Сборник республиканских Педагогических чтений для педагогов в сфере дошкольного образования



Pdf көрінісі
бет18/50
Дата06.12.2022
өлшемі3,05 Mb.
#161640
түріСборник
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   50
Байланысты:
Sbornik 241221

 
Литература
1. Типовой учебный план дошкольного воспитания и обучения (приказ 
Министра образования и науки РК от 20.12.2012г. №557) 
2. Типовая учебная программа дошкольного воспитания и обучения 
(приказ Министра образования и науки РК от 12.08.2016г № 499) 
3. Положение о вариативной части типового учебного плана 
дошкольных организаций. МОН РК. Республиканский центр «Дошкольное 
детство», 2021г. 
 
ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ ҰСТАЗЫ 
 
Рзаева Гулдана Бегмановна
«Сыр шуағы» бөбекжай-бақшасының 
 педагог-ұйымдастырушысы
 
Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы
 
 
Бір аллаға сыйынып, 
Кел,балалар ,оқылық, 
Оқығанды көңілге , 
Ықыласпен тоқылық. 
(Ы.Алтынсарин) 
 
Аңдатпа:
Бұл мақалада Ыбырай Алтынсариннің өмірбаяны және оның
атқарған қызметімен ғұмырында жасаған игі істері туралы баяндалған. Қазақ 
ағартушысының еңбектеріндегі бала тәрбиесі жайлы ойлары жазылған. 
Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогі, жазушы, этнограф, 
фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы 26-қазанда 
казіргі Қостанай облысы, Затабол ауданында дүниеге келген. Әкесінің есімі 
Алтынсары, анасы Айман. Алтынсары өз еңбегімен тіршілік еткен, карапайым 
шаруа адамы болған. Ал анасы Айман арғын руының ішіндегі Шеген деген 
бидің қызы. Әкесі Алтынсары Ыбырайдың үш-төрт жасында қайтыс болып 
кетеді. Сол себептен бала Ыбырай атасы Балғожа бидің тәрбиесінде болады. 
Балғожа би өз өңіріне танылған беделді, білімді кісі. Ыбырай Алтынсарин 
жасынан өте ынталы болған. Атасы Балғожа Ыбырайды тойларға, жиындарға 
өзімен ерте жүріп, немересін іскерлікке, білімділікке, сөз сөйлеу шеберлігіне 
үйретеді. Ыбырай Алтынсариннің атасымен бірге жүруі өмірі үшін өте 
маңызды болды. Ал немересінің білімге деген үлкен құштарлығын, ынтасын 
көрген Балғожа би Ыбырайды Орынборда жаңадан ашылған мектепке 30 
баланың біреуі болып береді. Сұңқардай сергек, жанартаудай отты Ыбырай 


27 
1845-1857 жылдарда Орынбор мектебінде телегей ілім-білімге сусындап, 
самұрықша қанат қақты. 1857-1859 жылдарда ақылман атасы, ескінің соңы, 
асылдың сарқыты Балғожа бидің хатшысы, қолғанаты болды. Бұл да Ыбырай 
өмірінің өзгеше бір даналық, тағылым мектебі. 
Ыбырайдың артықша ардақты қасиеттері ел көзіне ерте шалынды. Татар 
ғалымы Хұсайын Фаизханов 1862 жылдың қаңтарында Қазан университетінің 
профессоры Н.И.Ильминскийге жазған хатында қазақ жігіті Ыбырай 
Алтынсарин жайында жақсы лебіз танытқан. 
Ы.Алтынсарин өзінің алғаш Қазақ даласындағы мектеп ашқан қуанышы 
туралы былай деп бөліседі: «Осы жылы (1864 жылы – О.Б) январьдың 8-і күні 
менің көптен күткен ісім орнына келіп, мектеп ашылды, оған 14 қазақ баласы 
кірді, бәрі де жақсы, есті балалар. Мен балаларды оқытуға қойға шапқан аш 
қасқырдай, өте қызу кірістім. Бұл балалар да менің айызымды қандырып, 
небәрі үш айдың ішінде оқи білетін және орысша, татарша жаза білетін болды» 
(Н.И.Ильминскийге жазған хатынан). Халық ағарту ісін өмірлік міндеті қылып 
алған Ы.Алтынсарин бір хатында қаншалықты қиын болса да өзінің түпкі 
мақсаттары мен ұлтқа қызмет қылу ұмтылысынан ауытқымайтынын жазады. 
Осы сөздер Ыбырайдың өмірінің соңына дейін алға жетелеп, ғұмырлық 
ұстанымына айналды. Оның өз жолына деген сенімі мен ізденісі ХХ ғасырдың 
басында-ақ жеміс берді. Ер балалармен қатар қыздарға мектеп ашу, оларға 
әртүрлі кәсіпті үйрету ісін алға қойды. Оларға арнайы мектеп, интернат ашу 
мәселесін көтеріп, айтысып-тартысып жүріп осы мақсатын орындады.
Ы.Алтынсариннің пікірінше, ең алдымен мектепке дейінгі тәрбие, 
бастауыш мектептегі білім – баланың қалыптасуы мен дамуындағы ең 
маңызды кезең. Мұнда балалар алғаш рет қоғаммен араласады. Білім алу үшін 
мектепке келген баланың ақыл-ойы тереңдеп, зейіні ашылады. Ы.Алтынсарин 
өз еңбектері мен қызметінде мектептегі білім беру жүйесін дамыта отырып, 
мұғалімнің тұлғасы мен адамгершілік бейнесіне маңызды орын берген. 
Ұлағатты ұстаз ойларының идеялық құндылығы білім беру саласы бүгінгідей 
инновациялық деңгейге көтерілген кезеңде де маңыздылығын жоғалтпай 
отыр. 
Ұлы даланың шартарабында саңқылдап естілген ұлттың ұранындай, 
келешектің тұлғасын өнер-білімге ынтызар еткен рухтың жанартауындай, 
таудың таза кәусарындай «Кел, балалар, оқылық!», «Өнер-білім бар жұрттар» 
– ұлттық сана, тіл, мәдениет тарихындағы баға жетпес байлық еді. Ол «Бір 
Аллаға сыйынып», «Өнер-білім бәрі де, Оқуменен табылған», «Оқу білген 
адамдар, Май тамызған қылыштан...» деп, «Тіреу болар», «сүйеу болар» 
оқудың мәнісін ыждаһаттайды, сипаттайды. Сонан соң «Өнер-білім бар 
жұрттар» өнегесінен үйренейік, көркейейік, «Біз де бекер жатпалық!» бәйгеге 
түсіп, бақ сынайық, қатардан, саптан қалмайық, сол үшін батамды сендерге 
бердім дейді. Қазағын сүйген, халқының ұлылығына бас иген дала данагөйінің 
ұлы тілегі мен арманы осы. 
Сөз қасиеті – өсиет! Ел мұраты, ер мұраты – өркениет. Бұларды жете 
түсінген Ыбырай Алтынсарин оқудың өзегін, тамырын, тек-төркінін түгендеу 
жолында тағы бір қырын көрсетеді. Ол мынау: 


28 
Оқу білген таниды, 
Бір жаратқан Құдайды. 
Тағы да: 
Жараттың неше алуан жұрт 
Бір Құдайым, 
Теңетті бәрімізге Күн мен Айын. 
Адамның адам біткен баласымыз, 
Қайсың бөлек тудың деп айыратын! 
Бәріміз бір адамның баласымыз, 
Жігіттер, бір-біріңе қарасыңыз! 
Ұлы даланың қыран дауысты дарабозы, ілім-білімнің қазынасы, 
ұлтының тілеуқоры Ы.Алтынсарин әдеби-мәдени, тарихи, ғылыми дәрежесі 
жоғары «Қазақ хрестоматиясын» (Орынбор, 1879, 111 бет) құрастырды. Ол 
«халқымыз өз тіліндегі ғылыми оқу құралдарына аса сусап отырғанына», 
«пайдалы нәрсенің бәріне жаны құмар халқымызға», «біздің әрқай-
сысымыздың да борышымыз екенін» жете, жетік ұғына отырып, жанқиярлық-
пен қызмет етуіміз дұрыс дейді. 
Ыбырай Алтынсариннің 1879 жылы Торғайдағы жазбасында «Қазақ 
халқының сауатсыздығынан, қазақ тілінде басылған бір де кітаптың 
жоқтығынан, оқу орындарының мұғалімдері қазақ балаларын оқытқанда 
амалсыздан қазақ тілінің орнына татар тілін пайдаланып жүр. Осылармен 
қабат бір ескеретін нәрсе – қазақ халқы азбаған халық, оның талабы біреу 
салып берген тар шеңбердің қыспағына сыя алмайды, оның ой-пікірі еркін; 
оның келешегі үшін оған тек сана-сезім жағынан жалпы білім мен пайдалы 
өнерді үйрену керек болып отыр» деген. Осы тұрғыда ол өз замандасы, 
шығыстанушы-ғалым Ш.Уәлихановтың халқым оқып, өнер-білімді игерсе 
деген арманын нақты іске асырушы болды. Хрестоматия туралы естелігінде 
Ыбырай «Бұл кітапты құрастырғанда мен, біріншіден, осы біздің ана тілімізде 
тұңғыш рет шыққалы отырған жалғыз кітаптың орыс-қазақ мектептерінде 
тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу жағын, сонымен 
қабат, жалпы халықтың оқуына жарайтын кітап бола алу жағын көздедім» 
дейді. Хрестоматиядағы шығармалар тақырыптық-идеялық жағынан жас 
жеткіншектерді адал еңбекке тәрбиелеу, белгілі бір кәсіпке, өнерге баулу, адам 
бойындағы адалдық, достық, мейірімділік секілді асыл қасиеттерді ардақтау, 
үлкенді, ата-ананы қадірлеу, өнер-білімді байлық-дәулеттен жоғары қою 
мәселесіне арналған. «Хрестоматияға» енген шығармалардың тілі шұрайлы, 
балалар ұғымына сай, қиялын кеңейтетін, көлемі шағын, тәрбиелік-танымы 
жоғары шығармалар. Ол қазақ балалар әдебиетінің негізін қалады деуге толық 
негіз бар. Сонымен қоса, Ыбырай жазған «Қырғыз хрестоматиясы» қазақ 
публицистикасының бастауы деуге болады. Себебі осы кітапта өткен 
ғасырдың 
соңындағы 
көшпенділік, 
отырықшылық, 
ағартушылыққа 
насихаттау, адамгершілік сынды өзекті мәселелер сөз болған. 
Біз келешекте қуатты мемлекет, зиялы қоғам құрамыз десек, дәл бүгін 
бесікте жатқан бөбектерді, балабақшада жүрген балаларды, мектеп 
шәкірттерін тектілікке, инабаттылыққа, имандылыққа тәрбиелеуді қазіргі 


29 
уақыттың міндеті, талабы деп қарауымыз керек. Осы талап пен міндеттерді 
орындалудағы ең бір пәрменді құрал – оқу, тәлім-тәрбие жұмыстарында 
халықтық құндылықтардың алтын мұрасын пайдалану. Қазіргі таңда білімнің 
басты мақсаты – бәсекеге қабілетті, кәсіби құзыреттілігі жоғары, жаңаша 
ойлайтын шығармашылықты мамандар даярлау және жасампаз іс әрекетті 
қалыптастыру. Олай болса, тарих көшінде өзіндік орны бар айрықша зиялы 
қауым өкілдерінің ұрпақ тәрбиесі туралы мәселелер ауқымындағы ой 
пікірлерін зерделеу, сипаттау, таразылау, жинақтау, оларды қоғамдық іс-
тәжірибе шеңберіне енгізу. Ыбырай Алтынсарин қазақ халқының тағдырына 
ерекше мән берген ұлы ағартушы-педагог. Ы.Алтынсарин педагогикасының 
мұраларының негізгі идеяларының бірі – адамның өзара қарым-қатынасы, 
жастарды еңбекке баулу. Парасат биігіне ұмтылған халқымыздан ойы көркем, 
толғауы терең текті тұлғалар өмірге келген. Даналықпен әлемге ақыл-ойдың 
күндей шуағын таратқан. Соңдарына осылайша өшпестей із қалдырған. Демек, 
біздің көркем де, терең ойлауымыз аталар қанымен дарыған қасиет. Ойлары 
арқылы адам ішкі жан дүниесін танытады. Ой арқылы сана сезімін аңдатады. 
Асыл сөздің қарапайым сөзден айырмасын есті құлақ, алғыр ой ғана тани 
алады. Қашанда ұлттық ойдың басында – ұлттық әдебиет тұрады.
Біздің балабақшамызда Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығын 
насихаттау мақсатында апталық іс-шаралар жоспары жасалып, бекітілді. 
Балабақша дәлізінде Ы.Алтынсарин бұрышы және кітап көрмесі 
ұйымдастырылды. Балабақша педагогтеріне Алтынсариннің өмір жолы жайлы 
баяндама оқылып, дөңгелек үстел өткізілді. Одан кейін ата-аналарға зум 
платформасында «Ұлттың ұлы ұстазы» тақырыбында презентация 
жасалынды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет