Сборник республиканских Педагогических чтений для педагогов в сфере дошкольного образования



Pdf көрінісі
бет34/50
Дата06.12.2022
өлшемі3,05 Mb.
#161640
түріСборник
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   50
Байланысты:
Sbornik 241221

Қорытынды:
Ы.Алтынсарин әңгімелерін графикалық органайзерлер 
әдісімен түсіндіру өте ыңғайлы және тиімді, балалар үшін де мазмұны 
түсінікті болады. Графикалық органайзерлер көркем шығарманы ықшамдап 
түсіндіру үшін өте тиімді әдістердің бірі. Ы.Алтынсариннің тәрбиелік мәні 
зор әңгімелері мен ертегілерінің балалар үшін маңызы зор. 
 

Әдебиеттер: 
1. «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті 
білім беру стандарттарын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2018 ж. 31 қазандағы
№ 604 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР Білім және 
ғылым министрінің 2020 ж. 5 мамырдағы № 182 бұйрығы. 
2. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (ҚР 
Білім және ғылым министрінің 2020 ж. 24 қыркүйектегі №412 бұйрығы); 
3. Жарықбаев Қ. Қазақ ағартушылары жастарды тәрбиелеу туралы. А, 
1965. 
4. Ы.Алтынсарин тағылымы. Алматы 1991 ж. 
 
 


62 
Ы.АЛТЫНСАРИН ЕҢБЕКТЕРІН МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ 
БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР 
АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ 
 
Шакеева Жанар Узакбергеновна
№32 Қызғалдақ санаториялық
бөбекжай-бақшасының меңгерушісі 
Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы
 
Жастарға бала кезінен дұрыс тәрбие беріліп, оқығанда ғана адам деген 
ардақты есімді ақтай алады 
Ы.Алтынсарин
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге,
Ықыласпен тоқылық!
Ы.Алтынсарин 
Осы өлең жолдарын қазақ даласында білмейтін адам кемде-кем шығар, 
сірә! Қоңырау үнімен мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіннің алғашқы 
тақпағы болып оқулыққа енген осы өлең жолдары жүз жылдан аса уақыт 
әрбір қазақтың жүрегінде сақталып келеді.Ұлы дала балаларына қозғаушы 
күш ретінде оқуға үндеген, жаңашылдық пен ізденімпаздыққа бағыттаған 
педагог кім еді? 
XIX ғасырдың екінші жартысында өз еңбектері мен шығармалары 
арқылы білім мен өнерге, еңбек пен адамдыққа тәрбиелеуде қазақ даласында 
ұлт педагогикасына ағартушылықпен ерекше үлес қосып, Отанын шексіз сүю 
мен оған қалтқысыз қызмет етудің үлгісі болған асқаралы тұлға – Ыбырай 
Алтынсарин. Ағартушының өнегелі өмірі мен өресі биік талантымен өрілген 
шығармалары мен ұлы классиктер еңбектерінен аудармалары тарихта алтын 
әріппен жазылса да, күн өткен сайын өз өзектілігін жоғалтқан емес. Себебі, 
Ыбырай Алтынсарин қай салада болмасын ұлы адамзатпен бірге жасайтын 
мәңгі өшпес, ескірмес идеяларды көтерді, шығармаларына арқау етті, тер 
төкті. Еңбекқорлылығы, ізденімпаздығы, халқына деген шексіз сүйіспеншілігі 
оған әр уақытта демеу болып, осы қасиеттері арқылы ол қажымай талмай өзі 
ашқан мектептеріне оқу бағдарламаларын құрастырып, соларды балалардың 
санасына құйып, тәрбиелеудің әртүрлі жолдарын іздеуден жалықпады. Бұл 
ізденістері оның еңбектерінде айқын көрініс берді, тарих беттерінде Ыбырай 
атамыз «Ұлы дала қоңырауы» атанды.
Қазақ елі Ыбырай Алтынсаринді қазақ 
педагогикасының негізін салушы, прозаик және ақын деп қана білмей, қазақ 
балалар әдебиетінің атасы, негізін қалаушы деп те таниды.
Ыбырай балалар әдебиетіне тән көп шығармаларды жазуда алдына зор 
мақсаттар қояды. Балалар әдебиеті тақырыбына жазылған «Кел балалар, 
оқылық!» «Өнер, білім бар жұрттар», «Әке мен бала», «Бақша ағаштары», 
«Жаман жолдас», «Мейірімді бала», «Ананың сүюі», «Талаптың пайдасы» 
шығармаларының маңызы зор. Сонымен қатар И.Крыловтың «Қарға мен 


63 
түлкі», «Егіннің бастары», Л.Толстойдың «Полкан деген ит», И.И 
Дмитриевтің «Екі шыбын», Паульсонның «Талаптың пайдасы» «Үш ұры», 
«Алтын шеттеуік» сияқты көптеген шығармаларды аударды.
Орыс классиктерінің бала тәрбиесінде қорқақтық, өзімшіл, тәкаппар 
болу мен өтірік айтудан жиренетін, сүйіспеншілік пен қайырымдылықты 
насихаттайтын балалар тақырыбына шығармаларын іріктеп, кітап жазды.
Ыбырай Алтынсарин балаларға арналған шығармаларында қандай 
тақырыпта жазса да, алдымен нені мысал етіп көрсетуге болар еді деген 
мәселеге тоқтайды, балаға қызықты материал іздейді. Жазған шығармасын 
өмірде кездесетін баланың өзі назар аударатындай заттармен, іс-әрекеттермен 
байланыстырып отырады. 
Бұл шығармалардың барлығы да әрі қысқа, әрі мазмұнды, әрі көркем
қазақ баласының табиғатына, жас ерекшелігі мен білім көлеміне сай, түсінуге 
жеңіл, тәрбиелік жағынан шебер құрылған шығармалар. 
«Мен қазақ балаларын ұқыптылыққа, тазалыққа, отырықшыл 
тұрмыстың артықшылығына үйретудің өзі қазақ даласына тәрбиелік мәні бар 
жұмыс деп білемін» - дейді ұлы педагог. Алтынсариннің барлық өлеңдері мен 
әңгімелерінің мазмұнында да өзі айтқан негізгі идея баяндалып отырады.
Ы.Алтынсарин еңбектерін, соның ішінде балалар әдебиетіне қосқан 
үлесі туралы С.Асфендияров, М.Әуезов, Сыдықов Ә, Эфиров А, Ф. Сәтбаева 
Ш, Қ.Жұмалиев, Мазохин А, Соколов Ф. және т.б көптеген ғалымдар мен 
жазушылар естеліктер мен ғылыми еңбектер мен зерттеулер жазды. 
Кемел келешегіміздің тұтқасы – жас ұрпақты қоғам талабына сай ерте 
жастан тәрбиелеу мен оқыту қай қоғамда да, қай ұлтта да педагог-
ғалымдардың ерекше назар аударған өзекті тақырыбы болып табылады. 
Ыбырай Алтынсарин ұлы педагог ретінде ерте жастан балаларды жан-жақты, 
заманауи, мәдениетті, ұқыпты, үлгілі болуға бағыттайды, «Қазақ 
хрестоматиясы» (1879ж) кітабын шығарып, мектеп ашады.
Педагогикалық принциптерін айқындайды. «Мен жақсы оқытушыны 
дүниедегі заттың бәрінен артық көремін» - деп өзі айтқандай, оның 
мұғалімдерге арнап жазған хаттары ұстаз қауымының тілектері мен 
мұқтаждығына ерекше қамқорлық жасап, көңіл қоятындығын көрсетеді. 
Қазақстан Республикасының «Педагог мәртебесі туралы» Заңында көтерген 
кейбір мәселелерінің үндестігін анық байқауға болады. ХIХ-шы ғасырдың 
аяғында Ыбырай Алтынсариннің өзінің педагогикалық қызметінде ұстанған 
негізгі принциптері ХХI-ші ғасырға аяқ басқан, еліміздің заманауи 
педагогикасында да өз өзектілігін жоғалтқан жоқ. Керісінше, олар уақыт өткен 
сайын жаңа серпінге ие болып, дами түсуде. Бүгінгі күні мектеп жасына 
дейінгі балаларды оңай әрі дамыта оқыту, тәрбиелеу принципі де 
Ы.Алтынсарин педагогикасынан бастау алатындығының дәлелі. 
Егемен еліміздегі мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының басты 
міндеттерінің бірі – инновациялық әдіс-тәсілдер арқылы жан-жақты, 
коммуникативтік-тілдік дағдысы дамыған, сыни ойлай алатын, командалық 
әрекетке бейім, білімді де зияткер тұлға қалыптастыру. Осы орайда жаңа заман 
баласының тұлғалық қалыптасуы мен олардың шығармашыл, белсенді де 


64 
еркін дамуына заманауи әдіс-тәсілдерді қолдану мектепке дейінгі тәрбиелеу 
мен білім беру сапасын арттырады. Ақпараттық -коммуникативтік 
технология, түрлі платформаларды пайдалану мен интерактивті тақта 
мүмкіндіктері, флипчарт әдісі, ТРИЗ технологиясы арқылы баяндау, АРТ 
терапиясының маңызы зор. 
Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес 
ортаңғы, ересек және мектепалды топтарында көркем әдебиет, сөйлеуді 
дамыту ұйымдастырылған оқу қызметтерінің жылдық жоспарына Ыбырай 
Алтынсариннің балалар әдебиетінің үздік шығармалары: мектепалды 
топтарда «Кел балалар, оқылық!», «Қарға мен түлкі», «Ананың сүюі», 
ересектер тобында «Жаман жолдас»,«Әке мен бала», «Қарға мен түлкі», 
ортаңғы топтарда «Әке мен бала», «Өрмекші, құмырсқа және қарлығаш» 
әңгімелері Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы 
негізінде жылдық жоспарына енгізілген. Бұл шығармаларының қай-
қайсысында болмасын Ыбырай Алтынсарин мектеп жасына дейінгі балаларды 
өнер-білімге, еңбекке, биік талғам мен еңбекке үндеумен қатар, ұлттық 
болмысымызды бейнелейтін құндылықтарымызға дәріптейді. 
Балабақшаның мектепалды топтары мен ересектер тобында 
жоспарланған «Кел, балалар, оқылық» және «Ананың сүюі» өлеңдерін 
оқытуда кіріктірілген ұйымдастырылған оқу қызметтерінде өз тәжірибемізде 
қолдану барысында балалар ақпараттық-коммуникативтік технология арқылы 
оқыту барысында жеке және топтық тапсырмаларды педагог жетекшілігімен 
ойын арқылы орындай отырып, нәтижесінде флипчарт әдісінің анимациялық 
тәсілі арқылы мультфильм құрастырып, визуалды-бейнелеу дағдысы 
қалыптасты. 
Ал, «Жаман жолдас», «Әке мен бала» әңгімелерін ересектер тобында 
құрылымдалған ойын арқылы сахналау нәтижесінде балалар магнитті тақта 
арқылы шығарма кейіпкерлерін ретімен қоя отырып, бірізділікпен баяндай 
алды. Ортаңғы топтарда жоспарланған «Өрмекші қарлығаш және құмырсқа» 
әңгімесін балалар кіріктірілген зерттеу-эксперименттік әдіс және бейнелеудің 
дәстүрлі емес Эбру әдісі арқылы бейнеледі. Ыбырай атамыздың әңгімесін 
балалар түсініп, алғашқы зерттеуге қызығушылық танытты. Балалардың 
шығармашылық қиялы мен сахналық алғашқы қадамдарын қалыптастыру 
мақсатында ұйымдастырылған театр үйірмесінде «Қарға мен түлкі» 
аудармасын сахналай отырып, командалық жұмысқа бейімделді. 
Қорыта келгенде, қазақ халқының келешегіне жарық нұрын себелеген 
ұлы тұлға Ыбырай Алтынсарин өз идеялары мен педагогикалық 
ұстанымдарын өз дәуірінде жүзеге асыруда түрлі тосқауылдарға кездессе де, 
табандылықпен мақсатын жүзеге асыра білді. Ыбырай Алтынсариннің
арманы – білімді ұлт қалыптастыра отырып, болашаққа сеніммен қарау. 
Білім адамды рухани байытып, жанын жадыратады, жақсылыққа 
жетелейді, көңілін көтереді, рухын нығайтып, жігерін күшейтеді. «Білімді ұлт 
– сапалы білім беру» (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 ж 12 қазан 
№726 қаулысы) ұлттық жобасы негізі – Ы.Алтынсарин педагогикалық 
идеяларының бастауы деп білемін. 


65 
Ыбырай Алтынсарин шығармаларын жас ұрпақты түрлі әдіс-
тәсілдермен тәрбиелеу өзектілігі, оның мұраларын дәріптеу – бүгінгі ұрпақ, 
педагогтер, біздің еншімізде. «Біз болмасақ – Сіз барсыз, Үміт еткен, 
достарым!,- деп аманаттаған ұлы мұраны ұлықтауға шақырамын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет