23
Иісін жұпар аңқытқан, демекші, осы
өлең арқылы баланы анасын сыйлауға,
қадірін білуге, тілін алуға тәрбиелеуге
болады.
Ыбырайдың көптеген өлеңдері бала
тәрбиесіне бағытталған. Көп өлеңдерінің
бірі – бала бойында әдемілікке деген
сүйіспеншілікті оятып, табиғатты аялауға
шақырады.
Тасыса су бармаған сай қалмайды,
Тасыған өзен судың қуатымен
Көк шығып шөп бітпеген жай
қалмайды, - дегендей, «
Өзен
» өлеңін
балаларға оқи отырып, өзеннің суретін
салдырып, өзенді теледидардан немесе
ғаламтор желісінен қарап, аққан ағысын
естуді
тапсыру
арқылы
баланы
ізденімпаздыққа, жанының эстетикалық
тәрбиемен ұштасуын қалыптастыра аламыз.
Қорытындылай келе, педагогтер үшін басты мәселе, басты жеңіс –
алдымызға келген әр баланың болашағының жарқын болуы! Өйткені еліміздің
ертеңі өсіп келе жатқан бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Жемісті қалай егіп,
қалай баптасаң, солай жеміс беретіні тәрізді. Білім мен тәрбие әуел бастан
қатар жүрсе, баланың болашағы ашық болары анық. «Қисық ағашты жөндей
алмайсың» дегендей, баланы да өсіп кеткен соң қыңыр мінезін түзете
алмайсың. Сондықтан да ұлы ұстаздың шығармасы арқылы ұрпағымызды
көркем мінезділікке тәрбиелейік! «Ортаңа біліміңмен емес, мінезіңмен
сиясың» дегендей алдымен кез-келген тұлғада көркем мінез болуы керек. Осы
тұрғыда Ы. Алтынсариннің жоғарыда аталған педагогикалық шығармалары
баланың жеке тұлғасының дұрыс қалыптасуына зор әсерін тигізеді. Ендеше,
Ыбырайдың педагогикалық идеялары бала әлемінде шамшырақ болса,
білімнің алғашқы баспалдағы – мектепке дейінгі ұйымда оқыту мен тәрбие
құралы болмақ. Сол себепті өшпес даналардың мұрасын шебер және ұтымды
пайдалана білу – бүгінгі таңда әр педагогтің асыл мұраты.
Әдебиеттер:
1.
«Қазақ хрестоматиясы», 2-басылымы, Алматы «Білім» 2007 8б.,22б.,
2.
Ыбырай Алтынсарин, Өлеңдер жинағы, аудиокітабы //kitap.kz/audio-
book/bota-olender12
Достарыңызбен бөлісу: