Сборник статей 20 лет независимости Республики Казахстан в свете формирования гражданского общества



бет50/120
Дата04.10.2022
өлшемі1,3 Mb.
#151565
түріСборник статей
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   120
Байланысты:
Конф

Keynotes: leasing, taxation, small business

1994 жыл елімізде лизинг инфракұрылымының кең басталуының басы болды. Мемлекетте лизингтік компаниялар қарқынды түрде құрыла бастады. Бұл үкімет тарапынан ҚР лизинг саясатының дамуына қолайлы жағдайлар туғызды. Лизинг қатынастарының субъектілеріне жеңілдіктерге байланысты құқықтық нормативті актілер қабылданды. Осындай құжаттың біреуі отандық рынокта экономикалық ортада лизингтің кең дамуына 1994 ж. желтоқсанда «шетел инвестициялар туралы» қабылданған ҚР заңы.


ҚР 5 шілде 2000 ж. «қаржы лизингі туралы» заңы қабылданды. Лизинг бepушi - тартылған ақша және (немесе) өз ақшасы есебiнен лизинг нысанасын меншiгiне сатып алатын және оны лизинг алушыға лизинг шартының талаптарымен беретiн лизинг мәмiлесiне қатысушы. Бiр лизинг мәмiлесiнiң шеңберiнде, лизинг берушi бiр мезгiлде оның басқа қатысушысы ретiнде iс-қимыл жасауға құқылы емес. Сатушы - лизинг берушi лизинг нысанасын сатып алу - сату шарты немесе лизинг шарты негiзiнде лизинг нысанасын алатын лизинг мәмiлесiне қатысушы. Сатушы бiр мезгiлде лизинг нысанасының лизинг алушысы (қайтарымды лизинг) ретiнде iс-қимыл жасай алады. Лизинг мәмiлесiне қатысушылар - жеке кәсiпкерлер болып табылатын жеке тұлғалар мен лизинг берушi және лизинг алушы ретiнде iс-әрекет жасайтын заңды тұлғалар, сондай-ақ лизинг нысанасын сатушы ретiнде iс-қимыл жасайтын жеке және заңды тұлғалар. [1,1] Осы нормативті құқықтық актіге 10 наурыз 2004 ж. толықтырулар мен өзгертулер енгізілді.
Қазіргі таңда Қазақстан отандық лизинг пен шағын кәсіпкерлікті мемлекет тарапынан дамытуға байланысты кедергір бар. Мысалы Қазақстан салық кодексінде лизингке тапсырылған мүлікт өтіліміне жеңілдіктер қарастырылмаған, бұл яғни лизингтің экономикалық әсерін басқа несиелендіруге қарағанда төмендетеді. Лизинг қызметі саласында мүлік өтіліміне жоғарлату лизинг нарығының дамуында негізгі сұрақ болдады. Мысал ретінде 50 жылдары лизингті жоғары табысты қаражат механизмі ретінде қарастырған Европа мен АҚШ елдері болады. Қазақстан лизинг саясатының дамуы Ресей лизингінің дамуына ұқсас болып келеді. Екі елде де лизингтік компаниялар жобаны қаржыландыра алатын банктерде пайда болды. Лизингтік компаниялардың дамуы барысында клиенттер ретінде банк корпотивті клиенттері болды. Қазірде Қазақстанда 21 және 1 мемлекеттік лизинг компаниясы жұмыс атқаруда. Сонымен қатар: "Альянс лизинг", "АТФ лизинг", "БТА лизинг", "Темир лизинг", "Халык лизинг", "Центр лизинг" және тб. Негізгі лизинг тұтынушылар ретінде отын-энергетикалық сала, металлургия, транспорт, сауда, ауыл шаруашылығы. Қазақстан лизинг кәсіпорындарының қызығушылық ресейлік жабдықтарды сублизнг схемасына байланысты жеткізу болып табылады. Бұл жағдайда соңғы пайдаланушы сублизинг шарты бойынша жалға беретін қазақстан лизинг компаниясы лизинг алушы болып есептеледі. Бұндай схема ресейлік кәсіпорындарына қолайлы.
Құқық бойынша лизинг өндірістік өнеркәсіптерді орта мерзімді және ұзақ мерзімді қаржыландырудың ең нәтижелі үлгілерінің бірі болып есептеледі. Ол әрекетті ұйымдарға сияқты құрылып жатқан компанияларға да қол жетімді. Мұндай қаржы салымының құралы әлемдік тәжірибеде кең қолданыста.
Лизинг нарығын сипаттай келе статистикаға байланысты ауыл шаруашылық техникасы саласы дамыған. Яғни мемлекет корпорацияларының ауыл шаруашылық өнеркәсіпті несиелендіруге байланысты. Ал жеке лизингтік кәсіпорындардың клиенттері ретәінде Лизинг схемасына байланысты азық түлік кәсіпорында және өндіріс өнеркәсібінде құралдар-жабдықтар мен транспорт алатын шағын және орта бизнес. Орташа кредит 100 мың АҚШ доллары. [2,1]
Лизинг кескінінің артықшылықтары мен кемшіліктері қандай? лизингтік кескіннің негізгі артықшылықтары екі топқа бөлуге болатын салықтық жеңілдіктерде. Біріншісі – қаржылық лизинг шартына қойылған заңнамалық талаптар орындалған жағдайда, есептелген сыйақы сомасы үшін КТС мен ҚҚС төлеуден босау; және екіншісі – лизинг компаниясы ҚР территориясында лизингке беру мақсатымен импорттап жүрген барлық тауарларға ҚҚС есепке алу әдісімен төлеу.
Сонымен қатар, лизингтік кескіннің тағы бір айрықша жетістігі, бұл – кепіл беру туралы талаптың болмауы, себебі лизинг компаниясының лизинг затына деген меншік құқығы және лизинг алушының өзінің қаражатын алғашқы жарна ретінде салуы мәміле бойынша қамсыздандыру болып табылады. Оның үстіне лизинг бойынша сыйақы төлеуге кететін шығындар толығымен шығындарға жатқызылады, сөйтіп, КТС есебі үшін салық салынатын базаны кішірейту мүмкіндігін береді (сондай–ақ, банктік заемдар бойынша пайыздар жағдайында)». [3, 32-34]
Лизингтің ең басты және бір ғана кемшілігі заңнамалық талаптарды орындаудың қажеттілігінде болып табылады, қаржылық лизинг шартын 3 жылдан бұрын бұзған жағдайда, оның ішінде лизинг алушы дефолтқа ұшыраған жағдайда, бұл көптеген қосымша шығындардың көзі болып отыр (лизинг бойынша есептелген сыйақыға ҚҚС (қосылған құн салығының) пен КТС (корпоративті табыс салығы) төлеу). Яғни, лизинг алушыдан дефолт шарты бойынша алынған лизинг затын екінші рет лизингтеуді тәжірибе жүзінде жүзеге асыру өте қиын, себебі көптеген заңнамалық шектеулер көп.
Қазақстандағы лизингтік сектордың дамуы бүгінгі күні әлеуетіне сәйкес келмейді. Соңғы уақытқа дейін оған қаржылық ресурстарға деген шектеулі мүмкіндік, сонымен қоса лизингтің тетігі арқылы шағын және орта бизнесті қаржыландырудағы заңнамалық кедергілер себеп болды. Сондықтан 2003 жылы қараша айында «Салық салу мәселелері бойынша ҚР кейбір заңды актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң қабылданды. Оның шеңберінде 2004 жылдың 1 қаңтарынан бастап лизингтік операцияларға салық салу тәртібі өзгертілді.
Лизинг инвестициялық қызметтің бір түрі болғандықтан, «Инвестициялар туралы» заң мен Салық кодексінің 138–140-баптарына сәйкес лизинг алушының корпоративті салығы және мүлікке салық бойынша нвестициялық салықтық преференциялар алу мүмкіндігі сақталады.[4, 184-185]
Осылайша, республикада 2004 жылдың қаңтарынан лизинг бойынша заңдылық нақты әрекет ете бастады. Қазіргі кезде лизингтің негізгі капиталға инвестицияның жалпы көлеміндегі үлесі 0,68 пайыз ғана болғандықтан, бұл заңдылықтың өзі Қазақстанға жаңа мүмкіндіктер ашады. Ресейде бұл көрсеткіш 4-5 пайыздан жоғары.[5, 35-42]
Егер республикада лизинг жалпы инвестициялар көлемінде 4 пайыз деңгейіне жетсе, лизингтік нарық көлемі 320 млн АҚШ долларын құрайды. Егер Еуропалық даму және қайта құру банкі болжамдарына жүгінсек, бұл көрсеткіш 10 пайыз құраса, лизинг саланы 1,4 млрд. АҚШ доллары көлемімен дамытады.
Менің көзқарасым бойынша елдегі лизинг дамуы үшін жағымды заңды базаны құру барлық өндіріс сектор дамуына серпін болады, ал қосымша жұмыс орындарын ашу мен бюджетке салықтың түсімдерінің жоғарылауы Қазақстан экономикасының шикізаттық экспортқа тәуелділігін төмендетуге жағдай жасайды. Сонымен қатар біздің өндірушілер мен жеке кәсіпкерлерге бұл қызметті дамытуы үшін қолайлы жағдайлар жасау қажет. Алдымен лизинг шарттарын ұзақ мерзімді (3 жылға) болуы керек. Себебі осындай шарттар инвестиция кұйылуын көздейді.Үкімет тарапынан лизинг берушіден 3 немесе оданда көп мерзімге жасалатын лизинг шарт табыс салығын 2 есе азайту қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   120




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет