Сборник статей 20 лет независимости Республики Казахстан в свете формирования гражданского общества



бет48/120
Дата04.10.2022
өлшемі1,3 Mb.
#151565
түріСборник статей
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   120
Байланысты:
Конф

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. – Алматы, 2011.

  2. Қазақтан Республикасының Қылмыстық кодексі. – Алматы, 2010.

  3. «Алаш айнасы» газеті // «Авторлық құқық және плагиаттар». 25.04.2009.

  4. Bnews.kz. «Жамбылдық қаржы полициясы авторлық құқықтарды бұзу фактілерін анықтады» 05.08.2009.

  5. www.tor.kz


Нсанбаева Н., Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық
университетінің 2 курс студенті
Ғылыми жетекшісі: Нұғыманов Е.Е., з.ғ.к., доцент


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

В данной статье обсуждается интеллектуальное право, а так же приведены примеры правонарушений. Эта тема является актуальной в данное время. В статье приведены четкие примеры, которые несут отрицательные или положительные характеры. Обращено внимание на законодательные акты, которые регулируют эти отношения. Так же привлекают внимание пробелы и недостатки в некоторых нормативно-правовых актах. В конце статьи можно прочитать заключение и предложения, которые могли бы предотвратить данные правонарушения.

Ключевые слова: интеллектуальное право, пробелы, правонарушения

In given article is discussed using the copyright also cite an instance of offence. Also is paid attention to disadvantages and gaps in the our legislation. Both positive and negative examples occurring in practice. In the end of article are given examples, which might prevent these offences.

Keynotes: copyrights, offences, disadvantages

Интеллектуалдық меншік құқығы азаматтық құқықтың халықаралық деңгейіндегі ең жоғары дамып отырған салаларының бірі. Теориялық жағынан интеллектуалдық меншікті қоғау қатынастары бойынша халықаралық келісім-шартқа отыру – ерікті іс, шартқа отырмаған елдер Бүкіләлемдік сауда ұйымының мүшесі бола алмайды, оларға ұлы сауда державалар мәжбүрлеп енгізу әрекеттерін жүргізе отырып қысым жасай алмайды.


«Интеллектуалдық меншік» түсінігі кейбір құқықтық институттарға қатысты, соның ішінде аса маңызды коммерциялық құпия, патенттік құқық, авторлық құқық және тауарлық белгілер сияқты құқықтық институттарға қатысты жалпы сипатқа ие. Коммерциялық құпия және патенттік құқық туралы заңнамалар жаңа зертеу мен идеяларға жол ашады. Авторлық құқық жаңадан әдеби, көркем және музыкалық шығармалар, сонымен қатар компьютерлерді программалық қамсыздандыруға жағдай жасайды. Товарлық белгілер туралы заңнамалар өнім мен өндірушінің байланысын құрайды.
Интеллектуалдық шығармаларға және оларға теңестірілген объектілірге қатысты ерекше құқықтарға арналған Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің нормалары өзінің жиынтығы бойынша қазақстандық азаматтық құқықтың ерекше саласын құрайды. Интеллектуалдық меншік объектілердің жиындық көлемі бойынша және қайнар көздерінің жүйесі бойынша қарастырып отырған азаматтық құқық саласы өзара тәуелсіз төрт институтқа бөлінеді. Өзара ұқсас ерекшеліқтеріне қарамастан, әрбір институттың құқықтық нормаларда көрініс тапқан өзіне тиесілі белгілері бар
Коммерциялық құпия өндірістік құпия нысанында ежелгі дәуірден бастап қалыптасты. Ежелгі шеберлер тастан қару жасаудың тәсілдерін құпия етіп ұстады. Бұл шеберлер құқықтық қорғауға дейінгі уақытта бұл құпияны білуден елеулі тиімділік алатынын білген.
Өндірістік құпияны басқа айналым қатысушыларынан сақтау шығармашылық нәтиженің қорғаудың ең басты және ежелгі нысандарының бірі болып табылады. Бірақ өндірістік меншік объектілермен байланысты құқықтық реттеу әрекеттері соңғы жүз жылдықта заңшығарушы бәсекені бұзуға қарсы күрес жүзгізуді бастағаннан кейін ғана пайда болды. Қазақстанда 70 жылға жуық әкімшіліқ-жоспарлы экономиканың әрекет етуіне байланысты құқықтық реттеудің мұнадй түрі болмаған. Өндірістік құпияны сақтау ең алғаш рет 04.06.1990 жылы «КСРО-ң кәсіпорындары туралы» КСРО заңының негізінде пайда болды. Аталған заңның 33-бабына сәйкес Коммерциялық құпия дегеніміз - өндіріспен, технологиялық ақпаратпен, басқарумен, зиян тигізуі мүмкін өнеркәсіптің қаржы және басқа мәліметтерді тарату әрекеттерімен байланысты мемлекеттік құпия болып табылмайтын құпияны айтамыз.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сәйкес коммерциялық құпия – бұл Үшiншi жаққа белгiсiз болуына байланысты ақпараттың нақты немесе потенциалды коммерциялық құны болып, онымен заңды негiзде еркiн танысуға болмайтын және ақпаратты иеленушi оның құпиялылығын сақтауға шара қолданатын ретте, қызметтiк немесе коммерциялық құпия болып табылатын ақпарат болып табылады.(АК-ң126б1т.)
Мұндай ақпаратты заңсыз әдiстермен алған адамдар сондай-ақ еңбек шартына қарамастан қызметшiлер немесе азаматтық-құқықтық шартқа қарамастан контрагенттер қызметтiк немесе коммерциялық құпияны жария етсе, келтiрiлген залалдың орнын толтыруға мiндеттi.
Интеллектуалдық меншікке тиесілі барлық белгілерге сәйкес оның объектісі бола отырып, коммерциялық құпияның өзіне қатысты ерекшеліктері бар.
Қазақстан Республикасының заңнамасы көптеген мемлекеттердің заңнамалары сияқты коммерциялық құпияға келесі үш талаптықояды. Біріншіден, ақпараттың үшінші тұлға білмейтін нақты немесе потенциалды құпиясы болуы керек.
Екіншіден, заңның негізінде коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратқа ешкімнің де қолы жетпеуі керек. Егер тиісті ақпаратқа заңның негізінде мүдделі адамның қолы жетсе, мысалы, ашық мәліметтерді зерттеу жолымен, шығарылатын өнімнің үлгісін анализдеу, баспалармен танысу және т.б. мұндай ақпарат коммерциялық құпия болып танылмайды.
Үшіншіден, ақпарат коммерциялық құпия болып саналуы үшін оның иесі құпияны қорғауға тиісті шараларын жүргізуі керек. Бұл техникалық шаралар, ұйымдық және заңдық сипатқа ие үшінші тұлғадан ақпаратты қорғайтын әр түрлі шаралар болуы мүмкін.
«Коммерциялық құпия» терминімен қатар заңдарда және тәжірибеде «өндірістің құпиялары», «ноу-хау», «сауда құпиялары», «конфиденциальды ақпарат» сияқты терминдер кең таралған. Аталған терминдерінің әрбіреуінің өзіне тән ерекшеліктеріне және белгілі бір жағдайда қолданатынына қарамастан, олардың барлығы бір атауға ие болып Азаматтық Кодексте «қызметтік және коммерциялық құпия» деп бекітілген. Коммерциялық құпияның арнайы бір белгісі ретінде оның қорғалуының мерзімі көрсетілмеген. Коммерциялық құпия иесінің ақпаратқа монополиенің сақталғанша қорғалады. Қорғаудың мұндай түрі кәсіпкерлік қызметпен айналысатын адамдарға патенттік қорғау қамтамасыз етпеген кезде өте қолайлы.
ҚР Азаматтық Кодексі ақпаратты заңсыз жолмен алудың қандай екенін нақты көрсетпейтіндіктен, аса қауіптілік туындамайды. Дүние жүзі бойынша мұндай тәсілдер болып шпионаж, коммерциялық құпияны білетін қызметкерден пара беріп сатып алу, ғимаратқа заңсыз кіру, байланыс құралдарын заңсыз тыңдау табылады. Жоғары аталған тәсілдерді қолданудың арқасында әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік туындайды.
Ноу-хау (ағылшынның know how – қалай екенін білу) – көпшілік әлі біле бермейтін және сауда-саттық тауары бола алатын немесе басқалардың алдында бәсекелі болу үшін пайдаланыла алатын ерекше технологиялар, білімдер, мен қабілеттер.
Әдетте ноу-хау деп басқалар үшін коммерциялық сыр болып табылатын коммерциялық құндылығы бар инновацияларды айтады. Жоғары технологиялы экономикада ноу-хау ірі компаниялардың активтерінің маңызды бөлігі болып табылады.
Халықаралық заңнамаларға сәйкес, мекемелер әлдебір өндіріс тәсілін немесе техникалық шешімді жекедара пайдалану үшін екі жолмен сақнана алады – патент немесе коммерциялық сыр арқылы.
Ноу-хау заңды түрде сипатталмағанымен коммерциялық сыр ұғымына кіреді. Патент пен коммерциялық сыр мақсаттары бір – иннофацияларды бәсекелестердің пайдалануына жол бермеу және жекедара пайдасын көру.
Интеллектуалдық меншіктің халықаралық құқықтық аспектісінің басқа да ерекшеліктері бар. Халықаралық қауымдастықта бірқатар мемлекеттер интеллектуалдық меншіктің экспортері болса, басқалары импортерлер болып табылады. Интеллектуалдық меншіктің елеулі мөлшері ірі көпұлттық корпорациялармен өндіріледі. Олар бүкіл әлемде өз құқықтарын қорғауда мүдделі. Мысалы, жақсы фильм Европада, Азияда және Солтүстік Америкада да бірдей үлкен табыспен сатылуы мүмкін. Кіші елдегі, мысалы Финляндияның жаңа ұялы телефонның өндірушісі өзінің құқықтарын АҚШ немесе Жапонияда тіркеуге мүдделі, себебі тауарды бұл елдерде сату үлкен табысты әкеледі.
Қазақстанда ғылым, әдебиет, өнермен байланысты интеллектуалдық меншік аз дамыған. Сондықтан да Қазақстанның интеллектуалдық меншіктің импортері деп айтудың уақыты әлі келген жоқ. Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа енуі және қатысушылармен тең жағдайда әрекет етуі тек интеллектуалдық меншіктің іс жүзінде қорғалуы негізінде жүзеге асырылуы мүмкін. Бірақ өкінішке орай бұл мәселені шешу үшін елімізде қажетті алғышарттар қалыптасқан жоқ. Саяси және экономикалық тұрақсыздық, заңсыздық, қылмыстың қоғам өмірінің барлық салаларына кірудің салдарынан, құқықтық мәдениет деңгейі мен азаматтардың салғырттығы және т.б. көптеген факторлар интеллектуалдық меншіктің дамуына қолайлы жағдай жасайды деп айтуға болмайды. Қорыта келгенде елімізде қарапайым тәртіп орнамайынша интеллектуалдық меншікті қорғау жайлы сөз қозғаудың ешқандай негізі жоқ.
Интеллектуалдық меншік құқықтарын қорғау жүйесі қазіргі кезде Ұлттық инфрақұрылымның құрамдас бөлігіне айналды. ХХІ ғасыр Интеллектуалдық экономиканың ғасыры деп жорамалдауға негіз бар, соның негізін шығармашылық әрекеттері және оның құқықтық қорғаудың тіректі жүйесі құрайды. Қазақстан Республикасы халықаралық мәдениет пен ғылыми-техникалық айналымға еніп, Дүниежүзілік Интеллектуалдық меншік ұйымына кіре отырып (ДИМҰ), әлемдік деңгейге сай қазақстандықтар мен шетелдік интеллектуалдық меншік иегерлерінің құқықтарының қорғалуын қамтамасыз етуі қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   120




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет