5.12. Комитет:
Бастауыш ұйым қызметіне жиналыстар (конференциялар) аралығында жетекшілікті жүзеге асыру үшін сайланбалы алқалы тұрақты жұмыс жасайтын басшы орган болып табылатын Комитет сайланады.
5.13. Комитеттің құзыреті:
5.13.1. ұжымдық келіссөздер жүргізуде, ұжымдық шарттар жасау мен өзгертуде, оның орындалуына бақылау жүргізуде, сондай-ақ мекемені басқару мен еңбек дауларын қарау құқығын жүзеге асыруда қызметкерлердің мүддесін танытады;
5.13.2. жұмыс берушілер немесе олардың өкілдеріне талаптар қояды және жолдайды, заңдылыққа сәйкес жұмысшылардың талаптарына қолдау білдірумен байланысты ұжымдық әрекеттерді ұйымдастырады және өткізеді;
5.13.3. жұмыс берушілер еңбек жағдайларына қатысты локальды актілер қабылдағанда, сондай-ақ қызметкерлермен жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылғанда және өзге де жағдайларда Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен, заңдармен және өзге де нормативтік құқықтық актілермен, ұжымдық шарттармен, келісімдермен көзделген тәртіппен қызметкерлердің пікірін білдіреді және қорғайды;
5.13.4. жұмыс берушілер мен оның өкілдерінің еңбек заңдылығын сақтауына қоғамдық бақылау жүргізеді;
5.13.5. еңбек қорғау мен қауіпсіздігі жөніндегі қоғамдық инспекторлардыың салауын және жұмысын ұйымдастырады, еңбек қорғау мен қауіпсіздігі жөніндегі комитет (комиссия) жұмысына қатысады;
5.13.6. жиналыс(конференция) шақырады, олардың шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады және бақылайды, кәсіподақ мүшелерін жиналыс (конференция) шешімдерінің орындалуы туралы хабарландырады;
5.13.7. Кәсіподақпен белгіленген мерзімде бастауыш ұйымдағы есеп беру мен сайлаудың өткізілуін ұйымдастырады;
5.13.8. Конференция аралығында Комитеттің шығып қалған мүшелерінің орнына тікелей жолдау арқылы сайланған мүшелерінің өкілеттігін растайды;
5.13.9. кезекті қаржы жылына кіріс және шығыс сметасын бекітеді;
5.13.10. жоғары тұрған кәсіподақ органдарына мүшелік жарналардың мезгілінде және толыққанды аударылуын қамтамасыз етеді;
5.13.11. бастауыш кәсіподақ ұйымының статистикалық, қаржылық және өзге де есептіліктерін бекітеді;
5.13.12. кәсіподақ мүшелері алдында есеп береді, оларды өз қызметі туралы, оның ішінде бастауыш ұйымның кіріс және шығыс сметасының орындалуы туралы тұрақты түрде хабарландырып отырады;
5.13.13. қызметкерлерді кәсіподақ мүшелігіне қамту жұмысын жүргізеді, кәсіподақ мүшелерінің есебін ұйымдастырады;
5.13.14. кәсіподақ мүшелері мен активін оқытуды ұйымдастырады;
5.13.15. өзге де құзыретті жүргізеді;
5.13.16. жекелеген құзыреттерді бастауыш кәсіподақ ұйымының Төрағасына жүктей алады.
5.14. Комитеттің өкілеттік мерзімі – Кәсіподақтағы бес жылдық есеп беру-сайлау циклінің аясында бес жыл.
5.15. Комитет отырысы қажетіне қарай, бірақ тоқсанында кемінде бір рет өткізіледі.
5.16. Комитеттің кезектен тыс отырысы Төрағаның өз бастамасы бойынша, Комитет мүшелерінің кемінде үштен бірінің немесе жоғары тұрған кәсіподақ органының талабы бойынша шақырылады.
5.17. Комитет отырысы, егер оның жұмысына мүшелердің жартысынан астамы қатысса, құқылы (заңды) деп есептеледі.
5.18. Комитет отырысын бастауыш ұйымның Төрағасы жүргізеді.
5.19. Комитет шешімі, Кәсіподақ Жарғысымен, Кәсіподақтың аумақтық ұйымының Жарғысымен және осы Ережемен көзделген жағдайлардан өзге кезде, отырысқа қатысқан мүшелердің қарапайым көпшілік даусымен қабылданады.
5.20. Комитет шешімі қаулы түрінде қабылданады.
Достарыңызбен бөлісу: |