Сборник нормативных и инструктивных документов для использования в работе профсоюзных органов Астана-2015



бет7/85
Дата12.10.2020
өлшемі2,36 Mb.
#68187
түріСборник
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   85
5.2. Жиналыс (Конфенренция)

Жиналыс (Конференция) бастауыш кәсіподақ ұйымының жоғарғы басшы органы болып табылады.

5.3. Жиналыс (Конференция) құзыреті:

5.3.1. бастауыш кәсіподақ ұйымының негізгі жұмыс бағыттарын белгілейді;

5.3.2. сайланбалы кәсіподақ органдарының барлық жұмыс бағыттары бойынша есептерін тыңдайды және олардың жұмысына баға береді;

5.3.3. сайлау (жолдау) жолымен Комитетті жасақтайды;

5.3.4. Тексеру-бақылау комиссиясын, Бастауыш ұйым төрағасын сайлайды;

5.3.5. бастауыш кәсіподақ ұйымдарының сайланбалы органдарының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдайды;

5.3.6. Кәсіподақтың тиісті аумақтық ұйымының конференциясына делегаттар сайлайды, сондай-ақ өкілеттік мөлшерге сәйкес сайланбалы кәсіподақ органдарына өз өкілдерін жолдайды;

5.3.7. жоғары тұрған кәсіподақ органының сайланбалы алқалы тұрақты жұмыс жасайтын басшы органымен келісе отырып, бастауыш кәсіподақ ұйымының қызметін тоқтату туралы шешім қабылдайды;

5.3.8. бастауыш кәсіподақ ұйымының өзге де сұрақтарын шешеді;

5.3.9. жекелеген құзыреттерді Комитетке жүктей алады;

5.4. Жиналысты қажетіне қарай, бірақ жылына кемінде бір рет, Комитет шақырады.

Конференцияны қажетіне қарай, бірақ кемінде бес жылда бір рет, Комитет шақырады. Конференцияға делегаттар сайлау тәртібі мен өкілеттік мөлшері Комитетпен белгіленеді.

5.5. Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы, бастауыш ұйымның бақылау-тексеру комиссиясының төрағасы конференция делегаттары болып табылады.

5.6. Жалпы жиналыстың күн тәртібі, өтетін күні мен орны туралы белгіленген мерзімнен кемінде 15 күн бұрын, ал конференция туралы – кемінде 30 күн бұрын хабарланады.

5.7. Жиналыс егер оған, бастауыш ұйымда есепте тұрған кәсіподақ мүшелерінің жартысынан астамы қатысса, құқықты (заңды) деп есептеледі.

Конференция егер оған сайланған делегаттардың кемінде үштен екісі қатысса құқықты (заңды) есептеледі.

5.8. Шешім қабылдаудағы дауыс беру тәртібі мен нысанын делегаттар, жиналыс қатысушылары белгілейді.

Жиналыс (конференция) шешімі, егер ол үшін, кворум болған жағдайда, жиналыс қатысқан кәсіподақ мүшелерінің, конференция делегаттарының жартысынан астамы жақтап дауыс берсе қабылданды деп есептеледі.

Комитеттің, Төрағаның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату, бастауыш кәсіподақ ұйымын тарату сұрақтары бойынша шешімдер, егер ол үшін, кворум болған жағдайда, жиналысқа қатысқан кәсіподақ мүшелерінің, конференция делегаттарының кемінде үштен екісі жақтап дауыс берсе қабылданды деп есептеледі.

5.9. Жиналыс (конференция) шешімдері қаулы түрінде қабылданады.

5.10. Кезектен тыс жиналыс (конфеенция) Комитеттің:

5.10.1 өз бастамасы бойынша;

5.10.2. бастауыш ұйымда есепте тұрған кәсіподақ мүшелерінің кемінде үштен бірінің талабы бойынша;

5.10.3. жоғары тұрған кәсіподақ органының талабымен қабылданған шешімі бойынша өткізілуі мүмкін.

5.11. Комитет талап жолданған күннен бастап он күнтізбелік күннен кешіктірмей жиналыс (конференция) өткізу турлы шешім қабылдауға және оның өту күнін белгілеуге міндетті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет