруге дайын тұратын қонақжайлығы 
кесірінен пышаққа ілінуі Сүгірдің білместігінен болады. Қызыл құлынның 
бауыздалғалы тұрғанынан хабар алған Сүгірдің әкесі жанұшыра ұлының үйіне 
жетеді. Бірақ, кеш қалып: 


82 
- Қап! - деп, санын бірақ соғады. Аққудай аппақ шал қара құстай 
қалбаңдап тұрып іштегі күйігін жеткізеді: «Оның бәрі мақұл ғой, мен 
құлынның етінің бұзылғанына күйінемін», - дейді [3]. Айтса айтқандай, алдыға 
ас келгенде қонақтың бірі құлынның етінің іріп кеткендігін ескертеді. Оның 
сырын Сүгірге әкесі түсіндіреді. Жылқы баққан ел құлынды енесімен бірге 
айдап келіп, сойысқа шалатындығын әке аузынан естиміз. Енесін қимаған, 
жарық дүниемен қоштасатынын алдын-ала сезіп, шырқырап, жантәсілім 
жасайтын жануар жарықтықтың жар дегенде жалғыз төлі – жас құлынның 
жайрап түскенін, соңынан құлынынан айырылған көк биенің байыз таппай, 
сарнап, кісінеп, күндіз-түні төлін іздеген зары кісінің сай-сүйегін 
сырқырататындай көркемдік қуатпен, шынайы суреткерлікпен беріледі. 
Күйдің домбыраға түсу, өмірге келу сыры да қызық. Құлынын жоқтап, 
күннен-күнге жіңішкеріп, шөгіп бара жатқан көк биеге басқа төлді бауырына 
тартып, қанша телісе де, ене бие Қатқан тоңдай ию бермей, қасарысып тұрып 
алады. Енді оны аман қалған қоңыр құлынға идірудің жалғыз жолы - күй 
Құдыретінде жатқандығын Қаратау өңіріне атағы шыққан, алты Қырқаның 
астындағы текті жылқыны даусынан танитын ат сыншысы айтады. Жаңа күй 
осылайша өмірге келеді. Күйдің басталуын, бастапқы тарауларын, шарықтау 
шегін қаламгер ұзақ толғап, қағысты қайырып келеді де, соңын былайша 
түйіндейді: «Домбыра аңырамай. еркелеп шыға келді. Бейне, кушанақтан 
қызыл құлын кісінегендей болды, Жіңішке, әсем әуез төгілді. Тәйри-тәйри, 
тәйри-тай деген нәзік те ерке дыбыстар сағалықтан бұғалыққа қарай өрлеп, 
бара-бара құлшына кісінеп кетті. Жансыз ағашқа жан бітті, ыңқылдады. 
Пернелер иіп, екі ішек еңірегенде, көк бие қоса еңіреді. Артынша, оқыранып, 
өміренді. Қоңыр құлынды иіскегенде жаудыр көзі жасқа толып кетті. 
Бие иіді... 
Күйші бусана балқыды...» [3] 
Бірнеше күндер бойы өзіне телінген қоңыр кұлынды тепсініп, жанына 
жолатпаған көк бие құлағының түбінен Сүгірдің жаңа шығарған сазды күйі 
төгілгенде өзгеріп сала береді. Биенің қайғыдан қатып-семген емшегінің 
қалайша жібіп, бөтен құлынға бауырын тосқаны тебірентеді. «Телқоңыр» 
атанған күй құдыреті осылайша ақыл иесі адам түгілі, есті жануар жылқының 
да жан-жүрегін тербеп, енелік мейірімін оятқандығы терең әсер қалдырады. 
Қаламгердің суреткерлік шеберлігі де осы тұста танылады. Осының 
барлығын мелдіреген сырға, жануардың шері мен мұңына бөлеп бейнелеу, 
көркемдік тұрғыда кінаратсыз келісімге қол жеткізу – жазушының суреткерлік 
үлкен талантының белгісі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   301




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет