Сборник научных статей научно-практической конференции «Байтанаевские чтения-Х»



Pdf көрінісі
бет41/301
Дата22.10.2023
өлшемі8,82 Mb.
#187405
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   301
Байланысты:
baytanaev 2022 zhinak 1 tom gotov

Әдебиеттер
1 О.Жанайдаров. Ежелгі Қазақстан мифтері. – Аматы: «Аруна» баспасы, 2007, - 256 б. 
2 А. Құнанбайұлы. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. Т.1: Өлеңдер мен 
аудармалар. – Алматы: Жазушы, 2005. – 296 б. 
3 М. Ысқақбаев. Көңіл жұбанышы: Повестер және әңгімелер. – Алматы: Жазушы, 1988.
– 480 б. 
4 https://studopedia.info/4-22075.html 
5 Т.Әлімқұлов. Шежірелі сахара: Повестер және әңгімелер. – Алматы: Жазушы, 1976. – 
192 б. 


86 
ӘОЖ 821.512.122
Д.ИСАБЕКОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛ ІЗДЕНІСТЕР 
Абдукаимова И.Б. –
10 «Б» сынып оқушысы
Ғылыми жетекші
:
Асан Н.Б.

магистр-оқытушы, ОҚМПУ
Базарбекова Н.С
.

Ж.Баласағұн атындағы № 6 жалпы орта білім беретін мектебінің 
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Шымкент, Қазақстан 
Резюме 
В статье рассматривается художественно-эстетические поиски писателя 
Д.Исабекова. В данной статье рассматривается создания специфики образа и 
уникальность природы персонажа, отдельные аспекты проблем художественного 
воссоздания типа, характера, образа, проанализировать художественно-изобразительную 
и образно-стилистическую систему, систему средств и приемов, определяющих 
художественный уровень литературного национального произведения и способы реализации 
в нем авторской идеи.
 
Қазақ прозасындағы психологизм – әдеби процестің ерекшелігі. Ол әдеби 
процесте қуатты көркем құбылысқа айналды. Дәл осы кезең әдебиетінде образ 
характерінің әлеуметтік, адамгершілік тұрғыдан айшықталуымен қатар, оның 
нағыз типтік толыққанды көркем бейнелік биігіне көтерілуі үшін 
психологизмнің қызметі үлкен болды. Психологизм Т.Ахтанов, Т.Әлімқұлов, 
Ә.Кекілбаев, О.Бөкеев, М.Мағауин, С.Мұратбеков, Д. Исабеков т.б. 
қаламгерлердің шығармаларында әралуан деңгейде, стиль даралығына сай 
жүзеге асырылды. Психологизмнің өркен жаюы прозадағы адам концепциясын 
да әлдеқайда тереңдете түсті. Әдебиетте адам жанының ішкі сезім-
толғаныстары психологиялық құбылыстар арқылы ашылып, адам бейнесі жан-
жақты сомдалып, характер табиғаты тереңдей түсті. Д.Исабеков әдебиеттегі 
өзгеше құбылыс [1]. 
60-80-жылдардағы қазақ қаламгерлері шығармаларынан ұлттық характер, 
ұлттық психология айқын көрінеді. Осы жылдардағы қаламгерлер өмірлік 
шындықтарды көркем бейнелеуде кейіпкерінің іс-әрекетінің, мінезінің терең 
психологиясына мән береді. Осы мақсатта түрлі көркемдік тәсілдерді қолданған 
қаламгерлер көптеген шығармашылық табыстарға қол жеткізіп, қазақ прозасын 
биік бір белеске көтерді.
Көркем шығарманың қасиеті жазушы кейіпкердің ішкі даралығын ашып 
көрсетуімен бағаланады. «Көркем шығарманың сапасы, құны, негізгі қасиеті 
бейнеленген объектісімен, кейіпкерлер нобайымен оп-оңай айқындалмайды. 
Өнер құбылыстарын философиялық тұрғыдан терең бейнелеу үшін адам 
характеріне, мінезге зер салады. Әдеби ұғымдағы характер – адамның белгілі 
бір жәйтке өзінің қатысын білдіруі, басқаға қарағанда даралық ерекшелігі, 
жанды, өміршең қалыптағы бөлек сипаты» [2, 31 б. ]. Олай болса, көркем 
шығармадағы кейіпкер бейнесі адамның мінез даралығы айқындалған
жағдайда ғана терең мәнге ие болады.
Әдеби шығармада кейіпкер мінезінің көрінуі бірден пайда болған жоқ. Алғаш
көркем шығармаға қажетті ең шешуші, бірінші шарт сюжет деген ұғым болған. 
Расында да, әдебиет тарихына көз жіберсек, көркем шығарма тудыруда 
жазушылардың оқиға жүйесіне көп көңіл бөлгендіктері байқалады. Бүгінде 


87 
жазушылар көркем шығармадағы өмір құбылыстарын терең тануда кейіпкер 
мінез-құлқына терең мән беріп, оны жан-жақты ашып көрсетуде әртүрлі әдіс-
тәсілдерді шеберлікпен қолдануда. «Характер – жазушының өмір тануы. Өмір 
шындығын суреткер кейіпкер мінезі арқылы ашып көрсетеді» [3, 121 б.]. 
Трагизм – қаламгер Д. Исабеков шығармаларына тән қасиет. Жазушының 
«Сүйекші», «Тіршілік» атты повестерін оқи отырып, кейіпкерлердің бақытсыз, 
баянсыз өміріне куә боламыз. Дулат кейіпкерлері өмірдің әділетсіз жақтарымен 
жиі бетпе-бет келіп, жеңіліс табады, үнемі азапты күндерді бастарынан өткізіп, 
тағдырдың тәлкегіне мойынсынады, қатал өмір алдында дәрменсіздік танытады. 
Жазушының «Тіршілік» повесіндегі Дәулетбай байдың қызы Қыжымкүл – 
әділетсіз қатал өмірдің құрбаны. Ол бұл өмірден жапа шегіп, жалғыздық көреді. 
Тағдырдың көрсеткен азабы жас қыздың өзегін өртеп, жанын жаралайды. 
Қыжымкүлдің тағдыр тауқыметіне қарсы келер амалы болмайды. Қыжымкүл 
жалғыз, оның ішкі әлемі жалғыздықтан, әділетсіздіктен жараланған. Қыжымкүл 
тағдырының осыншалық құлдырауының, тұйыққа тірелуінің, тағдырының қара 
түнекке айналуының себебі неде? Оның еркіндігін еншілеген, бақытын 
барымталаған бейтаныс жан, қатал әке, мейірімсіз аға – Қыжымкүл 
трагедиясының іргетасын қалаушылар. Бақытсыз, баянсыз өмірге жол тартқан 
Қыжымкүл рухани күйзеліске түсті, уайымға беріліп, өмірге деген сенімін 
жоғалтты. Сонда да ол тағдыр тәлкегіне көндікпей, мүмкіндігінше тағдыр 
тауқыметіне қарсы тұруға тырысады. Ол бұл өмірдің азапты күндерін көп 
көргенімен, рухани жеңіліс таппайды. Оған қаршадай қызын қаңғытып жіберген 
Дәулетбайдың уақыт өте келе, Қыжымкүлді іздеп, алдына баруы дәлел. 
Қыжымкүл әкесінің осы бір іс-әрекеті арқылы жазушы уақыт өте келе 
Дәулетбай әділетсіздігінің жеңілгенін байқатады. Осылайша жазушы өз 
шығармалары арқылы кейіпкерлер өмірінің баянсыз болуына себеп болған 
жағдайларды анықтап, олардың туындауына кім кінәлі деген сұраққа жауап 
іздейді. 
Аталмыш кезең қазақ қаламгерлері жалғыздықтан жапа шеккен адамдар 
тағдырын шебер суреттей отырып, адам өмірінің маңыздылығын алға тартты. 
Адамның өмірдегі панасыздығын, қорғансыздығын меңзейтін, табиғатты 
жатсынуын бейнелейтін, адам болмысының рухани дағдарысының себептерін 
іздеген шығармалар қатары аталған кезең қаламгерлері шығармаларында бас 
көтере бастады. Ә.Кекілбаев, О.Бөкеев, Д.Исабеков сынды қаламгерлер 
шығармаларында қатыгез тағдырдың құрбандығына айналған трагедиялы 
бейнелер бой көрсете келе, өмір заңдылықтарының адам тағдырымен 
тамырластығы сөз болады.
Әдебиетте әдеби характер, ұлттық характер деген ұғымдар бар. Әдеби характер 
кейіпкердің мінез бітімі, адамның ішкі ерекшелігі, адам бойындағы сан түрлі 
қасиеттердің біріккен тұтастығы, адамды өзгеден даралап тұратын мінез-құлық 
өзгешелігі. Өмірдегі адам характерінен әдеби характердің айырмашылығы бар. 
Жазушы кейіпкер характерін ашу жолында өмірде бар адамдардың мінездерін 
пайдаланатыны анық, әйтсе де әдеби характер жазушының қиялынан 
туындайды. Шығармада кейіпкер мінезін қалай сомдау жазушының 


88 
шеберлігіне, оның өмір шындығына терең бойлай білуіне байланысты. 
Кейіпкердің рухани ішкі әлемі, жан сыры, өмірді тануы оны мінездеу арқылы, 
іс-әрекетін нанымды бейнелеу арқылы көрінеді. Қай дәуірдің болсын әдебиеті 
өздігінен туа салмайды, ол өзінен бұрынғы әдебиеттің дәстүрлеріне сүйеніп, 
оның озық үлгілерін, идеяларын байыта отырып дамиды. Әдеби дәстүрдің 
қалыптасуы – бірнеше ғасырдың жемісі. «Көркемдік ойлаудың ұлттық 
ерекшеліктері негізінде қалыптасқан әр халықтың әдеби дәстүрі – бір кезең, 
бір дәуір емес, ұзақ ғасырлар тудырған, ұрпақтан ұрпаққа беріліп, үнемі
өзгеріп, түлеп, байып, дамып отыратын рухани игілік. Қашанда әдеби дәстүр
мен әдеби даму – әдеби қозғалыстың өзара ажырамас, тығыз диалектикалық
байланыстағы құрамдас қайнарлары» [4, 5 б.].
Әдебиеттану ғылымында ұлттық характер мәселесі ертеден көтеріліп келе 
жатқаны мәлім. Уақыттың алға жылжып, қоғамның жаңа сипат алуына 
байланысты адамның ой-санасы өзгеріп, өсіп, дамып отырады. Яғни заман 
өзгерісі адамның көзқарасына, дүниетанымына, айналасындағы адамдармен 
қарым-қатынасына ерекше әсер етеді. Осыған байланысты, адамның мінезі, ішкі 
болмыс-бітімі де уақыт өткен сайын күрделене түседі де, әдебиеттегі 
кейіпкердің жаңаша бейнеде, рухани түлеу үстінде көрінуі сияқты мәселелер 
туындап отырады. 60-80-жылдар қазақ қаламгерлері шығармаларында сан алуан 
кейіпкерлер 
өздерінің 
түрлі 
мінез 
ерекшеліктерімен 
көзге 
түседі. 
Кейіпкерлердің әрқайсысының басқаға ұқсамайтын мінез бітімі, характер 
қырлары арқылы жазушылардың өздеріне ғана тән қолтаңбалары айқындала 
түсті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   301




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет