Сборник республиканских Педагогических чтений для педагогов в сфере дошкольного образования



Pdf көрінісі
бет13/50
Дата06.12.2022
өлшемі3,05 Mb.
#161640
түріСборник
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   50
Байланысты:
Sbornik 241221

Әдебиеттер
1. https://surak.baribar.kz/297806/ 
2. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы - 
Астана 2020. 
3. «Stud.kz» интернет желісі «Алтынсариннің педагогикалық 
идеялары»
4. Қазақ әдебиеті. С.Мақпырұлы, Т.Сыдықов, Қазақ әдебиеті 
5. Жанғали Сүйіншәлиев, Қазақ әдебиетінің тарихы 
6. Қазақ көркем сөзінің шеберлері
7. М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, 2010 
ДАЛАНЫҢ АЛЫП ҚОҢЫРАУЫ 
 
Жолдыбаева Гулшат Мировна
 «Алпамыс» бөбекжайы тәрбиешісі 
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы,
Форт-Шевченко қаласы 
Ұстаз болу – жүректің батырлығы, 
Ұстаз болу – сезімнің ақылдығы. 
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы, 
Ұстаз болу – адамның асылдығы. 
Елімізде ұстаз көп болуы мүмкін, бірақ ұлағатты ұстаз атына лайықты 
жандар көп емес. Соның ішінде тұңғыш ұстаз деген ұлы есімді иеленген 
ағартушы туралы мақтанышпен айтып өткім келеді. 


18 
Ұрпаққа ұран ұлы ұстаз! Тұңғыш мектеп ашқан ұстаз! Қараңғы қазақ 
баласын қайтсем білімді, көзін ашық қылам деп жарғақ басы жастыққа тимей, 
күні-түні еңбек еткен, қазақ зиялыларының көшбасшысы Ыбырай атамыз бен 
оның баға жетпес мұрасын сөз етпей кету мүмкін емес. 
Маған «ұстаз» сөзі мен Ыбырай Алтынсарин есімі қатар, егіз болып 
елестейді. Өйткені, Ыбырай Алтынсариннің мектеп ашқанын еңбектеген 
баладан, еңкейген қария да біледі емес пе? 
Ыбырай Алтынсарин – ұлы ағартушы, керемет ақын, талантты жазушы, 
ғалым. Ұстаздардың ұстазы атанған Ыбырайдың жүзден астам әлемге әйгілі 
туындылары, шығармалары еріксіз өзіне шақырады да тұрады. 
Бесіктен белі шықпай жатып, төрт жасында әкеден жетім қалған 
Ыбырайды елге беделді, аймағына аты шыққан атышулы Балғожа би өз 
тәрбиесіне алды. Ата тәрбиесін көрген Ыбырайдың Ыбырай болып 
қалыптасуына атасының да ықпалы бар шығар?! 
Балғожа атасы немересінің атақты кісілердің бірі болуын шын тіледі, 
қалады. Сұрағаны, тілегені орындалды. Ыбырай бүкіл қазаққа танымал болды. 
«Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді» демекші, Ыбырайдың
қаншама мағыналы әңгімелері мен шығармалары тасқа қашап жазған жазудай 
мәңгілікке мұра болып қалды. 
Мектеп табалдырығын алғаш аттаған баланың өзі де осы Ыбырай 
атасының «Кел, балалар, оқылық!» деген ұран болып кеткен әдемі сөзімен 
әліппесін ашып, мектеп табалдырығын аттайтыны айдан анық.
«Кел, балалар, оқылық!» деген өлеңінде ақын ұрпағын білім алуға, өнер 
үйренуге шақырып қана қоймай, білімді адамның сана-сезімінің жоғары 
болатынын, адам тек білім арқылы мақсатына, діттеген арман-ойларына қол 
жеткізетінін, заман көзі ашық, көкірегі ояу жандардікі екендігін шырылдап 
жүріп, маңдай терін төге жүріп, үлкен шеберлікпен жеткізген. 
Шынында да, дәл солай емес пе? Ұрпағың өссін, өнсін десеңіз, білім мен өнер 
үйрену керек емес пе? 
Өмірдегі түрлі жағдайдың ақ-қарасын ажыратып, тек қана білім мен 
өнер арқылы арманға жетуге болатынын, тәрбиелік мәні бар «Әке мен бала», 
«Өрмекші, қарлығаш, құмырсқа», «Атымтай Жомарт» атты әңгімелерін 
оқығаннан кейін түсінуге болады. Жұмыр басты пенде болған соң аз нәрсені 
қанағат тұтпай, қомсыну, көңіл бөлмеушілік, немқұрайлы қарау дегендер де 
кездеседі ғой. Осындай кедергі болар тұстарды тұспалдап, мысалдар арқылы 
беріп, кішкентай балаларды жастайынан жалқаулыққа қарсы тәрбиелей 
отырып, еңбексүйгіштікке, еңбек етуге жастай шынықтыруға бағыт беріп, 
бірлесе жүріп, еңбек етейік деген ой салады. 
Ауырдың астымен, жеңілдің үстімен, бүгінгі күнін ғана ойлауды әдетке 
айналдырған қазіргі кейбір жастарға өнеге көрсетіп, маңдай термен тапқан 
табысыңның қадірін түсіне білуді, сол маңдай термен келген табыстың 
тәттілігін өзгеше дәріптейді. 
Болашаққа нық сеніммен қараған Ыбырай атамыз өзі орындай алмаған 
істерді кейінгі жастар орындайды, үмітімді ақтайды, жолымды жалғастырады 
деп сенді. 


19 
Біз надан боп өсірдік, 
Иектегі сақалды, 
«Өнер – жігіт көркі», - деп 
Ескермедік мақалды.- 
Біз болмасақ, сіз барсыз, 
Үміт еткен достарым, 
Сіздерге бердім батамды..... – деп кейінгі жастарға зор үміт артты. 
Ыбырай – тұңғыш күміс қоңырау алып, қазақ баласына білім нәрін шаша 
білген аса көрнекті ұлы ұстаз. Халықтың мұң-мұқтажын, қараңғылықты түп 
тамырымен жоюды ғана ойлаған өз заманының жаршысы. 
Ыбырай атамыздың салып берген сара жолын жалғастырып, өз елінің 
жалауын желбіретуге барынша ат салысып жүрген жандар да баршылық. 
Олардың бәрі осы Ыбырай атамыздан үлгі алды, ағартушы атамыздың 
айтқысы келген ойларын ашық түсінді. 
Әрбір адам білім алу жолында барын салады, қала берді баланың ата-
анасы балам ел қатарлы көзі ашық оқыған азамат немесе азаматша болсын деп 
оқытады, тоқытады, өнер үйретеді. Ал сол білім алу үшін алдымен балаға 
тәрбие бірінші берілу керек емес пе? Әлде бірден білімді үйренген бала, 
өзінен-өзі тәрбиелі бола ма? 
Сонда білім берместен бұрын, алдымен тәрбиелеп алуымыз керек пе? 
Жоқ, білім мен тәрбие егіз. Бала білім ала отырып, тәрбиені де алады. 
«Тәрбие – тал бесіктен» демекші, бала алғаш тәрбиені ұстаздан да, ортасынан 
да, достарынан да алмайды. Көз ашқаннан қасында жүрген әке-шешеден алады 
емес пе? 
Әке-шеше – баланың айнасы. Кішкене бала әке-шешесі қалай сөйлейді, 
не қылық жасайды, бәрін қайталап, өзіне қайтарады. Бала дегеніміз – ата-
ананың қайталамасы, көшірмесі. Сондықтан ата-ана өз іс әрекетіне селқос 
қарамай, «менің балам өсіп келе жатыр, үлгі көрсетері мен болмасам, кім бар?» 
деп өнегелі істердің басшысы бола білуі керек. 
Иә, дәл осыны кезінде Ыбырай атамыз айтып кетті. Жай ғана айтып 
кеткен жоқ, өзінің өмірден түйгендерін қағаз бетіне жазып кетті. Ағартушы 
ұстаздың жазғаны ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, оқылып жатыр, керегін алып 
жатыр. 
Кітап – қазына, байлық. Сол байлықты бағалай білетін жандарымыз 
көбейсін! Әрбір сөзі ақыл, нақыл, шынайылыққа, адамгершілікке шақыратын 
Ыбырай атамыздың әр сөзінен үлгі алып, әр сөзін құнды деп білген 
жастарымыздың ертеңі жап-жарық. Табысы да мол, жеңісі де, жемісі де мол 
дер едім..
Ы. Алтынсариннің туындылары қаншама жанның жадында жаттаулы. 
Ұлы ұстаз туындыларын тасқа жазылған таңбадай қылып тастап кетті емес пе? 
Қазіргі жандармен салыстырар болсам, Ыбырай атамыз асықтың 
ішіндегі сақасы, қорғасын құйса да қарлықпаған қазақтың қара домбырасы дер 
едім. 
Иә, жүрегі ұрпағым, елім деп соғып тұрған Ыбырай атамыз туралы не 
айтса да жарасады, қандай теңеу тақсақ та да артық етпейді. 


20 
«Оқы, оқы!» деп ұрандаудан шаршамаған, шыңыраудың түбіндегі шын 
асылдың сөзінен қуат алар, өміріне керек тәлім-тәрбие алар жастарымыз 
көбейсін! 
Дала қоңырауының үні мәңгілікке соғыла берсін! Сыры мен сыны бөлек 
Ыбырайдай атамыздың ізбасарларының жүрегі тек білім мен өнер деп соға 
берсін! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет