Сборник республиканских Педагогических чтений для педагогов в сфере дошкольного образования


«Балаларды ерте дамыту институты» РММ 2021ж



Pdf көрінісі
бет2/50
Дата06.12.2022
өлшемі3,05 Mb.
#161640
түріСборник
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50
Байланысты:
Sbornik 241221
саусақ жаттығулары, Қимылды ойындар 1 кіші топ
 
«Балаларды ерте дамыту институты» РММ 2021ж. 
 
 



КІРІСПЕ 
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Балаларды 
ерте дамыту институты» ұлы ағартушы-педагог, ұлт ұстазы, балалар 
әдебиетінің атасы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналған 
«Даланың алып қоңырауы» тақырыбындағы Республикалық Педагогикалық 
оқуларын өткізді. 
Педагогикалық оқулардың мақсаты
 
жұмыс тәжірибесінде
 
үздік 
педагогикалық идеяларды қолданатын, балалармен жұмыста шығармашылық 
танытатын креативті және дарынды педагогтерді анықтау. 
Міндеттері: 
- Ы. Алтынсариннің педагогикалық мұраларын зерделеу және 
насихаттау;
- педагогтердің шығармашылық қабілеттерін іске асыруға жағдай жасау; 
- мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің кәсіби қарым-қатынасы мен 
шығармашылық өзара ынтымақтастық саласын кеңейту болып табылады. 
Педагогикалық оқулар: 
1.
Мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі Ы. Алтынсариннің 
педагогикалық идеялары. 
2.
Мектепке дейінгі білім беруді жаңғырту: тәжірибесі және болашағы. 
3.
Мектепке дейінгі білім берудегі инновациялық әдістер мен тәсілдер 
бағыттарында өтті. 
Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды трансформациялау үшін 
қажетті өзгерістер бағытын айқындайтын
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 
2021 жылғы 15 наурыздағы № 137 қаулысымен бекітілген 
Мектепке дейінгі 
тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделінде педагогтер белсенді зерттеуші және 
балалармен жұмыс істеудің жаңа нысандарын жасаушы, жаңашыл және 
жауапты болуы тиіс деп атап көрсетілген. Педагогтің рөлі мектепке дейінгі 
жастағы балаларға денсаулық, қарым-қатынас, математика негіздері және 
білім берудің басқа да салалары бойынша білімді бойларына дарыту болып 
табылады.
Заманауи әлемдік үрдістер педагогтердің әр баланың толыққанды дамуы 
үшін жағдай жасауға баса назар аударатынын көрсетеді. Мектепке дейінгі 
тәрбие мен оқыту дені сау, дербес, 
білуге 
құмар, 
көпшіл, 
сын 
тұрғысынан ойлайтын балалардың толыққанды дамуы үшін жағдай жасауға 
бағытталуы қажет. Сонымен қатар мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды 
дамытудың басым бағыттарында
педагогтердің тәжірибе алмасуы, кәсіби 
өсуінің үздіксіздігін қамтамасыз ету, өзін танытуға мүмкіндік жасау 
қарастырылады. 
Осыған орай жинақққа Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына 
арналған «Даланың алып қоңырауы» тақырыбындағы Республикалық 
Педагогикалық оқуларына қатысушылардың баяндамалары енгізілді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет