48
ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИННІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАРЫ
Кушербаева Гулмира Аленовна
«№161 бөбекжай-
балабақшасының» әдіскері
Алматы қаласы
Еліміздің Тәуелсіздігіне 30 жыл толу қарсаңында көрнекті ағартушы-
педагог кемел тұлға Ыбырай Алтынсарин туралы айтпай кету мүмкін емес. Ы.
Алтынсарин шығармаларын оқи отырып тәрбиелік мәнінің зор екенін
байқауға болады. Сол шығармаларының бірнешеуіне тоқталып өтсем деймін:
Мен «Ыбырай Алтынсарин шығармаларындағы рухани-адамгершілік
құндылықтарды» айтар болсам, ұлы адамдардан қалған сөздер ешқашан
өлмейді, ескірмейді, өміршең тақырыптар болған соң аталарымыздан қалған
сөз маржандарын оқып білуді өзіме міндет санаймын.
Рухани адамгершілік құндылықтар дегеніміз не? Қазақ халқының
ежелден келе жатқан рухани қазынасының бірі. Ы.Алтынсарин
шығармаларындағы рухани адамгершілік тақырыптары балабақшада көбінесе
өзін-өзі тану ұйымдастырылған оқу қызметінде адамгершілік құндылықтарды
баулуда қолданылады. Ы.Алтынсариннің шығармаларындағы «Әдеп»,
«Жамандық пен жақсылық», «Салақтық», «Өтіріктің залалы» және т. б.
Осыдан бір жарым ғасыр бұрын халыққа қызмет еткен Ыбырай
шығармаларындағы көрініс тапқан, педагогикалық көзқарасындағы ұсынған
балаға еркіндік беру, жүрек жылуын беруі педагог пен бала арасындағы
ынтымақтастық бала бойынан жақсы қасиеттерді табу тәрізді ұстанымдар
мектепке дейінгі білім беру жүйесімен сабақтасып жатқандай. Бүгінгі күні
маңызды мәселеге айналып отырған отансүйгіштікке, халық дәстүрін
қастерлеуге, еңбекке, адамгершілік пен салауатты өмір салтына тәрбиелеуге,
халық педагогикасы саласында тәлімгерлік оқу қызметтерін, шеберлік
сыныптар ұйымдастыруда өз тәжірибемде әдептілікке, кішіпейілділікке,
тапқырлық, батырлық, ойшылдық сияқты халқымыздың асыл қасиеттерін
бойына сіңіре отырып, өз ұлтын, ана тілін құрметтейтін тұлға тәрбиелеу, осы
идеясын жүзеге асырудың бірден – бір жолы мектепке дейінгі ұйымнан бастау
алады.
Ақын, жазушы Ыбырай Алтынсарин өзінің шығармаларында өзінің
көзқарасын айтып, құнды талдаулар беріп отырған. Менің ойымша осы
шығармалардағы адамгершілік құндылықтар әр адамның бойынан табылса, ол
адам өмірде өнегелі болады деп ойлаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: